Лекция заманауи фиқҺ МӘселелерін шешу жолдары: негізгі көЗҚарастар, назарда ұсталуы қажет басты принциптер, заманауи пәтуа шығарумен айналысатын ұйымдар дайындаған: Алпысбаев Е



бет7/9
Дата28.12.2022
өлшемі82,49 Kb.
#60109
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Әлемде

  • 1. Египеттегі Азһар Исламдық зерттеулер академиясы: 1961 жылы құрылған. Ол әртүрлі исламдық мәзһабтардың өкілдерінен құралған елу мүшеден тұрады. Олардың бір бөлігі Египеттен тыс елдерде. Олардың саны жыйырма мүшеден аспайды. Академия 1964 - 1977 жылдар аралығында сегіз ғылыми конференция өткізді, онда өзекті діни мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Осы конференцияларда ұсынылған барлық баяндамалар мен шешімдердің барлығы кітап болып басылып, жарияланды.

2. Дүниежүзілік ислам одағының фиқһ академиясы: 1976 жылы Меккеде құрылған. Төраға мен орынбасары тысында жиырма мүшесі бар. 1978-1985 жылдар аралығында өткізген жеті кездесуде ол маңызды мәселелерді талқылап, тиісті шешімдер қабылдады. Олар академия шығарған журналда жарияланды.

2. Дүниежүзілік ислам одағының фиқһ академиясы: 1976 жылы Меккеде құрылған. Төраға мен орынбасары тысында жиырма мүшесі бар. 1978-1985 жылдар аралығында өткізген жеті кездесуде ол маңызды мәселелерді талқылап, тиісті шешімдер қабылдады. Олар академия шығарған журналда жарияланды.

Бұл кездесулерде органдарды трансплантациялау, аутопсия, жыныс өзгерту, сақтандыру, халықты жоспарлау, жаңа туылған ай, мұсылмандар мен мұсылман емес адамдар арасындағы неке, Жиддада ихрамға кіру, полюстерге жақын аймақтарда намаз уақыты, бағалы қағаздар және қор биржалары т.с.с. мәселелер талқыланды.

3. Халықаралық ислам фиқһ академиясы:

3. Халықаралық ислам фиқһ академиясы:

Бұл мекеме1981 жылы 25-28 Қаңтарда Сауд Арабиясында шақырылған III ислам елдерінің мемлекет және үкімет басшыларының саммитінде қабылданған шешім бойынша құрылды; оның штаб-пәтері Джиддада орналасқан. Оның мақсаты-Ислам құқығын зерттеуге көмектесу және қазіргі өмірде туындайтын мәселелерді ислам құқығына сәйкес шешу. Академияның қаулысы 1982 жылы 22-26 тамызда Нигер астанасы Ниамейде шақырылған Ислам елдері Сыртқы істер министрлерінің XIII конференциясында қабылданды. Ұйымның отырысы 1983 жылы 7-9 маусымда Меккеде өтті және Ислам Конференциясы Ұйымының Хатшылығы дайындаған бағдарлама аясында басталды. 1984 жылы 19-22 қарашада Меккеде өткен бірінші отырыста мекеменің мәртебесі қаралып, іске асыру жоспарланған жобаларды орындау жоспары жасалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет