Бақылау сұрақтары:
1. 1997 жыл - Ұлттық бірлік және жаппай саяси жазалау құрбандарын еске алу
жылы
2. Елбасының «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулерге бағытталған
бағдарламасының жаңа тарихи сананы негіздеудегі маңызы.
3. Байырғы Қазақ қоғамындағы батырлар мен билер институтын және қазақтардың
дәстүрлі көшпелілер мәдениетін зерттеудегі үдерістер
Әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.
2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан:
алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап/ Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев және т.б..
– Алматы, Қазақ университеті, 2016. – 264 с.
3. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие /Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: Zhasyl
Orda, 2015. – 328 стр.
4. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы,
2010.
5. Артыкбаев Ж.О.; Раздыков С.З. История Казахастана: Учебник. – Астана:
Фолиант, 2007. – 344 с.
Дәріс № 13. Қазақстан – замануи әлем мойындаған ел
(2 сағат)
1.Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін тануы, оны БҰҰ - на
қабылдауы.
2.Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы және Тәуелсіз Қазақстанның
сыртқы саясатының көпбағыттылығы.
3.Қазақстан Республикасының бітімгерлік миссиясы.
4.Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және оның нәтижелері.
5. Экономикалық одақ құру туралы келісімі және Кедендік одағының құрылуы
және қызметінің басталуы, оның маңызы.
6. Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы және оны жүзеге асыру.
7. Н. Назарбаевтың «Әлем.ХХІ ғасыр» манифесінің негізгі қағидалары.
1.
Қазақстанның дербес сыртқы саясатын жүргізу алғышарттары егемендіктің
қалыптасуымен қатар жүрді. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңесі елді
93
алғаш рет халықаралық құқықтың субьектісі деп анықтаған «Мемлекеттік егемендік
туралы
Декларацияны»
қабылдады.
Бұл
тарихи
құжатта:«Қазақ
КСР-нің
халықаралыққатынастардың дербес субьектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне
сай белгілеуге, дипломатиялық және консулдық өкілдіктер алмасуға, халықаралық
ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар», – деп жарияланды. Қысқа тарихи кезеңде,
1990 жылдардың басында Қазақстан сыртқы саясатта айшықты жетістіктерге жетті.
Қазақстанның егемендігін әлемнің барлық елдері және халықаралық ұйымдар мойындады,
көпвекторлы сыртқы саясат қалыптасты, әлемдік қауымдастықтағы беделі артты,
екіжақты байланыстар дами бастады. Қазақстан Республикасының Президентінің
бастамасымен ұсынылған ынтымақтастық жобалары үлкен резонанс тудырды, елдің
халықаралық аренада қолайлы имидж қалыптастыруынажағдай жасалды. Алматы және ел
ордасы Нұр-Сұлтанда 70-тен астам елшілік пен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері
тіркелді. Әлемнің 150-ден астам елінде Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері ашылды
және 70 халықаралық ұйымның мүшесі атанды.Мемлекет басшылығы сыртқы саясат
арқылы жетекші елдердің қолдауына сүйеніп, саяси-экономикалық, ивестициялық
байланыстарын кеңейтуге жағдайлар жасады. Қауіпсіздік мәселесі маңызды орын алды.
Президенттің өзін тәуелсіз елдің саяси көшбасшысы ретінде көрсеткен алғашқы мәселесі
ядролық мұра туралы болды. Бұл ретте 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонын
жабу туралы Жарлық шығарылды, ал 1994 жылы 5 желтоқсанда Будапештте ЕҚЫК-ның
кеңесінде Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың депозитарийлері – Ресей, АҚШ,
Ұлыбритания тарапынан Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігі туралы меморандумға қол
қойылды. Қазақстан Президентінің «Қазақстан – 2030» Жолдауында атап көрсеткендей,
«қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басымдық біздің сыртқы саяси қызметке және
Қазақстанның оның көршілермен, әлемнің жетекші елдерімен өзара тиімді берік қатынас
орнатуына» бағытталды.
1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында
көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес
мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар
орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол
– еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған
қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен
астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар
орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды.
Қазақстан 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ мүшесі болды, ал сол жылдың 15
маусымында Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы
тұрақты Өкілдігі құрылды. Қазақстан БҰҰ мүшесі болған 168-ші мемлекет. Қазіргі таңда
ұйымның құрамынада 193 мемлекеттің бар екені белгілі. БҰҰ-мен және оның жүйесіндегі
ұйымдармен ынтымақтастық жүргізу біздің мемлекетіміздің сыртқы саясатының басым
бағыттарының біріне айналды.
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануы жаһандану
жағдайындағы халықаралық ынтымақтастық пен саяси, экономикалық, экологиялық,
әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуге
толыққанды қатыса алуына мүмкіндік берді. Қазіргі күнде елімізде көпшілігі аймақтық
және субаймақтық мәртебеге ие БҰҰ жүйесінің арнайы мекемелері, қорлары мен
бағдарламаларының 16 өкілдігі жұмыс істеуде. Қазақстан мемлекеттердің халықаралық
қауымдастығында өзіндік орнын алды. БҰҰ Бас Ассамблеясының Қазақстанның
бастамасы бойынша Семей полигонының жабылу күні – 29 тамызды Халықаралық
ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялауы мұның маңызды айғағы бола
алады. Бұл қарусыздану және ядролық қаруды таратпау ісіндегі қазақстанның үлесін
әділетті және жоғары бағалау. Қазақстан халықаралық қауымдастықтың жауапты мүшесі
болды. Бұл 1992 ж. 2 наурызында тарихи мағынаға ие болған Қазақстанның БҰҰ-на
кіруімен тікелей байланысты. 25 жылға жуық Қазақстан осы беделді және әмбебап
94
ұйымның белсенді мүшесі болып келеді. Н.Ә. Назарбаев өзінің «Сындарлы он жыл» деген
еңбегінде «халықаралық және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сонымен алып
державалардың саясаты мен әр түрлі халықаралық ұйымдардың қызметіне байланысты
болып отыр, ал олардың ең бастылары – БҰҰ және және оның шешуші институттары ҚК,
Бас Ассамблея, МАГАТЭ және басқалар» деп көрсеткен.
2.Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамаларында (1995,
2000, 2005 жж. қабылданған) еліміздің сыртқы басымдықтары айқындалды. Қазақстан
өзінің сыртқы саясатында үш мәселеге ерекше назар аударды: біріншіден, басқа елдермен,
соның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу
Шығыс аймағы, Европа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету;
екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс орнатып қана қоймай, сонымен
қатар олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы
өркениетті елдердің қатарына қосылу; үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау,
дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.Міне, осы бағытта 90-
жылдардан бері еліміздің сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген
шаралар іске асырылды.
Қазақстан
бірқатар
жағдайларға
байланысты
әлемдік
қауымдастықтың
қызығушылығын тудырады: біріншіден, құрылықтағы геосаяси орналасу ерекшелігі;
екіншіден, ұлттық бірігу, толерантты этносаралық диалогтың үлгісі жүзеге асқан ел;
үшіншіден, бай минералды ресурстарға ие мемлекет, мұнай, газ, көмір қоры бойынша
әлемдегі көшбасшы елдің бірі, ірі астық экспорттаушы.
Ресей Федерациясы, ірі және тарихи шектескен мемлекет ретінде, іс жүзінде
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында басты басымдық болып табылады.
Елбасының пікірінше, көршілес екі елдің арасында ортақ келісім мен өзара мүддемізді
есепке ала отырып шешілмейтін мәселе жоқ. Ресеймен Қазақстанның арасындағы
ынтымақтастықтың тереңдеп дамуына 1998 жылдың 6-сы шілдесінде Мәскеуде қол
қойылған «Мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы» Декларацияның тарихи маңызы
зор. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктер және
Байқоңыр ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді.
2000 ж. Ресей мен Қазақстан қатынасы жаңа деңгейге көтерілді. Дәл осы кезеңде
Ресейдегі Қазақстан жылы және Қазақстандағы Ресей жылы сәтті өтті. 2005 ж. қаңтарда
Ресей мен Қазақстан арасындағы 7591 шақырымды құрайтын мемлекеттік шекара
белгіленген тарихи маңызды құжатқа қол қойылды. 2007 ж. стратегиялық жұмыс
жоспарына сай ғарышты бірлесіп игеру, әскери-техникалық ынтымақтастық, отын-
энергетикалық кешені саласында бірлескен жұмыстар жалғасын тапты. 2009 жылдан
бастап Қазақстан, Белоруссия және Ресей арасындағы Бірыңғай экономикалық кеңістіктің
қалыптасуының заңнамалық мәселелері жетілдіре бастады. Үш мемлекеттің Кеден одағы
Еуразиялық экономикалық қауымдастықтан бастау алды. Жалпы, Қазақстан мен Ресей кең
ауқымды әріптестік пен одақтастықты қарқынды дамыту жолымен келе жатыр. Екі
мемлекет тандемі еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылық пен дамудың факторына айналды.
Қазақстанның Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы байланыс та көп қырлы
сипатқа ие. Орталық Азия бес мемлекетін біріктіретін фактор олардың ортақ тарихы мен
мәдениеті болып табылады. 1994 ж. Орталық Азия экономикалық қауымдастығы
құрылды. 1998 жылы Тәжікстан Респуликасы қосылып, сол жылы шілде айында «төрттік»
Орталық Азия экономикалық қауымдастықты құруға келісті. Орталық Азия мемлекеттері
интеграцияланудың кең әлеуетіне және біріктіруші табиғи байлықтар мен адам
ресурстарына, үлкен тұтыну нарығына ие. Бұл факторлар экономикалық және саяси өзара
қатынастың тереңдеуі мен жандануына мүмкіндік туғызады.
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-
қатынас жемісті дамып келеді. Қазақстан – Қытай қатынастары нәтижесінде қол
жеткізілген келісімдер жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Қазақстан мен Қытай арасындағы
95
стратегиялық әріптестіктің ұзақ мерзімді әрі тұрақты дамуын «Тату көршілік, достық пен
ынтымақтастық туралы шарт» (2002 ж.23 желтоқсан), Қауіптің алдын алу туралы келісім
(2002), 2003-2008 жж. арналған «Ынтымақтастық бағдарламасы» (2003 ж. маусым),
Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы
келісім (2005) жанжжақты қамтамасыз етуде. Қазақстан мен Қытай Шанхай
ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) шеңберінде байланысын күшейтті.2011 жылы Қазақстан
мен Қытай ынтымақтастықтың жаңа сапалы кезеңі – жан-жақты стратегиялық
әріптестікке өтті.
Қазақстанның сыртқы саясатында Еуропалық Одақтың алатын орны ерекше.
Елімізбен Еуроодақ ынтымақтастығының негізі 1995 ж. қол қойылған «Әріптестік және
ынтымақтастық туралы» Келісіммен анықталады. Ал, Қазақстан мен ЕО арасындағы
қарым-қатынастың құқықтың негізі 1999 жылғы Әріптестік пен ынтымақтастық келісімі
болып табылады. Осы кезеңнен бастап елімізде, ЕО -да маңызды саяси, экономикалық
және әлеуметтік өзгерістерді өткерді, тараптар осы өзгерістерді көрсететін жаңа базалық
келісімге келісті.Қазақстан ЕО-ның сенімді әрі жауапты энергетикалық әріптесі болып
қала бермек. 2011 ж. Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы сыртқы сауда айналымы 50
млрд. АҚШ долларын құрады. 1993 және 2011 жылдар аралығында ЕО елдерінен
Қазақстан экономикасына салынған инвестицияның мөлшері 65,7 млрд. АҚШ долларына
жетті. Негізгі инвесторлар: Нидерланды, Ұлыбритания, Италия және Франция.
Егемен Қазақстанның көп бағытты сыртқы саясатының тағы бір үлгісі Қазақстан
Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарым-қатынас.1991 ж. 25
желтоқсанда АҚШ еліміздің тәуелсіздігін мойындады. Ал, 1992 ж. қыркүйекте АҚШ-тың
Қазақстандағы елшілігі ашылды. Екіжақты қарым-қатынастың әрі қарай кеңеюіне
Президент Н. Назарбаевтың АҚШ-қа 1994 ж. ақпандағы ресми сапары ықпал етті. Екі
мемлекет арасында «Демократиялық әріптестік туралы хартияға» қол қойды. Хартия
әлемнің жетекші державасымен әріптестік қатынастың орнағандығын бекітті.
Тәуелсіз Қазақстанның өзара қатынас жүйесінде Түркиямен екіжақты қарым-
қатынас ерекше орын алады. 1994 ж. Қазақстан мен Түркия арасында Достық және
ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Екіжақты Қазақстан Түрік қатынастарының
маңызы зор. 2009 ж. Президент Н.Ә. Назарбаевтың аймақтық құрылым бола алатын түркі
тілдес елдердің ынтымақтастық кеңесін құру бастамасы үлкен еуразиялық мәнге ие.
Сондай-ақ,
Қазақстан
Азия
жәнееуропалық
және
американдық
бағыттағы
мемлекеттерменекіжақты саяси, экономикалық, мәдени ынтымақтастық туралы келісімге
қол қойып, экономикалық, ынтымақтастық және Қазақстан экономикасын шетелдік
инвестиция үшін алғышарттар туындады.
Достарыңызбен бөлісу: |