Топырақтың ластану факторлары
Эрозия Батпақтану
Кеберлену Тұздану
Республиканың табиғи және антропогендік экожүйелерінің бұзылуын
интегралды бағалау әсер ету факторлары мен деградация дәрежесімен,
типімен сипатталады. Биологиялық табиғи өзін-өзі реттеу түрлі дәрежеде
бұзылған барлық экожүйелерге тән. Бірақ табиғи белдеулік жүйелердің толық
қалпына келу үрдісі өте сирек кездеседі. Қалпына келу үрдісі жылдам (10
жылға дейін) немесе ұзақ (50-100 дейін және одан көп жыл) мерзімді болуы
мүмкін. Олардың ұзақтығы олардың бұзылу дәрежесі мен сипатына,
пайдалану нұсқасына, бірлестік мелиорациясын қолдану нұсқаларына тәуелді.
Жыртылған жерлерде топырақ эрозиясы мен дегумификация үрдісі
күшейген. Қарашіріктің мөлшері 25-30% азайған. Осыған байланысты
топырақтың құнарлығы нашарлап, астық дақылдардың өнімділігі төмендеген.
17 млн. га жыртылған жерлер тыңайған, жайылымға шығарылды. Бірақ ұзын
шөпті арамшөптермен қаптаған тың жерлер егістердің зиянкестерінің
санының артуына ықпал етеді. Топырақтың сортаңдануы, су және жел
эрозиясы, қарашіріктің азаюы, суарудан қалған сулардың қайтадан жібергенде
жерлердің сортаңдануы республикада топырақтық 90% астамын қамтиды.
Топырақтың ластануы шөлейттенуді алып келеді, бұл Қазақстандағы басты
проблема. Ластану қарқынды жүруде, соңғы жылдары 30 есеге өсті.
Шөлдену-
жердің деградацияға ұшырап, биологиялық қоры азайып,
табиғи экологиясы нашарлап , халықтың денсаулығына кері әсер етеді.
Орталық Азияда Қазақстан шөлденуден 1 орында. Бізде шөлденудің барлық
түрі кездеседі.
1.
Жердің техногенді бұзылуы
2.
Өсімдіктің өнімділігінің азаюы
3.
Дебуфикация
4.
Жел,су эрозиясы
5.
Топырақтың жер асты суларының химиялық, радиоактивті ластануы
|