3. 2014 жылғы 15 желтоқсанындаҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік
күніне арналған салтанатты жиында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің
«Тәуелсіздік толғауын» жариялады.
«Халқымыздың қастерлі Тәуелсіздігі мен Мәңгілік Еліміздің болашағы мені үнемі
толғандырады. «Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы қандай болуы керек?» деген сауалды
мен өзіме сәт сайын қойып отырамын. Осы жайындағы ой орамдарын қағазға түсіріп
«Тәуелсіздік толғауы» деп атағым келді. Ол азат еліміздің күллі азаматтарына, жалынды
жастарға бүгінгі буынның ерен істерін лайқыты жалғастырып, ертеңгі ұрпаққа арналады»,
- дей келе сол толғауын да жариялады. «Заман ағымы бізді Қазақстан Республикасы
тұңғыш рет тәуелсіз ел ретінде әлемге әйгіленген тарихи дата - 1991 жылдың 16
желтоқсанынан күн сайын, сағат сайын алыстатып барады. Біз жыл өткен сайын сол бір
тарихи таңдаудың сарқылмас құдыретін жан жүрегімізбен түсінеміз. Ол - егемен
мемлекетте бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүру таңдауы. Ол туған
жеріміздің қазынасы мен қазба байлығына дербес иелік етіп, барша қоғамның игілігі үшін
өз қалауымызбен жұмсау таңдауы. Ол - өз тағдырымызды өзіміз айқындау,
болашағымызды өз қолымызбен жасау таңдауы. Біздің жаңа Қазақстанымыз жарық
жұлдыз болып дүниеге келді. Баршамызды Тәуелсіздіктің Ұлы рухы жебейді, біріктіреді,
бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтады», - деп толғайды Елбасы. Бұдан бөлек,
Елбасы Тәуелсіздік - сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін
төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі екенін, Тәуелсіздік кешегі батыр бабалар өсиет
еткеніндей, Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар
шешімі екенін де атап өтті.