Лекция тезистері Синтаксис туралы түсінік



бет2/66
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#127912
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
367983 3

Мәтін синтаксисі - тілдік жүйедегі ең жоғарғы саты. Ол әр түрлі деңгейдегі мәтіндердің құралу ерекшеліктерін, олардың құрамындағы сөйлемдердің байланысу заңдылықтары мен қарым-қатынастарын зерттейді.
Синтаксис бұл мәселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөніндегі іліммен өзара тығыз байланыста қарастырады. Сондықтан сөздердің морфологиялық құрылысы синтаксистің де грамматикалық талдауының негізі болады. Лексикология мен морфология тіл ғылымының дербес салалары болумен қатар, олар да синтаксиспен байланысын үзбейді.
Синтаксистің негізгі зерттеу нысандары- сөз тіркесі мен сөйлем. Сөз тіркесі-сөйлем құраудың материалды негізі де, ал сөйлем - кісінің ойын айтудың, жарыққа шығарудың негізгі формасы. Синтаксис сөз тіркесін,сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа синтаксистік формаларды адамның ойын білдірудің грамматикалық тәсілдері ретінде өзара байланысты категориялар ретінде қарастырады. Демек, сөз тіркесінің, сөйлемнің грамматикалық құрылысын зерттейтін ғылымды синтаксис дейді.
Тіліміздің грамматикалық құрылысын, соның ішінде синтаксис мәселелерін зерттеу 19-ғасырдан бері қарай қолға алынып, сол кезде жарық көрген практикалық грамматикаларда сөз болып отырды. 1894-1897 жылдары орыс тілінде шыққан П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казак-киргизского языка» деген екі кітабы, олардан бұрын шыққан Казембектің және миссионерлер жазған «Алтай тілінің грамматикаларында» синтаксис мәселелері морфологияға қатысты мәелелермен араластырылып, сөйлем құрамына енетін сөздердің орналасу тәртібі қандай, қай сөз табы қандай синтаксистік қызмет атқарады, сөйлем мүшелері бір-бірімен қалай байланысады деген тәріздес жеңіл-желпі мәселелерді сөз еткендері болмаса, синтаксистің зерттеу нысанын айқындау, синтаксистік категорияларды ғылыми тұрғыдан талдау болмады. Құрмалас сөйлем синтаксисі тіпті сөз болмады.
Қазақ тіл білімінің басқа да салалары сияқты оның синтаксистік құрылысының да ана тілімізде зерттеліп, баяндалуы А.Байтұрсынұлының «Тіл құралы» еңбегінен басталады. Автордың синтаксиске қатысты пікірлері сөйлеу мен сөйлем, сөйлем мен сөз категорияларының бір-бірінен өзгешеліктерін түсіндіруден басталып, сөйлем мүшелері, түрлері, жай сөйлемдерді құрылысына, мағынасына , естілу сазына қарай жіктеуі, қазақ тілі құрмалас сөйлемін ана тілімізде зерттеу де осы оқулықтан бастау алады.
А.Байтұрсынұлының сөйлем мүшелері жайындағы айтқандары да жай сөйлемдерді түрге жіктеулері де, құрмалас сөйлем жайлы ой-пікірлері де қазіргі мектеп оқулықтарында болсын, академиялық грамматикаларда болсын берік сақталған.
1940 жылдары көрнекті ғалымдарымыз Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, С.Жиенбаев, М.Балақаев сынды ғалымдарымыз синтаксис жүйесіне елеулі үлес қосты. Қ.Жұбанов көмекші етістіктер мен сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібінің тарихы жайындағы еңбектерінде сөйлем мүшелерінің бұл күндегі орналасу тәртібінің ертеде өзгеше болғандығын дәлелдесе, С.Аманжоловтың «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» атты еңбегінде синтаксиске қатысты көптеген мәселелердің ғылыми негізін қалайды. С.Жиенбаев «Синтаксис мәселелері» атты еңбегінде жай және құрмалас сөйлем мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. М.Балақаев сөз тіркесі синтаксисінің іргетасын қалап, сөз тіркесіне қатысты теориялық мәселелердің басын ашып кеткен қазақ тілі синтаксисіне елеулі еңбек сіңірген ғалым болды.
Қазіргі таңда синтаксистің майталмандары деп Т.Сайрамбаев, Р.Әмір, Т.Қордабаев, Қ.Есенов, С.Исаев сынды ғалымдарды атауға болады.
Морфологияны оқу үстінде сөздің морфологиялық формасы деген атаумен белгілі грамматикалық ұғым аталып жүрді. Тілдің синтаксистік саласында да өзіне тән қалыптасқан форма - синтаксистік форма бар. Мысалы, сөйлем мүшелерінің түр-түрінің арнаулы көріну формасы бар. Амантайдың жүрегі аттай тулады. Сол сияқты болымды, болымсыз сөйлемдер, сұраулы, лепті, хабарлы сөйлемдер де белгілі синтаксистік формалары арқылы өзара ажырасады.
Синтаксистік форма дегеніміз белгілі синтаксистік тұлғаларды қалыптастыратын, құрайтын амалдардың көрінісі. Синтаксистік тұлға дегеніміз - сөйлеудің немесе оның компоненттерінің грамматикалық дербестігі бар тілдік көрініс. Синтаксистік тұлғаның грамматикалық тұрпаты синтаксистік форма деп танылады. Синтаксистік форма мен синтаксистік тұлғалар білдіретін мағына синтаксистік мағына деп аталып жүр. Синтаксистік мағына да - грамматикалық абстракция саласындағы мағына. Ол сөз бен сөздің, синтаксистік тұлғалардың арасындағы абстрактылы, жалпылық сипаттағы қатынасты білдіреді. Мысалы, қалаға, көлге –мекендік қатынас, кеттің-мезгілдік, жақтық қатынас. Әр түрлі синтаксистік форма түрлі сападағы абстрактылы мағынаны білдіреді.
Синтаксис пәнінің зерттеу әдісі, тілдік фактілерді талдау, тану әдісі негізінен тіл білімінің басқа салаларынан алшақ кетпейді. Олардың бастылары мыналар:
1.Тіл фактілерінің мағына, форма көрінісіне қарай даралай, оларды басқа формаларға қарсы қойып салыстыру, талдау арқылы ерекшелігін табу. Бұл – тіл білімінде ең жиі қолданылатын әдіс. Ол егісті суғарды.-Ол егісті суғарды ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет