Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары



бет53/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   85
Байланысты:
Лекция тезистері

Тарихи заңдылық түсінігі.
Қоғам дамудың заңдары – табиғат заңдары си-яқты объективті өмір сүреді. Өйткені, олар адам-дамның сана-сынан тыс қалыптасады, дамиды және уақыты келгенде тарих көшінен өтеді.
Заңдылықтардың қалыптасуы әлеуметтік алғы шарттарға байланысты болады. Құл иеленушік, феодалдыққоғамдық қа-тынастар тарих сахнасынан ығысты. Келесі қоғамдық қарым – қатынастарға орын берді. Бұл тарихтың бұлжымас заңдылығы
Ал қоғамдық заңдылықтарда өзіндік ерекшелік бар.Қоғам дамуының заңдары тек қана адамның іс - әрекеті арқылы іске асады.Егер адам немесе адамдар арасындағы қарым – қаты-настар болмаса, ешқандай да әлеуметтік заңдар, іске асырылып, қажетке жаратыла алмайды. Табиғат пен қоғам заңдарының осы бір ұқсастығын еске ала отырып, К.Маркс қоғам дамуы табиғи – тарихи процесс деп анықтады. Қоғамның дамуы, бір жағынан, табиғи процесс, өйткені ол табиғат сияқты қажетті және объек-тивті. Сонымен бірге, қоғамның дамуы тарихи процесс, өйтке-ні, ол – адамдардың іс - әрекетінің жемісі.
Бір сөзбен айтсақ, әрбір тарихи оқиғаның объективті жағы-дайлары және оларды іске асырудың субъективті факторлары бар.Тарихтың объективті және субъектвті факторлары – қоғамдық дамудың екі түрлі шарты.
Адам санасынан тыс және олардың қызметінің бағыты мен ауқымын көрсететін шарттар объективті фактор болып табылады. Мысалы, табиғат жағдайлары, өндірістің дәрежесі, материалдық, саяси қажеттіліктері осы шарттарға жатады.
Субъективтік факторға бұқараның, топтардың, пар-тиялардың, мемлекеттің, жеке адамдардың белгілі бір мақсатқа бағытталған іс – әрекеттері, олардың санасы, еркі, іс – қимылға бейімделігі жатады.
Объективті факторлар әруақытта негізгі болып табылады, бірақ олардың әрекеті субъективті фактордың әрекеті түрінде ғана көрінеді. Субъективті факторлар өздеріне қажетті объективті жағдайлар туғанда шешуші роль атқара алады.
Өзінің бағыты бойынша субъективті фактор прогрес-сивтік, консервативтік немесе реакциялық болуы мүмкін. Объективтік жағдайлар мен субъективтік факторлар-дың өзара қарым – қатынасы, тарихты адамдардың өздері жасайтындығын айқын көрсетеді, бірақ қалай болса солай өз еркіне сүйеніп емес, керісінше, тарихи дамудың объек-тивті заңдылығына иек артып отырады.
Субъективті фактордың құрамында ұйымдастыру және идеологиялық элементтері болады. Адамдар өз іс –әркеттерін терең және жан – жақты ұйымдастырған сайын, олар өз алдарына қойған мақсаттарын айқын түсіне алады. Мұның өзі оларға қажетті практикалық іс - әрекеттерді дәл тауып, дұрыс пайдалануына жол ашады. Еркіндік дегеніміз – қажеттілікті жан – жақты тану.
Тарихи процестің осы маңызды екі жағын әруақытта еске алып дұрыс түсіндіру оңай емес. Сондықтан да бір-жақтылыққа ұрынып отыру жиі кездесіп отырады. Сондай біржақтылықтың бір көрініс – волюнтаризм болып табылады. Олардың пікірінше тарихты жасайтын адамдар.Адма өзіне қандай қоғам керек болатын болса, сондайын жасап алады деп дәләлдеді. Волюнтаризм –қоғамдық дамудағы объективті заңдарды мүлдем жоққа шығаратын субъективті идеалистік бағыт. Адамның еркі абсолютті, сондықтан оның іс - әрекетінің объектвиті заңдылықтырға тәуелдігін жоққа шығарады.
Революциялық қозғалыстар тарихындағы Ресейдегі халықшылдар, эсерлер, қазіргі уақытта батыстағы кейбір анархистер волюнтаристерге жатады. Біздің еліміздің тарихында волюнтаризм элементтері көп болғанын мойындауымыз қажет. Волюнтаристік қимылдардың айқын көріністері Ш. Айтматовтың «Жан пида» романында бейнеленген.
Тарихқа волюнтаристік көзқарастардың терең тамыр-ларын антикалық, орта ғасырлық дәуірлерден көруге болады. Волюнтаризм қазір де жан – жақты дамып отыр.
Бірақ,тарихи заңдылықтарды мүлдем мойындамайтын ойшылдар өте сирек. Олардың көбісі тарихтың өткен жолындағы бұрынғы тәжірибелеріне көбірек көңіл бөліп, оларды болашақты түсіндіруге пайдалануға көңіл бөледі.Тарихи заңдылықты теріске шығару, тарихтағы аналогия-ны мойындаумен алмастыралады.
Волюнтаризмге қарама – қарсы теория фатализм – деп аталады. Фатализм – адам іс - әрекетінің еркіндігін жоққа шы-ғарады. Дүниеде болатын барлық процестер адам снасынан, оның еркіне тыс болады деп есептейді олар. Теологиялық фата-лизм – тарихта болатын оқиғалар дажеке адамның тағдыры да құдайдың ісі, соның құдіретімен болады деп есептейді.
Тарихтағыкездейсоқтық туралы ғылымда әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Мысалы, Демокрит, Спиноза, Гоббс,және XVIII ғасырдың материалистері оны мүлдем жоққа шығарады. Ал Вольтер, француз ағартушысы, тарихты кездейсоқтықтың ойыны – деп қарастырды. Қоғамдық өмірде қажеттілік пен кездейсоқтық өзара диалектикалық байланыста. Кездейсоқтық тарихи қажеттіліктің бір формасы болып табылады.
Ресейдің қазақ жерін жаулап алуы саясаты оның ХҮ111 ғасырдағы қажеттілігі еді. Ал енді орыс елшілігінің Әбілхайыр ханнмен 1731 жылы кездесуі кездейсоқтық , олардың Аблай ханмен де кездесуі мүмкін еді.Онда саяси ахуал мүлде басқаша өрбіуі ықтимал.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет