Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары



бет29/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   85
Байланысты:
Лекция тезистері

Неокантшылар ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың 30 жылдары арасында әрекет еткен идеалистік философияның ағымы. XVIII ғасырда өмір сүрген атақты немістің философы Иммануил Канттың (1724-1804) идиалистік идеясын жаңартушылар.
Канттың идеясы: қоғамды алға дамытатын антогонизм (қарам-қайшылық). Құқықтық азаматтық қоғам орнату тек қарама-қайшылықтар күресі арқасында жүзеге асуы мүмкін. Сонымен қатар әлемдегі барлық мемлекеттер арасында бейбітшілік болуға тиіс. Мұндай бейбітшілік мемлекеттер арасында тығыз қарым-қатынастар орнатуға сауданы дамытуға, мәдени байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
1883 жылы немістің В.Дильтей деген ғалымы «Рух туралы ғылымға кіріспе» атты шығармасын жариялады. «Әлеуметтік өмір ешқандай заңдылыққа бағынбайды» деп ол аспанға айды бір-ақ шығарды. Оның пікірінше тарих рух туралы ғылымға жатады. Ал ғылымның бұл саласын зерттеушілер өзінің «түсінігі», «түйсігі» арқылы ғана өткендегі құбылысты тани алады. Тарихшының негізгі құралы оның жеке басының түсінігі. Тарих поэзияға, әдебиетке, өнерге өте жақын. Сондықтан тарихшы болған уақиғаны өз түсінігіне қарай тек қана суреттеп беруі қажет.
Тарихқа мұндай түсінікті қолдайтындар «Баден мектебі» деп аталатын топтың негізін қалады. 1894 жылы Вена университетінде лекция оқыған В.Виндельбанд деген ғалым ғылым екіге бөлінеді деп атап көрсетті. Оның бірі заңдылықты аша алатын ғылым (номотетикалық), екіншісі тек қана баяндайды, құбылыстың тек қана кейбір жақтарын зерттейтін ғылым (идеографиялық). Екінші бір неміс ғалымы Генрих Риккерт (1863-1936, Гданск, Польша) жаратылыстану ғылымының негізгі әдісі жинақтаушы, ал тарих даралаушы деп көрсетті.
Риккерт тарихилық ұстанымға, тарихи заңдылық түсінігіне, тарихшы материалистік тұрғыда түсінуге қарсы болды. Риккерт тарихшыларға кез-келген дәйекке (фактыға) құндылық ретінде қарау керек деп кеңес берді. Мемлекет, өнер, дін бұлардың барлығы құндылықтар жиынтығы. Тарихтың негізгі тақырыбы адамның мәдени өмірі, тарих эмпирикалық ғылым. В.Дильтейдің концепциясын Ресейдің де көптеген ғалымдары қолдады.
Бүгінгі таңда, кейбір тарихи зерттеулерден неокантшылардың әсерін сеземіз. Кейбір тарихшылар мен философтар қоғымның даму заңдылығын тану мүмкін емес, тарих ғылымына теориялық тұжырымдардың қажеті жоқ деген ой-пікірлерді айтып жүр. Тарихты тек мәдениеттің пайда болуын, оның даму процесін зерттейтін ғылым ретінде қарастырушылардың қатары күннен-күнге көбеюде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет