Лекция тезистері Синтаксис туралы түсінік


Төл сөз. Әуелі мына қонақтарға шай бердім,- деді Байжекең. Төлеу сөз



бет60/66
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#127912
түріЛекция
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66
Байланысты:
367983 3

Төл сөз. Әуелі мына қонақтарға шай бердім,- деді Байжекең.
Төлеу сөз. Байжекең әуелі мына қонақтарға шай бергенін айтты
( Мүсірепов).
5.Төлеу сөз автор сөзімен негізінен табыс септік жалғауы арқылы байланысады. Сонымен қатар төлеу сөз кейде барыс септігі арқылы туралы, жөнінде деген шылаулар арқылы да байланысады.
Төл сөз. Денсаулығының әлсіздігін дәлел қып, Анатолий Кондратьевич обкомға: “Канал құрылысының начальнигі қызметінен босатыңыз”,- деп арыз берді.
Төлеу сөз. Денсаулығының әлсіздігін дәлел қып, Анатолий Кондратьевич обкомға канал құрылысының начальнигі қызметінен босату туралыарыз берді( Мұқанов).
6. Төл сөз төлеу сөзге айналғанда, негізгі өзгеріске төл сөзді сөйлемнің баяндауышы ұшырайды. Төл сөздің баяндауышы болып тұрған етістік қай шақта, қай райда айтылуына қарай алдымен етістіктің есімше түріне айналады да, содан кейін барып табыс септігін қабылдайды. Бірақ табыс септік жалғауы есімшеге тікелей жалғанбайды, -дық,-дік жұрнағы мен тәуелдік жалғауы арқылы жалғанады.
Төл сөз. Осы кезде үйден Салиқа шығып, қонақтарға: «Ас пісті»,- деді.
Төлеу сөз. Осы кезде үйден Салиқа шығып, қонақтарға ас піскендігін айтты ( Мұқанов).
Сөйтіп, төлеу сөз автор сөзімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысады. Табыс жалғауы төл сөзді төлеу сөзге айналдырудағы, оны автор сөзімен ұштастырудағы бірден-бір шешуші тұлға болып есептеледі. Төл сөз бен төлеу сөз бір емес. Бұл екеуі сөйлеушінің я жазушының өз сөзі ішінде бөгде біреудің сөзін, пікірін келтірудің екі түрлі тәсілі. Бұл екеуінің арасында бірсыпыра өзгешеліктер болады:
1. Төл сөз сөйлеуші, я жазушы бөгде біреудің сөзін ешқандай өзгіріссіз, қоспасыз, бұлжытпай келтіретін болса, төлеу сөзде олай болмайды: оның бірер сөзін болса да өзгертуі, өз тарапынан кейбір сөздер қосады, бірер сөздің бастапқы морфологиялық
формасын, соған байланысты синтаксистік қызметін өзгертеді.
2. Төл сөздің айналасында міндетті түрде автор сөзі жүреді және ол екеуінің жігі айқын байқалып, бір-бірінен бөлектеніп тұрады. Төл сөзді автор сөзімен байланыстыру үшін оған тұлғалық өзгерістер енгізу қажет болмайды, тек дәнекер ретінде де көмекші қолданылады. Төлеу сөзде олай емес. Мұнда ол автор сөзімен араласып, тұлғалық өзгеріске ұшырауы арқылы онымен тығыз байланыста тұрады. Автор сөзінсіз өз алдына сөйлем бола алмайды, өйткені төлеу сөзде төл сөздегідей өзіне меншікті баяндауышы болмайды. Сондықтан төлеу сөз автордың қоспасымен бірігіп, бір-ақ сөйлем болады да, де етістігін қажет етпейді. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет