Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары



бет36/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   85
Байланысты:
Лекция тезистері

Үшін­шіден, та­рих­­­шы­­лар қауымы көп жылдар бойы қалыптас-қан құндылықтар жи­ын­тығы тари­хи шығарма­лар объективтілігінің кепілі болуға тиісті. Егер зерттеуші өз ең­бегінің беделін, құндылы­ғын, оған деген оқыр­ман сенімін арттыру үшін о­бъективтілік принципінен айнымас деген үміт­­теміз.
Кейде ғылымда қалыптасқан, көпшіліктің құлағы үйренген, ак­си­о­маға ай­налған тарихи тұжырымдар өзгеріске ұшырап жатады. Мы­са­лы, қазақ же­рінің Ресейге қосылуы ерікті әрі бейбіт түрде өтті деген пі­кір ре­во­лю­ци­яға дейінгі орыс, әрі кеңес тарихнамасында кеңінен орын алды. Тіпті осы пік­і­рге көлеңке түсірген ғалымдарға қатаң шара қол­данды. Осы проб­ле­ма­ға кейінгі кезде ғылымда түбегейлі кері тұ­жы­рым қалыптасуда.
Американ ға­лы­мы Т. Кун мұндай жағдайды «жа­ңа паради-гмаға ауысу - ғы­лымдағы революция» деп атайды (Структура научных революций). Сон­дықтан, объективтілік түсінігіне де әр заманда әр-түрлі көзқарас бо­луы мүмкін.
Қорыта айтқанда, тарих шындыққа жету жолында мына тө­мен­де­гі­дей шарттарды ор­ын­дау қажет деп есептейміз. Алғашқы ескер-етін жағ­дай зерттей­тін проблема жөнінде жан-жақты, толық ақпа-рат бе­ре­тін материал жинап алу қажет. Зерттелер уақиға бүге-ші­ге­сі­не дей­ін шағылып, талданып, оның сол заманның тарихи үрдісі-мен үндесіп жа­туы негіз­гі міндет. Келесі айтарымыз таңдап алын-ған тақырыптың зерт­телу деңгейін толық анық­тау ғалымның әріп-тестер алдындағы абы­ройы. Тақырып бойынша ғылымның жеткен же­тіс­тіктерін толық игер­ген жағдайда зерттеу жұмысы нәтижелі аяқ­талады.
Та­ри­хи зерттеудің шығармашылық жұмыстың бір түрі екен­ді­гін­ де еске саламыз. Кез келген ғы­лым сияқты тарих ғылымының да өз әдіс­тері бар. Жалпы ғылыми және тарих ғылы­мы­на тән әдістерді ке­шен­ді пайдалан­ған­да ғана зерттеу жұмысының шындыққа жақын жа­зы­­луы хақ.
Әл­бетте, осы жоғарыда көрсетілген шарттарды орындаған жағ­дайда тарихи уа­қи­ға жөнінде объективті білім алу мүмкіндігі туа­ды. Дегенмен де Мәскеу университетінің про­фессоры И.Д. Кова­ль­чен­ко өзінің көпшілікке белгілі еңбегінде «все это – только воз­мо­ж­ность приобретения истинных зна­­ний, превращение которой в реальность определяется субъек­тив­ны­ми факторами процес-са познания, а именно – позицией иссле­до­ва­те­ля» (Методы исторического исследования) дей келе тарихи шындық зерттеушінің жеке басына байланысты де­ген пікір ай­та­ды.
Жо­ғары­да айтылғандардан түйгендеріміз – тарихи шығар­ма­ның құн­ды­лы­ғы ондағы шындықтың дең­гейіне байланысты екен-дігі. Та­ри­хи о­бъектив­тілікті сақтау кез келген зерттеушінің қа­сие­тті міндеті. Зерт­теу­ ба­ры­сында бүгінгі саясат пен жеке тұлғалардың теріс көзқарасын ес­ке­ру абы­рой әкелмейтін шаруа.
Келесі бірғылыми зерттеулерде пайдаланатын негізгі прин цип­тердің бі­рі тарихилық (историзм). ХІХ ғасырда Европа философия ғылымының мақ­­та­ны­шы болған бұл принцип тек тарих ғылымында ғана емес, басқа да жара­­ты­лыстану және руханият ғылымдарындағы жалпы әдіснамалық дәрежеге дей­ін көтерілді.
Осы күнгі қоғамдағы әлеуметтік және саяси құбылыстардың тамыры те­реңде екендігі белгілі. Сондықтан бүгінгінің күрделі де сабақтасқан мә­се­лелерінің шешімін тарихтан іздеу керектігін айтпаса да түсі­нік­ті. Тар­и­хи­лық­ты әрі таным принципі, әрі ойлау әдісі ретінде қарастыруға бо­ла­ды. Та­ным принципі ретінде тарихилық ХVIII ға­сыр­дың соңы мен ХІХ ғасыр­дың басында неміс тарихшыларының ең­бектерінен жиі ке­здесті­реміз. Осы при­н­ципті нақтылаған, әрі оның толық сипаттамасын берген не­міс­тің бел­гі­лі ғалымы В. Дильтей (Наброски к критике исторического разума). Ол табиғатты тану мен қоғамдық құ­былыс­тар­ды танудың арасындағы ерекшеліктерді көрсете білді. Мұның ө­зі бізге та­ри­хи, рухтың өзін-өзі тануы, дамып жатқан процесс екенін тү­сіну­ге мүм­кін­­­дік береді.
Кез келген этностың бүгінгі рухани мәдениеті мен оның ба­ба­лар­ы­ның өт­­кен жылдарда жасап кеткен өркениеті арасындағы са­бақ­тас­тық­ты та­ри­хи­­лық принципін пайдалана отырып анықтаймыз. Сон­дық­тан, тарихилық прин­ципі жалпы философиялық, әрі әдіснамалық ұс­таным болып есеп­теле­ді. Зерттеу бағдарламасы ретінде тарихилық прин­ципі мына төмендегі ша­ра­­ларды іске асыруға міндетті: та­ри­х­на­ма­­лық ізденіс; мұқият талдаудан; өт­­­кен дерек көздерін пай­да­ла­ну; зерт­теу объектісін жан-жақты не­гіз­деу­ осы­ларды пайдалана отырып та­рихи шындықты анықтау.
Тарихилық принципін одан әрі қарай дамытқан Европа ағар­ту­шы­ла­ры, фран­­цуз тарихшылары, позитивистер мен марксистер болды. Та­рихи про­цес­­ке диалектикалық – материалистік тұрғыдан қараған марк­систерге тән е­­рек­­шелік – кез келген тарихи оқиғаға таптық көз­қа­рас қалыптастыру, өз­де­­рінің идеялық ұстанымдарына басымдылық та­ныту. Логиканың орнына са­­я­си аргументтерге негізделген кеңестік та­рих ғылымы кейінгі жылдары дағ­­дарысқа ұшырады.
Дегенмен де марксизмнің ғылыми әдістердің бірі екенін жоққа шы­ғара ал­маймыз. Тарихилық принципін дамытуда маркизмнің бір­ша­ма жетіс­тік­тер­ге жеткені жасырын емес. Олар табиғат әлемі мен қо­ғамдық құбы­лыс­тар­дың байланысын зерттеуге ұмтылыс жасады. Қо­ғамның дамуы адам­дар­дың мақсатты қарекетінің нәтижесі екен­ді­гін дәлелдеді.
Марк­систер тарихи процестің материалистік түсінігін, қоғамды ре­во­лю­циялық жолмен өзгерту, тарихтағы сапалы секірістер те­о­ри­я­сын ай­қын­да­ды.
Тарихи зерттеулерде жиі пайдаланылатын ұстанымдардың бірі де­­тер­минизм принципі. Тарихи уақиғалардың себептілік идея­сын ал­­ғаш рет аш­­­­қан неміс және француз ағартушылары. Өздеріне дейінгі ға­лым­­дардың та­рих­­тағы құбылыстардың кездейсоқтық идеясына қарсы шық­қан олар, қан­дай да болмасын тарихи уақиға себепсіз бол­май­тын­ды­ғын дәлелдеді. ХIХ ға­сырда олар эволюциялық әдістің негізін қалады. Бұл ә­діс­тің негізгі маз­мұны: «тарихи уақиғалар тек қана белгілі бір себептерге бай­ланысты ту­ын­дайды. Сондықтан да тарих дегеніміз себептер мен сал­дар­лардың жи­ынтығы» (Парфенов И.Д. Методология исторической науки). Аталған принципті позитивистер мен марк­сис­тер одан әрі дамытты. Детерминизм принципі бойынша тарихи уақиғалар мен құбылыстар бірімен бірі тығыз байланыста өрбиді. Тарихшы әрбір құ­бы­лыстың се­беп-салдарлық байланысын, оны туғызған факторларды мұ­қият са­ра­лау нәтижесінде шындыққа көз жеткізеді. Әсіресе, Кеңес дәуірі та­рих­­шылары өз зерттеулерінде алдымен объектінің туу себептерін ан­ық­­­тап, оның заңдылықтарын ашуға тырысатын. Тарихта болып өткен кө­­­те­рі­ліс­тердің, төңкерістер мен соғыстардың себептері мен сыл­тау­ла­ры, сал­дар­лары тізбектеліп берілетін.
Әлбетте, детерменизм принципін сынаушылар да бар. Олар: «кө­бі­не та­­ри­хи уақиғалар ешқандай себепсіз пайда болуы мүмкін, та­рих­та кез­дей­­соқ­тық жиі кездеседі. Болып өткен уақиғалардың се­беп-салдарлық ба­йланы­сын толық ашу мүмкін емес. Көп жағ­дай­лар­да олардың ту­ын­дау­ына толып жат­қан факторлар әсер етуі мүм­кін» – деген пікірді ұс­танды (Парфенов еңбегінен алынды). Позити­вис­тердің «бір–біріне тең факторлар» теориясы бой­ын­ша тарихи уақиға­ларды тудыратын се­бептер (саяси, экономикалық, идео­ло­гиялық) бірімен бі­рі тең. Олар­дың біріне бірінің бағыныштылығын, не­ме­се негізгісін іздеу қа­те деп ашып айтты.
Бірақ, зерттеу барысында тарихшы көптеген ірілі-уақты себеп­тер­дің жи­­ын­­ты­ғымен кездеседі. Себептердің өздері де негізгі және қо­сым­ша, же­ке­­л­еген, ерекше, жалпы себептер болып жіктелуі мүмкін. Мы­салы, ХIХ ға­сы­р­дағы Ресейдің Қазақстанда жүргізген бас­қын­шы­лық соғыстарының әр­түр­­лі себептері болды. Жалпы себеп – Европа ел­дерінің дүниежүзі елдерін бө­­ліп алып, өздерінің билігін жүр­гі­зе­тін,талап-тонайтын, байлығын со­ра­тын аймаққа айналдыру. Ерекше се­беп - қазақ жері есебінен Ресей импе­рия­­сының шекарасын кеңейту бол­ды. Жекелеген себеп – ХVIII ғасырдың ба­­сын­да қазақ елінің ба­сы­на түскен ауыр да күрделі саяси-экономикалық а­­ху­ал, екі елдің ара­сын­да қалыптасқан нақтылы қарым-қатынастар. Кейбір та­рих­шылар ең­бегінде осы себептердің кейбір тобына ерекше көңіл ау­­да­ры­лып, ба­сымдылық беріледі. Сондықтан да бір тарихи құбылысқа әр­түр­лі көз­­қарас қалыптасады.
Ерекше бір қиындық туғызатын мәселе –тарихи қайраткерлерге ба­ға бе­ру.­ Белгілі бір мемлекет, қоғам қайраткерлерінің қызметін ашу­да оған ә­сер еткен толып жатқан факторларды ескеруге тура ке­ле­ді. Мысалы, 1731 жыл­­ғы орыс бодандығын қабылдаған Әбілхайыр хан­ның осындай қадамға ба­­ру себебі осы күнге дейін тарихшылар ара­сында пікір – талас тудыруда. О­сын­дай қадамға оны итермелеген қан­дай себептер болды? Саяси дағ­да­рыс­­тан шығудың басқа жолы бар ма еді? Ресейдің протектораттығын қа­был­­дау қазақ халқы үшін қан­дай басымдылық берді, оның салдары қан­дай? Мі­не, осындай сұ­рақ­тар тарихшылардың талай буындарын ойлан­ды­рып келеді.
Қо­рыта айтқанда, тарихи уақиғалардың себеп – салдарлық бай­ла­ны­сын та­­нып – білу ғылыми шығарманың негізгі мақсаты. Таным про­цесінің шегі бол­­майды. Сондықтан да әрбір тарихи зерттеулер аяқ­талмаған процесс, та­рих­­шылардың әрбір ұрпағы бұл іске өз үлес­те­рін қосады.
Тарихтану теориясына жаратылыстану ғылымынан кірген кейбір ә­діс­­тер бар. Солардың бірі – тарихи процеске жүйелік тұрғысынан қа­рау. Жүй­е­лік категориясы – элемент, байланыс, бүтін, бірлік, жіктелу сияқ­ты түсі­ні­к­­тер жиынтығы. Егер тарихи уақиғаны біртұтас құ­бы­лыс деп есептесек, ол то­­лып жатқан ұсақты-ірілі элементтерден, эпи­зод­тардан тұрады.Тарихи уа­­қиғаны көз алдына елестетіп, ре­кон­с­трук­ция жасау үшін әрбір элементті мұ­қ­ият зерттеп, олардың ара­сын­да­ғы байланысты анықтап, оның ішкі ме­ха­низ­мінің функционалдығын аш­ып көрсете алу мүмкіндігі туады. Адамзат тари­хы белгілі бір жүй­е­ге бағынады. Оның ішінде негізгі белгілі бір тарихи уа­­қи­ғаны ту­ды­ра­тын құбылыс – элемент болады, оған толып жатқан қо­сым­­ша эле­мент­тер қызмет көрсетуі керек. Мәселен, қазақ этносының қа­лып­­тасуындағы негізгі жүйені құрайтын элемент – ол этностың өзін-өзі та­нуы. Ал енді тілдің, мәдениеттің, әдет – ғұрыптың, шару­а­шы­лық­тың, тер­ритория бірлігі – бұлар қосымша элементтер. Негізгі және қо­сым­ша э­ле­менттерді біртұтас зерттеп, бір-бірімен байланыстыра оты­рып, қазақ этно­сы­­ның қалыптасу тарихын білуге қол жеткізуге бо­ла­ды.
Нақтылы жүйе өзі дамуының әрбір деңгейінде өзгеріске ұшырауы мүм­­кін. Оның элементтері басқа бір түрге еніп, мән–мағынасын жо­ғал­туы мүм­кін. Тарихи процеске жүйелік тұрғыда қарау кешенділік пен бір­тұтас­тық­пен сипатталады. Зерттеліп отырған жүйені құрайтын эле­менттерді кеше­н­ді­ түрде қарастырғанда ғана ғылыми зерттеу жұ­мы­сы нәтижелі аяқталады.
Кез келген қоғамды өте күрделі, әрқилы байланыстағы, бір-біріне әс­ер е­те­­тін оқиғалар мен құбылыстардың өзін-өзі ретке келтіріп оты­ра­тын жүйе ре­тін­де қарастыруымыз қажет. Сондықтан да адамзат та­ри­хын зерттеген уа­қытта бұл принципті кеңінен пайдаланған жөн. Соң­ғы жылдары ға­лым­дар мұны таным конструктісі ретінде қа­рас­ты­ру­да. Жүйелілік зерттеліп отыр­ған объектінің қасиеттерімен анық­тал­май­ды, ол тек танылғалы отырған суб­ъек­тінің белгілі бір мақсатқа же­туі үшін іске асыратын қызметіне бай­ла­нысты. Сондықтан да әрбір зер­ттеуші бір объектінің өзіне бірнеше сипат бе­руі мүмкін. Кез кел­ген объектіні жүйелік тұрғыдан қарастыру үшін оның көп­теген қыр­ла­рын ескеру қажет: ол объектіні процесс ретінде қара­с­ты­ру; оның фун­кционалдық құрылымын, материалдық, ұйымдастырушылық деңгейін, морфологиясын анықтау.
Жүйелік принцип тарихи зерттеулер лабораториясындағы жаңа­лық. Бұл прин­ципті ескі әдістер нәтиже бермеген жағдайда пай­да­лан­ған жөн. Мұ­ның негізінде соңғы жылдары ғылымда арнайы тарихи – жүй­е­лік әдіс пай­да болды. Кейбір тарихшылар осы әдісті пайдалана оты­рып ғы­лым­да жаңа табыстарға қол жеткізді (Әбіл Е.А.).
Соң­ғы жылдары тарихын ұ­лт­тық мүдде тұр­ғы­­сынан қарастыру қажет деген пікір қалыптасуда. Шын мәнің­де, әр­бір ха­лық­тың тарихы сол халыққа қажет. Өз тарихын зерттей о­ты­ра жас ұрпаққа патриоттық тәрбие береді, өткенін таразылап, келешегін бол­­­жайды. Бұл принцип әлі толық зерттелмеген, шешімін тап­па­ған. Кез кел­ген халықтың тарихын тек қана сол халықтың көзімен қа­рап, он­ың мұң-мұқ­та­жы­мен сәйкестендіру қажет. XVIII ғасырдың ба­сын­да неміс тарих­шы­ларының орыс халқы туралы жазылған ең­бек­те­ріне ри­за болмаған М.В.Ломоносов «…историю Россий долж­ны писать при­родные россияне» де­ген ек­ен. Сондықтан да келешекте жа­зылар Қа­зақстан туралы еңбектер о­сы ұлт­тық мүддені көздейтін принцип не­гі­зінде пайда болар деп ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет