Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж


Қазақ мәдениетіндегі әдеби дәстүрлердің әдебиет тарихындағы алар орны



бет49/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72
Байланысты:
ХІХ ғас.лекц. 2

4. Қазақ мәдениетіндегі әдеби дәстүрлердің әдебиет тарихындағы алар орны
Ақанның өмiрi, шығармашылығы туралы деректер.
Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы (1843-1913) қазіргі Көкшетау облысы, Володар ауданы, Қоскөл деген жерде туған. Ақан аты қазақ даласына лирик ақын, сазгер ретінде кеңінен мәлім. Өршіл де ілгерішіл поэзияның көрнекті өкілі. Ол он үш жасқа келгенше Күнту деген молдадан мұсылманша хат таныған. Бірақ, дүмше молданың балдыр-батпағы сергек ойлы, ұғымтал баланың көңілін дауалатпайды. Ақыры Ақан ол оқуды тастап Қызылжарға барып, Уәли қазіреттің медресесінде оқиды. Ол осы медреседе шығыстың классик ақындары Хафиз, Сағди, Физули, Науаи шығармаларымен танысып, т.б. шығыс тіліндегі мұраларды оқып біледі. Олары ақын шығармаларында көрініс тауып отырады.
Ақан өз жалқының әдеби мұраларының нәрін, мән-мазмұнын терең тани білеген. Сонымен қатар орыс тілі мен мәдениетін де жақсы білгендігі байқалады.
Ақанға халық шығармашадығы, оның үлгілерінің әсері жоғары болғандығы анық. Ақындық жолы да дәстүрлі үлгіде қалыптасты. Өлеңдерін кезінде жазып та шығарған. Ол кедейлікті намыс көрмей, өнер үйренуді, білім көтеруді:
Ер жігіт мақтанады малы болса,
Биік тау шаттанады тасы болса...
Жігітке кедейшілік намыс емес...
Жігітке ең керекті іс – білім деген,
Білімсіз ілтипатқа ілінбеген... – деп жоғары санаған.
Ақан әуелде мерекемен, сайранмен күн өткізуге, кейін дүниеден баз кешіп, елден аулақта тіршілік құруға тырысса да, Ақан өмірден, өз заманының мұң - нала, қайғы-зарынан тысқары қала алмайды. Ақанның өмірі - қайғысы көп, тауқыметі мол өмір еді. Бәтима мен Ұрқияның өлімі. Ақтотымен ажырасу, кейін кездесіп көз жазып қалуы, Жамал мен Балқадиша тағдырлары, Құлагердің мерт болуы, Қаратоғай мен Базарлыдан айырылу, Құлагерге мініп, бәйгеге шауып жүрген кенже інісі Айбергеннің қазасы - бәрі де Ақан өміріне мұң-шер, қайғы әкелген жағдайлар болды.
Ақан өмірі - адамның, оның ішінде өнер адамының рухани тазалығының үлгісі, өнердің тіршілік тартысынан жоғары тұрған үстемдігінің белгісі. Замандастары Ақанның таза киініп жүретінін, кір төсекке жатпай, кір ыдыстан ас ішпей, ел аралап жүргенде, көбінесе далада, таза ауада, табиғат аясында, ұйқтайтынын әңгіме етеді. Ақанға байланысты кейбір өсек-аяңдар осымен байланысты шыққан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет