Осы екі факторядроның жинақталған моделі деп аталатын модельде ескерілген. Бұл модельде бір уақытта коллективтік және бірбөлшекті еркіндік дәрежесі ескерілген, яғни бұл олардың синтезі болып табылады. Ядро сфералық симметриялы тұлғадан тұрады деп есептеледі, оны сипаттау үшін коллективтік модель қолданылады. Тұлғаның еркіндік дәрежесі коллективтік мән қабылдай алады, яғни түгелдей тербеле немесе айлана алады, сфералық емес пішін қабылдай алады. Тұлғаның сыртындағы нуклондар тәуелсіз бөлшектер немесе әсерлесетін бөлшектер негізінде сипатталады. Мұндай күрделі модель ядролардың қозған күйін, олдардың квадруполді элетрлік моменттерін және басқа да қасиеттерін айтарлықтай жақсы сипаттайды.