57
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан
Республикасының астанасынан екi адамнан, тиiсiнше облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың және республика астанасының барлық өкiлдi органдары депутаттарының
бiрлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жетi депутатын
Сенат өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды.
Мәжiлiс жетпiс жетi депутаттан тұрады. Алпыс жетi депутат республиканың
әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың
саны тең бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланады. Он депутат бара-
бар өкiлдiк жүйесi бойынша және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы
бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланады.
Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының
өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.
Достарыңызбен бөлісу: