Қазақстан аудандарының шөлдену дәрежесі бойынша таралуы
Қазақстанда 12 млн жер жел эрозиясына, 5млн су эрозиясына ұшыраған. 6,5
млн га жайылым әртүрлі деградацияға ұшыраған, жалпы 10 млн га
деградацияға ұшыраған.
Қазақстан Республикасының топырағының деградациялануының ең басты
проблемасы жердің жеке меншікке өтуі.
Топырақтан сынама алу әдістері.
Топырақ белгілі бір учаскеге тән болуы керек. Бүкіл учаске бойында
біртекті топырақ болса, шахмат ретімен орналасқан әртүрлі жерден бірнеше
ойық немесе учаскенің ортаңғы сызығымен әртүрлі тереңдікте алады.
Топырақ сынамасын арнайы бұрғымен немесе таза күрекпен алады. Салмағы
2-3 килограмм болатын әрбір сынаманы үйкелген қақпақты шыны ыдыстарға,
таза қапқа немесе тығыз орама қағаздың қос қабатына салады да, мерзімі үлгіні
алған жер мен алу тереңдігі көрсетілген жапсырма қағазбен қамтамасыз етеді.
Зертханада топырақтың таңдалып алынған сынамаларын қағаз беттерге жұқа
қабат етіп себеді, кесектерін ұсатып, ауада кептіреді. Талдау үшін 0,5-1,0
килограмм топырақ алынады. Зертханалық зерттеулер алдында топырақтан
тамырлар және басқа да тән емес қоспаларды тазартады да, пайыздық
қатынасын анықтау үшін оларды өлшейді.
Топырақ ластануын болдырмау үшін мынадай шараларды жүргізу
керек:
•
табиғатты қорғайтын заңдарды бұлжытпай орындау;
•
қоршаған ортаның сапасына бақылау жүргізетін мекемелер қызметін дұрыс ұйымдастыру;
•
топырақты ластаушы заттардың қасиеттерін, жылжу тәртібін, топырақ процестеріне қатысуын зерттеу;
•
зиянды заттардың шекті мөлшерлерін нормалау;
•
қауіптілігі бойынша пестицидтерді топтастырып, кейбір түрлерінің қолданылуын шектеу;
•
ауыл шаруашылығында зиянкестермен, арам шөптермен күресу үшін химиялық әдістердің орнына биологиялық
әдістерді қолдану және т.б.