96
Еліміз халықаралық деңгейдегі дау-жанжалдардың, шиеленістердің,
қарулы
қайшылықтардың тігісін жатқызып, тараптарды татуластырып, ағайындарға араша болып
әлемдік қоғамдастықта өз орнын айшықтап алды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаевтың араласуынан кейін бітіспес жауға айналған көршілер, ат құйрығын кесіскен
мемлекеттер тоқтамға келіп, татуласып жатқан жағдайлар аз емес. Бұл, әлбетте еліміздің
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызмет етуіне өзіндік ықпалын
тигізгені анық.
Қазақстан әскерін бітімгерлік миссияларында тәжірибелі жасақ болды деп айтуға
толық негіз бар. Тәжік-Ауған шекарасын күзеткен қазақстандық сарбаздардың есімдері ел
жадынан шықпайды.
Қазақ сарбаздары 2003 жылдан бастап бес жылдай
уақыт Иракта қақтығыстар
өткен аумақтарды минадан тазарту, жергілікті тұрғындарды саперлік жұмысқа үйрету,
халыққа медициналық қызмет көрсету арқылы жұртшылықтың ықыласына бөленді. Бұл іс
жүзінде абыройлы миссия болатын. Міне «ҚАЗБАТ» атағының дүркіреген кезі осы.
Айтылған уәж дәйекті болуы үшін, сандарды сөйлетсек, Ирактағы миссия барысында
қазақстандық сарбаздар 4 млн-нан аса
жарылғыш заттың көзін жойды, 6718 текше метр
суды тазартып шықты. Ирак әскери академиясының 572 курсанты жарылғыш заттарды
жоюға оқытылды. Бұған қоса лаңкестік әрекеттердің кесірінен жараланған 5 мыңнан аса
азаматқа медициналық көмек көрсетілді. Олардың көбі әйелдер мен бала-шаға болатын.
Енді берідегі бітімгерлікке тоқталсақ, Иран Ислам
Республикасының ядролық
бағдарламасына шүйліккен әлемдік қоғамдастық 2013 жылы іске Қазақстан Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың араласуынан кейін кең тыныстай бастады. Сол жылы Алматыда
бас қосқан Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция,
Германия мен Иран тараптары
мәселені реттеуге келіскен-ді. Келіссөздердің нәтижелі болғандығын Еуропалық одақтың
араға екі жыл салып Қазақстаннан тағы да араағайындық етуді сұрағандығынан да
байқауға болады. Әрине біздің Президенттің халықаралық деңгейдегі беделі арқылы
мүдделі тараптар келісімге келіп, Иранды көптеген жылдар бойы
бас көтертпей отырған
қысымдар бәсеңдеді. Ресей мен Түркия арасындағы шиеленістерді шешудегі біздің
мемлекеттің, Мемлекет басшысының рөлі аса маңызды болды.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізудің зор жауапкершілігін арқалай алатын
Қазақстан кешегі Сирия дағдарысында да тараптардың басын қосып, күн-түнге созылған
құжаттардың қабылдану сатысына алаңдаған әлемдік қоғамдастық ел ордаға көз тігіп
отырды.
Жалпылай алғанда, БҰҰ 1948 жылдан бері 69 бітімгерлік миссия ұйымдастырған.
Қазірдің өзінде жер шарындағы 16 «қауіпті нүктеде» жүз
мыңнан аса бітімгер қызмет
етуде.
Достарыңызбен бөлісу: