105
аясында жастардың болашаққа деген сенімін айқындап, қажырлы еңбек ете отырып,
келешекті кемел ету жолында жастардың үлесі зор екендігін баса айтты.
Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында білім және ғылым
саласына ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті.
Бұл тарихи құжатта дағдарысты еңсерудің кешенді шаралары ғана көрсетіліп
қоймай, еліміздің әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуіне қажетті жағдай,
ұзақмерзімдік даму жолы анықталып отыр.
Бүгінде көптеген әлемдік алаңдарда саясаткерлер, экономистер, сарапшылар
дағдарысты еңсеру, сондай-ақ, ұлттық экономиканың өсімін сақтап қалу жөніндегі
тұспалдар мен болжамды шараларды қарастырып жатқанда, еліміз Елбасының
стратегиялық көрегендігінің арқасында алғашқылардың бірі болып айқын, әбден
пысықталған іс-қимыл жоспарын қабылдады.
Алғашқы кезекте экономиканың елдің дамуына және азаматтарымыздың әл-
ауқатының артуына неғұрлым оң әсерін тигізетін салаларына қолдау көрсетіледі.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Үкіметке барлық әлеуметтік міндеттемелермен
сөзсіз қамтамасыз ету міндетін жүктеді.
«Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық саясаты – бұл болашақтың инфрақұрылымын
кең көлемде инвестициялау есебінен экономиканы жүйелі түрде қайта құру. Көлік,
индустриялық,
энергетикалық,
тұрғын
үй-коммуналдық
және
әлеуметтік
инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ шағын және орта бизнеске барынша қолдау көрсету
тұрақты экономиканың негізі – мықты орта тапты қалыптастыра отырып, болашақ
Қазақстанның іргетасын мызғымастай етіп нығайтады.
«Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру дегеніміз – жүздеген мың қосымша
жұмыс орны, жаңа өндірістер, бизнесті жандандыру және қазақстандықтардың әл-ауқатын
арттыру.
Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің, оның ішінде АҚШ пен Германияның
тәжірибесі инфрақұрылымды кең көлемде инвестициялау болашақ өркендеу үшін
мызғымас негіз қалыптастыратынын көрсетеді.
Қазақстан «Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық саясатының жүзеге асырылуын
Ұлттық Қорға жиналған қаржының арқасында қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: