Шым тезекті топырақ
Ылғалдылықтың тұрақсыздану кезінде көлемдік
өзгерістерге зор бейімі бар,
қатты сығылатын орамды грунт, жол себуге
қолданылмайды.
Топырақта тіршілік ететін ағзалардың экологиялық топтары.
Микрофауна
–
топырақтағы
өте
ұсақ
ағзалар
(қарапайымдылар,колораткалар,тихоходтар мен нематодтар және т.б.). Олар
үшін топырақ – микросу тоған жүйесі.
Мезофауна
– недәуір ірілеу ағзалар (0,1 – ден 2-3 мм – ге дейінгі) жиынтығы,
негізінен буынаяқтылар (кенелер,алғашқы қанатсыз жәндіктер мен
қанаттылардың
ұсақ
түрлері,
қырықаяқтар
және
басқалар).
Макрофауна
– 2-20 мм.-ге дейінгі көлемдегі денелі жәндіктер
(құрттар,қырықаяқтар,жәндіктер,шаянтәрізділер).
Топырақ микрофлорасы
Топырақ табиғатта микроорганизмдердің тіршілік етуінің шынайы ортасы
және бастапқы резервуары болып табылады (азот, көміртек, күкірт, темір және
т.б.). Олар топырақтың түзілу және өзіндік тазару процесіне белсенді қатысып,
табиғаттағы зат алмасуға қатысады.
Топырақ таулы ортадан желдің, судың
тірі организмдердің және олардың органикалық қосындылардың, яғни
өсімдіктермен жануарлардың өңімінен пайда болуынан түзіледі. Топырақ
микрофлорасының сапалық құрамы өте әртүрлі: әртүрлі
бактериялар,
актиномицеттер, спирохет, архебактериялар, микоплазм,
саңырауқұлақтар,
вирустар.
Топырақтың сапасы морфологиялық, генетикалық, химиялық және физикалық
қасиеттеріне байланысты болады. Осы қасиеттерге сәйкес топырақтың
сапасын анықтауға қажетті негізгі табиғи диагностикалық белгілерге мыналар
жатады: қарашірік қабатының қуаты (қалыңдығы); қарашіріктің, тұнбаның
және саз
балшықтың проценттік мөлшері; топырақтың қарашірінділігі;
топырақтағы қозғалмалы қоректік элементтердің (фосфордың және
калцийдің) қоры (запасы); топырақтың механикалық құрамы, қышқылдығы
және
тағы
басқалары.
Бүгінгі күні адам баласы 98%-н астам азық-түлікті жерді пайдалану арқылы
алады. 21 ғасырдан бастап топырақ, табиғи және антропогендік факторлардың
қарым-қатынасының ерекше жүйесі ретінде,
қоғам және табиғат өмірінде
үлкен орын алады.Азық-түліктік қауіпсіздікті орындаудағы басты шарт
топырақ құнарлығын көтеру және ауыл шаруашылық мәдениеттер мен
жануарлардың өнімділігін арттыру болып табылады.
Өткен ғасырдан басталған топырақтың антропогендік деградациялануы
топырақты қорғау, құнарлығын көтеру және ұдайы өндірісті жаңарту өзекті
проблема болып отыр.
Деградация
(латынша degradatio – біртіндеп нашарлау, құлдырау) - біртіндеп
жағымды қасиеттердің нашарлауы, төмендеуі немесе жойылуы, құлдырауы.
Достарыңызбен бөлісу: