48
дәрігерден келді. 1987 жылы мектеп жасына дейінгі баланы балалар мекемелерімен қамту
53% ғана болды.
1990 жылы КСРО-ның орасан зор кеңістігінде экономикалық дағдарыс бодды.
1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру
және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1.
Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына
айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін
түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде
«Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда тауар-ақша қатынастарының
рөлі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес тауар өндірушілер ретінде
қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге
негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі
енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғамның саяси құрылымдарын
жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын
болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті
тұтынатын тауарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым
айында болған КОКП XIX Бүкілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік
экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады:
1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер
жасау мүмкін еместегін мойындау.
2. Демократияландыру мен жариялылық.
3. Төрешілдікке қарсы күрес.
4. Халықтық реформа жүргізу.
5.Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.Осыдан кейін қайта құруды
жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.
Достарыңызбен бөлісу: