Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет42/70
Дата19.04.2022
өлшемі1,09 Mb.
#31539
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   70
Байланысты:
лекция Қаз қаз зам тарихы.2 (1)

 
4. 
2015  жылы  желтоқсан  айында  бекітілген  Қазақстандық  бірегейлік  пен 
бірлікті  нығайту  және  дамыту  тұжырымдамасының  мақсаты  –  азаматтық  қағидаттарына 
және  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  патриоттық  идеясы  құндылықтарына  негізделген 
қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамыту. 
Тұжырымдаманың міндеттері:  азаматтық қағидаттарында қазақстандық бірегейлік 
пен бірлікті нығайту және дамыту жөнінде барлық  деңгейдегі мемлекеттік органдар мен 
азаматтық қоғам институттарының бірыңғай жұмыс жүйесін, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық 
патриоттық  идеясы  құндылықтары  негізінде  жаңа  қазақстандық  патриотизмді  құру;  ел 
дамуының  стратегиялық  мақсаттары  төңірегіне  топтасқан,  қазақстандық  бірегейлік  пен 
бірлік  қағидаттарында  тәрбиеленген  «Мәңгілік  Ел»  жаңа  қазақстандық  патриотизм 
ұрпағын  қалыптастыру;  еңбек  және  кәсіпқойлар  қоғамын  қалыптастыру,  онда  отбасы, 
достық, бірлік, сондай-ақ еңбексүйгіштік, адалдық, оқығандық пен білімділік, үштілділік 
сияқты  құндылықтар  дәріптеледі;  орталық  мемлекеттік  және  жергілікті  атқарушы 
органдардың  тарихи  ескерткіштер  мен  халықтың  рухани-мәдени  мұраларын  нығайтуға, 
сондай-ақ  Қазақстан  қоғамының  рухани  бірлігі  қағидаттарына  негізделген  мемлекеттің 
зайырлы  сипатын  дамыту  жөніндегі  шараларға  бағытталған  мемлекеттік  бағдарламалар 
мен  жобаларды  іске  асыруы.  Сонымен  қатар,  орталық  мемлекеттік  және  жергілікті 
атқарушы органдардың Тұжырымдама іс-шараларын, сондай-ақ болашағы біртұтас ұлтты 
қалыптастыру  басымдықтарын  іске  асыру  жөніндегі  қызметін  мониторингтеу,  есеп  беру 
және бақылау тетігін қалыптастыру.   
Тұжырымдаманы  іске  асыру  кезеңдері:  2015  –  2020  жылдар:  ҚХА  туралы 
заңнаманы  жетілдіру;  елдегі  қоғамдық  келісім  кеңестерінің  жүйелерін  одан  әрі  дамыту; 
ҚХА  медиация  жүйесін  және  ҚХА  қайырымдылық  жүйесін  қалыптастыру;  қоғамдық 
бақылау  жүйесін  қалыптастыру;  заңнаманы  жаңғырту  және  ҮЕҰ-ны  мемлекеттік 
қолдаудың жаңа нысандарын (гранттар мен сыйлықтар) енгізу. 2021 – 2025 жылдар: білім 


77 
 
беру жүйесін үш тілге көшіруді аяқтау; ҮЕҰ-ның жергілікті басқаруға қатысуын кеңейту; 
елде  қоғамдық  бақылау  жүйесін  қалыптастыруды  жетілдіру;  «Мәңгілік  Ел» 
құндылықтарын  қоғам  мәдениетінің  негізі  ретінде  бекіту;  жаңа  қазақстандық 
патриотизмді нығайту үшін жағдайлар жасау; өскелең ұрпақтың бірегейлігі және оларды 
әлеуметтендіру саласының тетіктері мен инфрақұрылымын дамыту және нығайту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет