Т алас Омарбеков (29 мамыр 1948 жылы туылған, ғалым, тарих ғылымының докторы (1994), профессор (1995).
ҚазПИ-ді бітірген (1971). Еңбек жолын Жуалы және Байзақ аудандарында орта мектепте мұғалім болып бастаған. 1980 – 2001 жылы ҚазПИ-де, Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы ин-тында, “Ақиқат” журналында, Қазақ ұлттық университетінде ғылыми-педагогикалық, шығармашылық қызметпен айналысты. 2001 жылдан ҚазҰУ-дегі ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихы
М.Х. Дулат мұраларын, орта ғасырлардағы тарихи тұлғаларды ұлттық көзқараста зерделеп, Отан тарихын кезеңдеудің теориялық-методологиялық мәселелері бойынша бірқатар зерттеулер жүргізді. Қазақстанда сталиндік тоталитарлық жүйенің орнығу тарихы мен оның салдарын зерттеген алғашқы отандық тарихшылардың бірі болды. Ол 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары Қазақстанда байларды тәркілеу, шаруаларды күштеп ұжымдастыру саясатының зардаптарын ашып көрсетіп, сол тарихи кезеңде орын алған халық наразылықтарына жаңа тарихи көзқарас қалыптастырды.
О гюстен Тьерри, полное имя Жак Николя́ Огюсте́н Тьерри́ (фр. 1795— 1856, ) — романтикалық бағыттағы француз тарихшысы ,француз тарихнамасының негізін қалаушылардың бірі.
4 .Тарих ғылымының философиялық негізі.
Тарих философиясының түсінігі.
| Тарих философия ғылымынан бұрынырақ пайда болса да ғылым болып қалыптасуы кенжерек қалды. Ал, философия болса сонау көне заманда барлық ғылым-дардың негізі болып қалыптасып қалды. Кешегі Кеңес заманында да, бүгінгі күні де философтар мен тарихшылар арасында тығыз байланыс жоқ. Бір қызығы тарихшы философиялық қағидаларға мән бере қоймайды да, керісінше философтар әлемдік тарихи про-цесті білуге онша құмартпайды.
Ал енді шындығына келгенде, тарихшы философия ғылымын негізгі заңдылықтары мен категорияларын терең меңгеріп, оны өз зерттеуінде кеңінен пайдаланғанда ғана белгілі бір нәтижелерге жетуі мүмкін. Мұны айтқанда біз кез-келген тарихшы философ болсын деп отырғанымыз жоқ. Тарихшы өз зерттеп отырған тақырыбының философиялық және теориялық негіздерін білсе оның нәтижесі де қомақты, әрі салмақты боларына сенімдіміз.
Бүгінгі ақпараттық төңкеріс заманында белгілі бір дәрежедегі ғылыми нәтиже алу үшін шама келгенше, білімің жеткенше басқа да ғылымдардың мүмкіншіліктерін пайдалану абзал. Сондықтан да біз осы күнгі заманауи философия ғылымының негізгі бағыттарына тоқталамыз.
Адамзат тарихының күрделі мәселелеріне философтарда өз көзқарастарын білдіреді. Олар тарих проблемаларымен сонау антика заманынан бері айналысады. Бірақ философия ғылымының арнаулы бағыты ретінде тек ХҮІІІ ғасырда қалыптасты.
.Г.Гердер тарихтың философиясын жеке тұрған арнаулы пән деп санады. Ал одан кейінгі осы тақырыпта қалам тартқан Гегель, Маркс, О. Конт, М.Я.Данильевский, О. Шпенглер, А. Тойнби, К.А.Сорокин, К.Ясперс сияқты ғалымдар тарих философиясының күрделі мәселелерін зерттеуге өз үлестерін қосты.
Философтар қызыққан тарихи проблемаларды шамамен 7 топқа бөлуге болады. Бірінші топқа жататындар тарихи процесті қоғам дамуының қандай белгілеріне байланысты зерттеу қажет деген сұраққа жауап іздеді.
* Қоғамды тек экономикалық формация негізінде зерттеу (алғашқы қауымдық құрылыс тарихы, құл иеленушілік қоғам таризы, феодалдық қоғам тарихы, капиталистік қоғам тарихы, социалистік қоғам тарихы).
* Қоғамды өркенит негізінде зерттеу (жабайылық тарихы, варварлар тарихы, өркениет тарихы, Европа еледрінің тарихы, араб дүниесінің тарихы).
* Қоғамды мәдениеттану тұрғысынан зерттеу (антика қоғамының тарихы, Шығыс өркениетінің тарихы, Европа елдері мәдениетінің тарихы, Қытай мәдениетінің тарихы).
* Қоғамды сол жерді мекендейтін этникалық топтардың тарихы арқылы зерттеу (қазақ тарихы, орыс тарихы, татар тарихы).
* Қоғамды мәдениеттің шаруашылықтың саясаттың салалары негізінде зерттеу (өнер тарихы, ғылым тарихы, мемлекет тарихы, дін тарихы, шаруашылық тарихы).
* Қоғамды жеке тұлғалардың немесе белгілі бір әулеттердің тарихи тұрғысынан қарастыру (Шыңғыс ұрпағының тарихы, Ресейдегі Романовтар тарихы, Тимуриттер тарихы, Стюарттар тарихы тағы т.с).
* Қоғам тарихын нақтылы әлеуметтік проблемалар тұрғысынан қарастыру (завод – фабрика тарихы, ұжымжар-кеңшар тарихы, қазақ киімдерінің тарихы)
Достарыңызбен бөлісу: |