Тарихитаным ерекшеліктері Тарих – ғылым, өте күрделі, қиын, шытыр-ман уақиғаларға толы ғылым. Қиын дейтін-іміз – ол ықылым заманда өтіп кеткен, өшіп қалған обьектін қайта жаңғырту қажет.Нақтылы ғылымның өкілі сияқты тарихшыда эксперимент жасайтын прибор, аппарат жоқ. Сондықтан ол ойлау арқылы эксперимент жасайды, уақиғаның моделін құрастырады. Бұлтарихи танымның бірінші ерекшелігі. Тарихшы өз заманының перзенті, ал оның зерттеу обьектісі өтіп кеткен заман. Зерттеуші мен зерттеу обьектісі арасындауақыт алшақтығы жатыр. Екеуі екі мәдениет, екі заман, екі менталитет өкілі. Сондықтан тарихшы болған уақиғаны бүгінгіуақыт алшақтығы жатыр. күннің түсінігі-нше сипаттайды. Бұл тарихи танымның екінші ерекшелігі. Үшінші ерекшелігі тарих өз заманының мәдени процесстеріне тәуелді. Әр заманның мәдениетінің даму деңгейібар. Оған сол за-манның әлеуметтік-экономикалық, саяси-идеологиялық факторлар әсер етеді. Тарихшы көбіне осылардың ықпалынан шыға алмай қалады.
Тарихи танымның келесі бір ерекшелігі тарихшы өмір сүріп отырған мемлекеттің формасына байланысты. Тоталитарлық, гума-нитарлық қоғамдардың өз коньюктурасы бар. Тарихшы оны ескеруі қажет. Кейде тарихи зерттеулер тапсырыс бойынша жазылады. Әсі-ресе кеңес заманында тарих ғылымы идеология шырмауынан шыға алмады. Сондықтан да тарихи зерттеу нәтижесінің обьективті болуы өте қиын еді. Мәселен, осыған байланысты презентистер заман талабына сәйкес жазылған тарихи шығармаларда обьективті-лік болмайды деп есептейді.
Тарихи танымның бесінші ерекшілігі –тарихшының сол зам-анның әлеуметтік сұранысын орындауы.. Мәселен соғыс жылдары сол елдің әскербасылары, батырлары жөнінде немесе соғыс так-тикасының тарихы зерттеуге тапсырыс түсуі мүмкін.Экономи-калық реформалар жасалып жатқан елдерде тарихшылар шаруашы-лық тарихынан оң тәжірибе іздейді.
Тарихи таным ретроспективті сипатты ұстанады. Біз осы заманнан, өткен заманға жол табамыз, нәтижеден себепке жол аша-мыз. Бұл арқылы біз құбылыстардың, себптердің тууын және содан кейінгі жағдайын көре аламыз. Қазіргі заманың тарихшысына өткен заманың тарихшысын түсіну қиын, өйткені өткен заманың тарихшылары көбінесе өзі өмір сүріп отырған заман туралы миф-логиялық түсінікте болады.
Табиғаттан гөрі қоғамда адамдар ерекше рөл атқарады олар белгілі мақсаттар қояды, оларға өздері қол жеткізеді. Егерде жара-тылыстану ғылымдарында субьект пен объект бір-біріне қарама қайшы келсе, тарихта олардың қатынасы өте күрделі болып келеді. Зерттеу субъектісі сырттай бақылаушы емес - өзі тарихи процестің қатысушысы болады. Адамның өзін өзі тану процесі жүріп жатады. Ғалым құнды қызымет әкелетін адам тарихымен, айналысқан-дықтан, таным баға беру сипатында болады. Тарихшы тарихи оқиғаларға және процестердің маңызын анықтап, адам әрекетін бағалайды. Бұл тарихтың ерекшелігі. И. Ковальченконың айтуы бойынша тарих екі рет субьективті.Тарихшы субьективті дере-
терді қолданады және фактілерді, оқиғаларды интерпретация-лағанда оның өзі де субьективті элементтерді енгізеді.
Объективті шындыққа жетуге мүмкіндігі өте қиын. Себебі әрбір тарихшы субъективтіі деп есептейді кейбір ғалымдар.. Мұндай пікір де талас туғызады.Өйткені ,керісінше, субьектив-тілік қасиет ғасырлар арасынан өтіп шындыққа жетуге талпынады. Оған дәлел ретінде әйгілі тарихшы Геродотты алайық. Оның еңбектері әлі күнге дейі сұраныста. Әрине, қазіргі заманғы тарих орында тұрмайды олда даму, жетілу, өзгеру үстінде.
Тарихшылар таласында плюрализмгежол берілуі қажет Бір мәселе бойынша әртүрлі пікірлердің, концепциялардың қатар өмір сүруі оны шешімін тезірек табылуының кепілі.Тарихшылар әртүр-лі,олар әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланады, деректері де әр-түрлі. Олар әр елдің, әр мәдениеттің,әр заманның өкілдері.Барлық тарихшы қолдайтын бір аксиома жоқ. Ол түгіл, тарихшылар ара-сында ең маңызды тарихи түсініктер мен категориялар туралы да ортақ пікір жоқ. Осыдан барып оның полисемантігі көрініс табады.Міне осыдан барып өткен оқиғаларды әркім әрқалай және заман өзгерген сайын қайта қарастырылу қажеттілігі туындайды. Бұл тарихи таным процесінің шексіз екеніндігінің белгісі..
Тарихшы қол қусырып отыра бермей таным процесі тудырған қиындықтарды жеңуге тырысуы керек. Тарихтың мақсаты барлық қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың жетістіктерін біріктіру арқылытарихи шындыққа қол жеткізу.Бұл міндет ,өкішке қар-ай,әрқашанда орындала бермейді..