Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж


Ақын өлеңдерінде Исатай батыр бейнесінің жырлануы



бет27/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72
Ақын өлеңдерінде Исатай батыр бейнесінің жырлануы. 
Махамбет – қазақ әдебиетінде ең бірінші болып хан-сұлтандарға қарсы халық қарғысын батыл да ашық айтқан ақын. Оларды халыққа жармасқан албасты, аяусыз талап жатқан қасқыр, шағып жатқан қара-шұбар жылан, айыр құйрық шаян бейнесінде суреттеді. Хан-сұлтандар тобына қарсы күрескен халық ерлердің айбынды күшін суреттеуде де ақынның шеберлігі барыша айқын.
Ол Исатайдың ерлік тұлғасын бейнелеп, сол арқылы күреске аттанған барлық халықтың алып күшін көз алдыңа елестетеді. «Мінкен ер», «Тарланым», «Тайманның ұлы Исатай», «Біз неткен ер», «Ұл туса», «Туған ұлдан не пайда», «Исатай деген ағам бар», «Еңселігі екі елі», «Арғымақтың баласы», т.б. өлеңдерінде ақын халықтың ерлік тұлғасын толық таныта алады. Бұл аталған өлеңдер өзінің адамгершілік, ерлік идеяларымен де құнды.
4. Махамбеттің көтеріліске байланысты шығармалары.
Махамбет өзінің «Мұнар күн» атты өлеңінде жауменен арпалыста халық қолы жеңіліп, шегінген кезін, батыр Исатай қаза тауып, ел басшысынан айрылып, ардақты ұлдары қуғын көріп, көтерісшілер басына ең қиын күн туып тұрған дәуір шындығын бейнелеп береді.
«Күн болған» өлеңінде ел басына түскен ауыр қайғылы күн бейнесі дәл де шебер суреттеледі.
Ақын «Пыр-пырлай ұшқанқан қасқалдақ» немесе «Аспандағы боз торғай» деген өлеңдерінде ел қайғысын, оның арманын зарлана толғайды. Бірақ ер өлімі, ел өксігі ақынды жасытпайды. Ақын «Ұлы арман» деген өлеңінде көтеріліс туын қайта көтеріп, жауға қарсы күш көрсетер күнді аңсайды. Халықтың ар-намысын оятып, оларды түгел көтеріліске үндеп, жаудан кек алуды алға қояды. «Әрайна», «Мұңайма», «Нарын» деген өлеңдерінде де ақынның осы бір мақсаты айқын сезіледі.
Махамбет өлеңдері жігерлі де асқақ романтикаға толы. «Жалған дүние», «Қайда бар», «Қаршыға деген бір құс бар», «Тілек», «Жалғыздық», «Тар қамау», «Адыра қалған Нарында», «Шегініс» деген өлеңдерінде мұң-шерге көбірек беріледі. Бірақ бұл ақын шығармаларының реалистік негізгі сипатын әлсірете алмайды.
Қорлықта жүрген халқыма,
Бостандық алып берем деп.
Ауыр әскер қол ертіп,-
деген тәрізді жолдар арқылы өз мақсатын үнемі ескертіп отырады.
Ақынның ханға қарсы күресі – жеке бастың мақсаты емес, жетім жесірлермен жалпы қара халықтың мүддесі, оны хан сұлтан қорлығынан құтқару.
Халық күйзелісінің бір себебі – жер қысымы, елдің жайылымынан, қоныстан айырылу екенін сондықтан өздеріің басты бір мақсаты үстем тап тартып алған осы ел қонысын, жайылым жерін алып беру екенін ақын естен шығармайды. Сондықтан халық батырларының бар мақсатты – сол зұлым заңдардан ел жұртын қорғау, халықтың болашақ қамы үшін, әділет үшін күресу. Мысалы, ақынның «Айныман» деген өлеңінде бұл пікір батыр серті ретінде шыншыл бейнеленген.
Жер қысымына қоса, алым-салық заңдарының ел-жұртты қан қақсатып жатқаны, болашақ қамы («Жас баланың қамы») ақынды ат арқасына мінгізген еді. Махамбет көтерілістің осындй мақсактарын әрауқытта айтып жүрді. Бұл оның «Баймағамбет сұлтаға айтқан» толғауынанда айқын көрінеді.
Елдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім,
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім.
Ақынның Баймағамбетке айтқан әрбір сөзі ханға қарсы халық үкіміндей естіледі.
Ақынның «Ұлы арманы» - жығылған туды қайта көтеріп, аянбай күресіп, халық үшін қайрат көрсету:
Айналайын, Ақ Жайық
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз орда,
Еңкеймей кірер күн қайда?..
Күдеріден бау тағып,
Сауыт киер күн қйда?!…


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет