41
193 селолық аудан орталықтары электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945
жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті.
Республикада төртінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан аса
ұлғайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы
астықтың жалпы түсiмi 47 654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89 пайыз
асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының жаңа түқымдары өсіп жетілді. Атап
айтқанда, қазақтың ақ бас сиыры, алатау сиыры, қазақтың биязы жүнді қойы, арқар-
меринос қойы, Қостанай жылқысы будандастырылып, жаңа түқым алынды. Малдың
жалпы саны өсті: ірі қара-27, қой мен ешкі - 70, жылқы - 71 пайыз көбейіп, шошқа - 2,7 есе
артты. Дегенмен ауыл шарушылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар мен кемшіліктер
болғанын да айтуымыз керек. Бұл кезде республиканың мал шаруашылығы мейілінше
ауыр жағдайда еді. 1951 жылы бар болғаны 4,5 миллион ірі қара (1928 ж. 6,5 млн. болған),
1,5 млн. жылқы (3,5 млн.), 127 мың түйе (1 млн.) болды. Тек қой саны бойынша, олардың
тез өсетіндігі есебінен, 1928 жылдың дәрежесіне жақындады. 1928 жылы 18566 мың қой
болса, 1951 жылы қой мен ешкінің саны 18036 мың басқа жетті.
1946 жылы қуаңшылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының
зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек өнімділігі төмен
еді. Ауыл шаруашылығының әртүрлі жарғысын бұзушылық етек алды. Колхоздардың
меншігі талан-таражға түсті. Колхозшыларға еңбек күнге өнім бөлінбеді. Олардың
еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал
саясат жүргізіп, село түрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Олардың саяси құқықтары аяқ
асты етіліп, туған жерлерінен кетуіне тыйым салынды. Еңбек ақы төлеуде теңгермешілік
орын алды. Колхоздарда, совхоздарда өндірілген астықтың тұқымдық қордан басқасы
мемлекетке дайындық қорына алынды. Колхозшылардың, совхоз жұмысшыларының жеке
шаруашылықтарынан ет, сүт, жүн дайындау жүргізілді. Ауыл-селодағы мұндай ауыр
жағдайды өзгерту мәселесіне 50-жылдардың орта шеніне дейін көңіл бөлінген жоқ. Сайып
келгенде, өнеркәсіпті қалпына келтіру, оны жаңа деңгейге көтеру ауыл-селоны қанау
есебінен іске асты.
Достарыңызбен бөлісу: