104
тарихшы кемесі жолаушы келер ұрпаққа жеткізуге тиіс; - Тарихқа археологиялық
зерттеулер тұрғысынан қарамай, өмір тану тұрғысынан қарау керек; - Бүгінгінің тұнығы
мен тұманы қабаттасқан тарихтың тұңғиығы мен тамырластығын ашу қажет. Қазақ елі
тарихының концептуальды жолы тайға таңба басқандай жазылған-ды. Қазақтың рухани
тарихы қазақтың тарихи тұлға ретінде қалыптасқанынан жазылып отыр. Ұлы далада өз
өрнегін салған, ұлттық құндылығын, тарихын жасаған, жерін қалыптастырып, қоғамдық
қатынас орнатқан халық қана рухани дүние қалдырмақ.
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» кітабы Қазақстан Республикасының
ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы,
халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан
Республикасында
болған
жағдайлары
мен
өзгерістері
туралы
айтады.
Елбасының Қазақстан жолы» кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де
жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің
қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл – Қазақстанның 2030
жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел
Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық
валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген
тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы
Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап
Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітаптың
Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп
сенеді.
Достарыңызбен бөлісу: