55
2.
1991 жылы тәуелсіздігін жария еткен Қазақстан өзінің құрдас мемлекеттері
секілді өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын бастан кешірді. Өтпелі кезеңдегі негізгі
мақсатымыз жоспарлы экономикадан нарықтық сатыға көшу болатын. Бұрыннан бағынып
келген орталықтың күл-талқаны шығып, салааралық тұрмақ, өңіраралық байланыстардың
аяқ астынан «жоғалуы» барлық саланы дерлік құлдыратуға сүйреді. Бұл Қазақстан
тәуелсіздігінің тарихындағы алғашқы экономикалық дағдарыс болды. 90-шы жылдардың
басында төске өрлеген гиперинфляциямен, өндірістің толық тоқтатылуымен, төлемсіздік
дағдарысымен күрес экономикалық жағынан да дербестікке ұмтылған жас мемлекетіміз
үшін үлкен сынақ болды.
Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы 5-6 жылын түбегейлі дербес мемлекеттікті
қалыптастыру, ішкі және сыртқы саясаттың жаңа жүйесін құру, экономиканы жұмыс
істеуге мәжбүр ету, оны жекешелендіру, яғни либералды мемлекетті, либералды
экономиканы қалыптастыру үшін тынымсыз жұмыстарды бастан өткерді. Соның
арқасында тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ дағдарыстың жағымсыз салдарынан
қарсы тұра алатын экономика құруға шама жетті.
Елбасы алғаш рет 1996 жылы 8 қазанда Қазақстан халқына «Елдегі жағдай және ішкі,
сыртқы саясаттың 1997 жылға арналған негізгі бағыттары туралы» атты Жолдау жасады. Бұл
Жолдауда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев еліміздің тәуелсіздік
алғаннан бергі бес жыл уақыт аралығында жүзеге асырылған саяси-экономикалық және
әлеуметтік мәселелер бойынша реформаларға жан-жақты тоқтала отырып, терең талдаулар
жасады.
«Ішкі және сыртқы саясаттың бағыттары мен басымдықтары» деген Жолдаудың
екінші бөлімінде Президент елдегі мемлекеттік-құқықтық құрылыс, сыртқы саясаттағы
бағыттарға арнайы тоқталды. Негізінен алғанда, Елбасы Жолдауда демократиялық,
құқықтық және әлемге ашық мемлекет құру жолындағы басты мақсат-міндеттерді ашып
көрсетеді. Сондай-ақ, Жолдауда іске асырылып жатқан экономикалық реформалар
барысын жүйелі саралап, әсіресе, жекешелендіру, шағын және орта бизнес, тұрғын үй
құрылысы, шетелдік инвестицияларды тарту, қылмысқа қарсы күрес, бюджет саясатының
басымдықтары сияқты сол уақыттағы аса күрделі мәселелерді жан-жақты қарастырды.
Маңыздысы, Жолдауда ел өміріне, әлеуметтік-экономикалық ахуалға көп көңіл бөлінді.
Қоғам дамуы ел
өмірімен, экономика және саясат төңірегінде кең өріс алды.
3.Қазақстан егемендік алғаннан кейін зайырлы, демократиялық, құқықтық және
әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Мұны іске асыруда еліміздің тарихи және отарлауда
болған мұрасы, оның саяси мәдениетінің өзіндік ерекшелігі, мемлекет пен қоғамның өзара
қарым-қатынасы жан-жақты ескерілді. Елімізде саяси партиялардың және партиялық
жүйелердің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз және
автономиялық жергілікті басқарудың дамуына көп көңіл бөлінді. Қоғамды
демократияландыру барысында жаңа саяси институттар - парламент, 1993-ші және 1995
жылдардағы конститутциялар
қабылданды, тәуелсіз сот билігі қалыптасты.
Тәуелсіздік алған алғашқы кезден бастап, елде болып жатқан өзгерістерді талдау
арқылы Қазақстан басшысы өзінің назарын болашақтың бағытын айқындауға аударды.
Атап айтқанда, Президент Н. Ә. Назарбаев 1992 жылы жарық көрген "Қазақстанның
егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы" - деген еңбегінде
жаңа тарихи жағдайға байланысты еліміздің егеменді мемлекет болуының стратегиялық
міндеттерін көрсетіп берді. Онда айтылған кейбір маңызды қағидалар мен тұжырымдар
Егемен Казақстанның бірінші Конституциясында өзінің көрінісін тапты.
Бұдан кейін мемлекет алдында бой көтерген жаңа тактикалық мақсаттардың іске
асу шаралары белгіленді. Оны Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің 1993 жылы жазған
"Қазақстанның болашағы - қоғамдық идеялық бірлігінде" - деген еңбегінде ашып берді.
Мұнда Президент Тәуелсіз еліміздің одан әрі күшейіп нығаюында қоғамдық
ынтымақтастық пен жарастықты іске асырудың жолдарын анықтады.
56
1992 жылдың басында Жоғарғы Кеңес президиумының жаңа мемлекеттік
символиканы дайындау бойынша жұмыс тобын құру туралы қаулысы шықты. Соған
сәйкес арнайы шығармашылық комиссия құрылды. Оның құрамына Салық Зиманов,
Ербол Шәймерденов және т.б. сияқты қайраткерлер кірген. Елтаңба, Ту, Әнұран
жобаларын жасау байқауы жарияланып, оған 600-ден астам адам қатысты. Мемлекеттік ту
эскиздерінің шығармашылық еңбектері бар барлығы 1200 өтінім берілді. Сондай-ақ
болашақ Мемлекеттік Елтаңбаның 245 сурет жобасы мен 67 суреттемесі және
Мемлекеттік Әнұранның 750 нұсқасы ұсынылған. Байқау қатысушыларының алдында
күрделі міндет тұрды. Мемлекеттік рәміздер тек эстетикалық талаптарға жауап беріп
қоймай, тарихи, саяси, экономикалық символизмге сәйкес келуі тиіс болды. Жас егеменді
мемлекеттің саяси мәні мен мақсатын нақтылы түрде көрсететін көркемдік шешім табу
қажет болды. Бұл Шәкен Ниязбеков (Ту авторы), Жандарбек Мәлібеков және Шота
Уәлиханов (Елтаңба авторлары), Шәмші Қалдаяқов (Әнұран әуені), Жұмекен
Нәжімеденов (Әнұран мәтіні) сияқты шеберлердің қолынан келген іс болды. Мемлекеттік
рәміздерді
қабылдау
процесінде
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың рөлі ерекше болды. Мемлекеттік Әнұран мәтініне жекелеген түзетулер
енгізген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев біріктірілген авторлық ұждымның
құрамына кірді. Мемлекет басшысы сондай-ақ терминдердің қазақ тілінде
пайдаланылуына көңіл аударды. Оның бастамасы бойынша «елтаңба», «әнұран», «нышан,
рәміз» сияқты ресми терминдер енгізілген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
рәміздері 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: