6. Экспо
2017 - Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық
көрмелер бюросы (ХКБ) ұйымдастырған Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10
маусым мен 10 қыркүйек аралығында өткен. Ұйымдастырушылары таңдаған тақырып -
Future Energy (Болашақ қуат). ЕХРО 2017 көрмесіне 115 мемлекет және 22 халықаралық
ұйым қатысты. Көрмені тамашалауға 3 млн адам келді.
EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық
форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі
спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға.
1851 жылы Лондонда өткен бірінші Бүкіләлемдік өнеркәсіп көрмесінен бастау
алған EXPO халықаралық көрмесі әр жыл сайын зор танымалдыққа ие болып, барлық
қатысушыларға әлемнің экономикалық, технологиялық және мәдени жетістіктерімен
танысуға тамаша мүмкіндіктер беріп келеді. Көрме сондай-ақ инновациялық идеялар
алмасу және болашаққа қатысты ұжымдық көзқарас мүмкіндіктерін сенімді көрсету үшін
ерекше алаң болып табылады. Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер
бюросына мүше ел болып табылады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап
қатысып келеді. Испанияның Сарагоса ЕХРО-2008 көрмесінің қорытындысы
бойынша «C» категориялы 104 қатысушы ел ішінде, біздің еліміздің павильоны сыртқы
және ішкі рәсімдеу өлшемдері бойынша қола медальмен марапатталды.
2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық
мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия
құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды.
EХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік
энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде
бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны
пайдалануға мүмкіндік береді. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми
базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты
серпін берді.Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына
елеулі серпін берді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен
инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызды.