Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары



бет56/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   85
Байланысты:
Лекция тезистері

Қоғамдық прогресс
Қоғам дамуының жалпы тенденциясын әлеуметтік заңдар анықтайды.Ал тарихи оқиғалардың нақты үрдісі толып жатқан факторлардың өзара қарым –қатнасына байланысты.

Х1Х ғасырда ғалымдар арасында прогресс идеясы басым болды. Олар прогрессті бірқалыпты эволюциялық дамудың түрі деп есепте-ді.Кейде «эволюция заңдарына» бой алдырғанда бұл идея фатализмге айналып кетіп отырды.


Демокрит, Платон, Аристотель сынды антика замны-ның ойшылдары қоғам дамуының прогресситі концепциясын қолдады Жаңа заман, тіпті ,қазіргі кезде де осы концепцияны қолдайтындар бар.
Кейбір ғалымдар қоғам прогрессін материалдық өндіріс-тің дамуымен байланыстырады. (К. Маркс, О. Тоффлер, Р. Арон, Д. Белл және басқалар).
Иррационалдық бағытты қолдайтын ғалымдар қоғам дамуының регресс идеясын ұстанады. « Можно доказать, что все ведущее к нам, было упадком, человек, и как раз самый мудрый, – высшее заблуждение природы и выражение ее самопротиворечивости (самое страдающее существо): путь природы, приведший к настоящему, – падение».деп жаздыНицше.
К ейбір әлеуметтанушылар «даму»,»прогресс», «эволюция « сияқты терминдерді пайдаланбайды. Оның орынына олар «өзгеріс» сөзін қолданады.Әр заманның өзінің қайталанбас ерекшеліктері бар,сондықтан прогресс терминін пайдаланбаған дұрыс дейтін де ғалымдар бар.Қоғамдық прогресс тақтайдай тура жолмен алға жылжып бара жатқан процесс емес.Ол жолда кейде белгілі-бір қоғам күйзеліс-ке,құлдырауға ұшырауы тіпті күйреуі мүмкін.Бүтіндей өркениет,халықтар,ел тарих қойнауына кетеді.Бірақ, бұл жалпы прогресске тоқтау болмайды.Прогресс деп қандай құбылысты айтамыз? Оның қандай критерилері бар?Қоғам алға жылжыу үшін алдымен еңбек өнімділігі артуы.адамдардың тұрмысының одан әрі жақсаруы,азаматтық бостандық,мораль,білім алу тағы сол сияқты факторлардың әсері.Қоғам өмірі қат-қабат бірнеше сфералардан тұрады. Әр сфераның өз жүйесі бар.Осының бәрі алға қатар дамыған жағыдайда ғана прогресс жөнінде сөз болуы мүмкін
Әрбір тарихи қоғамның өз ерекшеліктері бар.Бір елде прогресситі, ал енді бір елде регрессивті құбылыстар басым болуы мүмкін.
Адамзат дамуының барлық халықтарға ортақ магистрал-ды жолы барма? Жер шарын мекендейтін барлық халық-тарының ортақ тарихы бар ма?
Бұл сұрақтарға екі жауап бар.Ғалымдардың бір тобы жоқ деп жауап береді. (Н. Я. Данилевский, О. Шпенглер).Дүние жүзі халықтары дамудың әртүрлі деңгейінде. Қайталан-байтын,томаға-тұйық,даму үстіндегі мәдениеттің түрлері бар. Бұлардың деңгйі әртүрлі.
Екінші көзқарас бойынша бүкіл қоғам бір магистралды жолдан өтеді.Барлық халықтар басынан қоғамдық-тарихи (эканомикалық) формацияны өткізуі керек( Маркс).Неме-се,индустрияға дейінгі( дәстүрлі), индустрия,постиндустрия-лы(Д. Белл); аграрлы өркениет– индустриальды өркениет –«үшінші толкын» өркениеті (О. Тоффлер)..
Географиялық жағыдайына, тұрмыс-тіршілігіне,рухани мәдениетінің деңгейіне,ел билігінің белсенділігіне т. с. с.байланысты әрбір тарихи қоғамның даму жолының өз ерекшеліктері болады. Бірақ, барлық халықтардың даму жолының жалпыға ортақ тенденциялары бар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет