Лекция тезистері Синтаксис туралы түсінік



бет15/66
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#127912
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66
5. Себеп-салдар пысықтауыш іс-қимылдың болу-болмау себебін білдіреді, неліктен? не себепті? неге? деген сұрақтарға жауап береді.
Себеп пысықтауыштар мынадай жолдармен жасалады:
а) -ған тұлғалы есімшеге -дықтан, -діктен қосымшасы жалғану арқылы немесе есімшеге тікелей не тәуелдік жалғауынан кейін шығыс септігінің жалғануы арқылы: Шошынғаннан айқайлап жіберді.
ә) Есімшеден кейін себепті, соң, үшін шылауларының тіркесуі арқылы: Бізді тәрбиелегеніңіз үшін бірінші суретті сізге тарттым (Мұқанов).
б) босқа, құр босқа, бостан-босқа, амалсыздан, шарасыздықтан, амал жоқтықтан үстеулері де себеп пысықтауыш болады: Амалым жоқтықтан өзіңе тікелей келдім . Бұл үстеулердің себептік мағынасы көбінесе контекст ыңғайында айқындалады.
6. Мөлшер пысықтауыш іс қимылдың мезгілдік созылу , көлемдік таралу мөлшері, қайталану дәрежесі, істі істеуге объектілердің қатысы дәрежесін анықтайды. Мөлшер пысықтауыш болатындар:
а) Сан есімдер және олардың шығыс жалғаулы түрлері мен өлшемдік мағынадағы көмекші сөздермен есе, рет, шақырым, бойы, құлаш, қарыс т.б. тіркес түрлері. Бригадир колхоз басқармасының кеңсесіне үш келді (Мүсірепов). Күн күле шығып, арқан бойы көтерілді (Әбішев).
ә) Заттың нақты санын білдірмей, мөлшерін ғана білдіретін сөздер: сын есімдер ұзақ, қысқа, модаль сөздер аз, көп, мөлшер үстеулер тегіс, жаппай, едәуір, талай, түгел т.б. мөлшер пысықтауыш қызметінде қолданылады. Бас инженер ұзақ сөйледі (Шашкин). Ол бірталай бағып тұрды ( Әуезов).
б) Сан есімдердің мөлшерлік зат есімдермен, зат есімдердің мөлшерлік есімдермен тіркесінен болады: Ушаковтың үйінде Байжан бір жеті жатты (Мүсірепов). Омбы станциясында біз айға жақын тұрдық (Мұқанов).


Жай сөйлемнің күрделену жолдары

  1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

  2. Сөйлемнің үйірлі мүшелері

  3. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері

  4. Сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі

Сөйлем мүшелері сөйлемде жеке-жеке қолданылумен бірге топ-тобымен де қолданыла алады. Осындай сөйлем мүшелері бір сөз табынан да жасалады, және бір ғана синтаксистік қызметтегі әр түрлі сөз таптарынан да олардың бәріне бірдей бір-ақ сұрау қойылады. Бұлардың тұлғалары да көбінесе бір формада болып келеді. Бұндай мүшелер сөйлемнің барлық мүшелері осылай бір сұрауға жауап беріп, бір синтаксистік қызмет атқарып, тобымен бәрі сөйлемнің белгілі бір мүшесімен ғана қатынасқа түсіп сөйлемнің бірыңғай мүшесі бола алады. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері санамалы интонациямен бөлініп-бөлініп айтылады. Яғни олар сөйлемдегі басқа синтаксистік қатынастағы мүшелер сияқты бірсыдырғы, бір-біріне ұласа айтылмайды. Бірыңғай мүшелер бірсыдырғы, бір-біріне тең байланысады. Олар бірінен кейін бірі тізбектеле, арасына басқа мүшелі сөз түспей, әрқайсысы дербес интонациялы кідіріспен қолданылады, сонысымен басқа мүшелерден ерекшеленіп, өзара бір топқа бірігеді. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері сөйлемнің жеке мүшелері тәрізді байланысады және солар сияқты синтаксистік қатынас жасайды. Ал сөйлемнің құрамын ұлғайтып, көлемін кеңейтуге бірыңғай мүшелер де зор ықпалын тигізеді. Өйткені сөйлем ішіндегі әрбір бірыңғай мүшенің жетегінде басқа сөздер болып, олар бірінің үстіне бірі жамала беруі мүмкін: Осыдан ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін жинап, бастыру, зерттеуге тиісінше көңіл бөлінбеді (Кенжебаев).


Бірыңғай мүшелер бір-бірімен интонация арқылы немесе жалғаулықтардың көмегімен байланысады. Сонымен сөйлемде синтаксистік қызметі бірдей, көбінесе өзара тұлғалас сөйлем мүшелері бірыңғай мүшелер деп аталады.
Олар біріне-бірі бағынбай, өзара салаласа байланысып, барлығы бірдей дәрежеде бір сөзге қатысты болып тұрады. Бірыңғай мүшелер бір сөзден құралған жалаң не сөз тіркесінен құралған жайылма болады: Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста – сөйлемінде бірыңғай жалаң толықтауыштар болса, Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасы, сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?! (Абай) – сөйлемінде бірыңғай жайылма анықтауыштар қолданылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет