Топырақ деградациясы- кері әсерлі химиялық және физикалық жағдай
салдарынан топырақтың әрбір қасиеттерінің нашарлауы.
Деградацияға ұшырау сатысы БҰҰ қоршаған орта және тұрақты даму конференциясының (Рио-де-
Жанейро, 1992) құжаттарында жер аумағының топырақ қабатының
деградациялануы
дәрежесі
бойынша
келесі
мәліметтер
берілген:
деградацияның шеткі дәрежесі-1%, күшті-15%, орташа-46% және жеңіл-36%.
Топырақтың деградациялану процесі әлемдегі гумидті және аридті зоналарда
кеңінен таралған.
Химиялық ластаушылар үлкен
екі топқа бөлінеді.
Бірінші топқа топыраққа жоспарлы түрде, белгілі бір мақсатқа бағытгап,
қолданылған химиялық заттар жатады. Олар пестицидтер, минералды
тыңайтқыштар, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұл препараттар
шамадан артық мөлшерде болса топырақты ластаушылар болып шыға келеді.
Екінші топқа топыраққа сұйық, қатты, газ тәрізді қалдықтармен бірге
кездейсоқ түскен химиялық заттар жатады. Бұған топыраққа мал
шаруашылығы мен өнеркәсіптен, монша, емдеу-санитариялық және
малдәрігерлік мекемелерден ағып шыққан сулар мен нәжіс және зәр араласқан
қалдық суларды жатқызуға болады.
Техногендік ластанған жерлер барлық табиғат белдеулерінде кездеседі
және олар жерлерді ұзақ уақыт пайдалану барысындағы жайылымдардың
дегумификациясымен, сор және сортаңдануымен, жел және су эрозиясының
дамуымен, топырақтың ластануы мен техногендік бұзылуымен, шамадан тыс
жайылымға қолданылғандығымен байланысты. Жер бедерінің түзілу үрдістері
– эрозия және дефляция үрдістерінің әсерінен жерлердің деградациясы жүреді.
Халықтың тығыздығы да қоршаған ортаға және шөлденуге әсерін тигізеді.
Топырақтың ластану көздері: Топырақты негізгі ластаушыларға пестицидтер (улы химикаттар), минералды
тыңайтқыштар, өндіріс қалдықтары, ластанған заттардың ауадағы газды-
түтінді ұшқындары, мұнай және мұнай өнімдері және т.б. жатады.