Біржан мен Сараның айтысы. Біржанның Сарамен айтысы оның ақындық құдіретін, шеберлігін танытқан айтысы болып саналады. ХІХ ғасырдағы ақындар айтысы ішінде бұл айтыстың ерекшелігі – идеялық мазмұнының тереңдігі, көркемдік, образдық сипаттарымен нағыз әдеби шығарма дәрежесін көтерілуінде.
Біржан мен Сараның айтысында адамгершілікті ардақ тұту, сұлулықты, махаббатты, өнер иесін қадірлеу сияқты мәселелер кеңінен көрініс табады. Бұл айтыстың тағы бір маңыздылығы - әлеуметтік теңсіздік мәселелерін көтерумен қатар, танымдық белгі, сипаттарының мол көтерілетіндігімен де ерекшеленеді. Мысалы, тарихи адамдар, қоныс-мекендер, әдет-жоралғылар т.б. Мысалы, айтыста Тәттімбет, Құнанбай, Абайлардың өмірі, қоғамдық қызметтері жөнінде ед айтылады.
Мысалы:
Орта жүз Абай қойды атын батпай,
Үйіне ояз кірмес жауап қатпай, - дейді
Сара да айтыс ақындарына тән дәстүрмен Найманнан шыққан Қаракерей Қабанбай, Ер Тәуке, Ақтайлақ би, Ақтамберді жырау сияқты белгілі адамдарды дәріптейді.
Жинақтай айтқанда бұл айтыстың басты ерекшелігі мынандай белгілерінен байқалады:
1) терең ой, толғанысқа құрылатындығы;
2) Шумақтарының, ұйқас, сөз қолданыстарының шебер жымдасуы;
3) Біржанның ақындық шешендік тұжырымды ойларын түйіндеп, үлгі-өнеге болар нақылға айналдыра білуінде;
4) Бір-бірінің жақсы қасиеттерін ардақтауы;
5) Сол кездегі қоғамдық қайшылыққа бірлесе үн қосуы.
5. Бақылау сұрақтары: Әншi ақындар шығармашылықтарының дамуы.