52
кейін 1991 жылы 24 шілдеде Горбачев салтанатты түрде «Одақты» келісім бойынша
жұмыс аяқталдың және «қосыламын деушілерге» есігіміз ашық деп жариялады. Армения,
Грузия, Латвия, Литва, Молдова, Эстония бұл келісімге қосылмайтындықтарын білдірді.
Орталық Азиялық мұсылман елдері орталыққа өз ойларын білдірмей, екі жақтық
келісімдерге отырды.
1991 жылы 19 тамызда ТАСС, КСРО-дағы төтенше жағдайлар бойынша
мемлекеттік комитеттің құрылғаны туралы жариялады (ГКЧП). Оның құрамына КСРО-
ның вице-президенті Г.Н.Янаев, премьер-министр В.С.Павлов, президенттің жанындағы
қорғаныс кеңесінің жетекші орынбасары О.Д.Бакланов, ішкі істер министрі Б.К.Пуго,
қорғаныс министрі Д.Т.Язов, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жетекшісі В.А.Крючков
және т.б. Бұл жаңа келісімге қол қоюға кедергі жасауға бағытталған саяси дағдарыс.
ГКЧП оппозициялық партия мен қозғалыстар және бірнеше газеттердің қызметтеріне
тиым салу туралы шешім қабылдады. ГКЧП-ның құрылуына жауап ретінде Москва,
Ленинград және т.б. қалаларда көптеген демонстрациялар мен митингтер болды. Осы
ГКЧП-нің қызметіне қарсылардың басында РСФСР-дің президенті Б.Н.Ельцин және басқа
Ресей Федерациясының жетекшілері тұрды. Ельциннің жарлығымен ГКЧП-нің құрылуы
мемлекеттік төңкеріс шарасы ретінде қарастырылып, атқарушы биліктің одақтық
органдары РСФСР президентіне қайта бағындырылды. 22 тамызда ГКЧП жойылды. Оның
мүшелері және басқа да қызметкерлері сотталды. 23 тамызда Ельциннің жарлығымен
РСФСР территориясында Компартияның қызметі тоқтатылды. 24 тамызда Горбачев өзінің
ЦК КПСС бас хатшылығынан кететіні туралы жариялады және ЦК мүшелеріне өз өзін
таратуға шақырды. Одақтас билік органдарының қызметі тоқтатылды. Москвадағы
орталық билік Ресей жетекшілігіне өтті. Латвия, Литва, Эстония КСРО-дан шығу туралы
жариялады, олардың тәуелсіздігі КСРО-ның ресми жетекшісі тарапынан 1991 жылы 5
қыркүйекте танылды. Тамыз дағдарысы дезинтеграция үрдісін күшейтіп, КСРО-ның ары
қарай ыдырауын тездетті. 1991 жылы 1 желтоқсанда Украинаның 80 пайызы өз
республикаларының тәуелсіздігі үшін дауыс берді. Бір аптадан кейін Ресей, Украина,
Белоруссия президенттері Минскіде жиналып, «Кеңес Одағы енді жоқ» деп жариялады.
Олар «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы» құрылғаны және «бұрынғы КСРО елдері үшін
ашық» деп жариялады. 21 желтоқсанда Алматыда ТМД-ға 8 республика қосылды,
осылайша олар КСРО-ның ыдырағанын айғақтай түсті.
ТМД өз өмірі кезінде бірнеше кезеңнен өтті:
1.
Бірінші кезең - 1991 мен 1993 жылдар аралығы. Одақтас Республикалар
саяси тәуелсіздігін алады. Мемлекеттілігін, қаржы-экономикалық, кеден, шекара
құрылымдарын бекітеді. Бірақ олардың халықшаруашылық кешені біртұтас
экономикалық кеңістікте, бір валютамен өз жұмысын жалғастырып жатады.
2.
Екінші кезең - 1993-1996жылдар. ТМД мемлекеттері өздерінің саяси
егемендігін нығайта түседі, өз беттерімен халықаралық қауымдастыққа кіреді, өздерінің
кеңес одағына кірмеген жақын көршілерімен шаруашылық байланыстарын орнатады. Ал
Достастық шеңберінде бірге келісілген шешімдерге байланысты қатынастар ауырлай
түседі. Көптеген келісілген заттар орындалмай қалады. Бірақ кейбір мемлекеттер тығыз
қатынастар орнатуға деген талпыныс байқалады, мысалға кеден одағы, Орталық Азиялық
Экономикалық қауымдастық.
Үшінші кезең 1997 жылдан басталады. Достастықтың бүкіл мүшелері дағдарысты
мойындайды. Осы дағдарыстан шығу жолдары мен ортақ мақсат-мүдде қарастырыла
бастайды. Кейбір мемлекеттер, ғалымдар ТМД-нің барлық атқарушы органдарын
біріктіріп, бірінші орынға экономикалық ынтымақтастықты қоюды, еркін сауда, кеден,
тарифтік зонасын құруды валюталық одақ идеясын ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: