Лекция. Зерттеу үрдісінің құрылысы мен мазмұны Жоспар


-лекция. Педагогикалық эксперименттің және оның мәні



бет14/30
Дата22.12.2022
өлшемі0,62 Mb.
#59022
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
6-лекция. Педагогикалық эксперименттің және оның мәні.
Жоспар:
1.Зерттеу әдістері жүйесіндегі эксперименттің орны. 2.Ғылыми зерттеулердегі педагогикалық эксперименттің мәні. 3.Педагогикалық экспериментке қойылатын талаптар. 4.Эксперименттің болжамы және міндеттері.
Ғылыми педагогикалық зерттеудің қандай да бір әдіс не тәсілінің педагогикалық тиімділігін анықтау үшін арнайы Ұйымдастырылған тексеру түрі – Эксперимент.
Эксперимент деген не? Латын тілінде experementum орыс тіліне «тәжірибе» деп аударылады. Ал негізінде, эксперимент- «сынақ», «сынау» деген мағынада дұрыс мазмұн алады. өйткені эксперимент жасаушы, зерттеуші қандайда болмасын материалды объектіні эксперименттен алады, оған бұл үшін қатаң бақылауға алынатын шарттар қояды, ал бұл шарттар табиғатта кездеспейтін болуы да мүмкін. Сондықтан, экспериментке алынған объектінің осы шартқа реакциясы бақыланады. Жалпы, ғылымның алғаш шыққан жері, Греция және римде болғанмен олар сынақ жүргізуді ойға алған да емес Зерттеуге байланысты эксперимент жаратылыстану ғылымдарының өзінде XIV-XVII ғ.ғ. ғана пайда болды. Соңғы екі мың жылда, Аристотельдің шаң басқан томдары мен шіркеуге қатысты шығармалардан басқа, табиғаттан білім алу мүмкін емес және ол табиғатты қорғаушылық деп түсіндіріліп келген.
Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып педагогикалық үдерісті зерттейтін ғылыми тәжірибені айтамыз. Педагогикалық эксперименттерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерн, формалары мен мазмұнын тексереді. Экспериментті зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объект алынады. Олардың бірі – экспериментті, екіншісі бақылау объектісі деп алынады. Осы екі объектіні салыстырмалы түрде қарап тиісті тоқтамға келуге болады. Тіпті Оксфортта ілгеріде Аристотельден алшақталған зерттеушілерді бес шилингке айыпқа тартып отырған. Тіпті мұндай қылмыстары үшін зерттеушілерді отқа өртеген жағдайлар да мәлім.
Эксперимент теориясы Галилея Галлилейдің және Роджер Бэконды монастыр түрмелерінде 14 жылға отырғызылғанын, Джордано Бруно және Мигель Сервет сияқты отқа өртелген азап шегушілерді білетіні белгілі. Дегенмен қандай да болғанымен жаратылыстану ғылымы мұндай схоластикадан сытылып шығуға мүмкіндік алды және жаңа бастаманы физика ғылымы ашты. Осы себепті, физикадан соң химия ғылымды алға жылжытуға серпіліс жасады. ХІХ ғ. фактілерді жинақтауда бақылау әдісі негізгі-деп саналды. Бақылау барысында, зерттеуші табиғи жүріп жатқан құбылысқа араласпаған. Десекте бірнәрсені бақылау қажет-ақ болғанымен, ол жеткіліксіз. Сондықтан, сынақ қажет болды. Яғни, жасанды шарттар арқылы араласу қажет болды.
Адамның танымдық жүйесінде эксперименттің нақтылы орынын анықтау қажет-ақ. Зерттеуші үшін алған бағыты, ойы догмаға айналмау үшін шындықтың критериі ретінде практика қарастырылады.
Қандай теория болмасын оның шындығы практикада басталуы, анықталуы керек.
Десекте, практика ұғымына бір жағынан күнделікті тұрмыстық тәжірибе енсе, екінші жағынан дәл ғылыми сынақ кіреді.
Жоғарыдағылардан тек сынақ қана бүкіл зерттеу, оның ішінде педагогикалық зерттеулердің де негізгі қаруы деуге болмайды. Себебі, физика саласының өзінде эксперимент өткізуге мүмкін емес облыстар баршылық. Бұл астрофизика және геофизика.
Жалпы, оқу материалдарының меңгерілу деңгейлеріне бағалар бермес бұрын, педагогикалық эксперимент жүргізуде теориялық материалдарды ұғынуға қажетті, жетерлік, оқушылардың білім жүйесінің бар жоқтығына көз жеткізіп алу қажет. Мұны білім деңгейінің нөлдік сатысы десек те болады.
Бұл деңгейді анықтауға арналған педагогикалық тәжірибе- фактыны анықтаушы тәжірибесі жүргізіледі.
Факт деген не? Шын мәнінде зерттеуші қазірге дейінгі белгілі теориялық жағдайлардан арыла алмайды. Егер ол, шындыққа сенімді болса, онда оны нақтылырақ фактіні іздестіреді.
Қарсы жағдайда оның ғылыми әрекеті теріс фактілерді жинақтауға бағытталады.
Оқыту процесінде мұндай фактіні анықтауды екі жақты қарастырған жөн:
Біріншіден – оқушылардағы білімнің жүйелі еместігі, оқытушылардың оқу процесін ұйымдастырудағы қателіктеріне байланысты болуы мүмкін.
Екіншіден – оқушыларға оқу материалдарының күрделілігі себеп болуы мүмкін.[2. 59-62]
Педагогикалық зерттеудің қандайда бір әдіс не тәсілінің педагогикалық тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеруде эксперименттің маңызы ерекше.
Педагогикалық эксперимент міндеттері:

  1. Жобаланған педагогикалық құбылыс және оның іске асуында көрініс беретін себеп- салдарлы байланыстар мәнін зерттеу;

  2. Педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы;

  3. Педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нәтижесін өлшестіру.

Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі:

    • теориялық (проблема қою, зерттеу мақсатын, нысанын және денін анықтау, міндеттер мен гипотеза белгілеу);

    • әдістемелік (зерттеу әдістемесі мен оның жоспарын айқындау, бағдарлама түзіп, алынған нәтижелерді өңдеу әдістерін нақтылау);

    • эксперимент жұмысы – бірнеше тәжірибелік зерттеу әрекеттерін орындау (ситуация түзу, бақылау, тәжірибені басқару, зерттеушілердің жауап әрекеттерінбағалау);

    • талдау – сандық және сапалық сарапқа салу; алынған деректерге түсініктеме беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.

Эксперимент түрлері : табиғи (қалыпты оқу-тәрбие жағдайында) және зертханалық – қандай да әдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдайлар түзу (экспериментке алынған балалар тобы өз алдына бөлектенеді). Көп жағдайларда табиғи эксперимент қолданылады. Ол зерттеуге алынған пелагогикалық құбылыс мазмұны, мақсаты және т.б. ұзаққа созылған не қысқа мерзімді болуы мүмкін.
Зерттеу жүргізудің 2 сатысы бар: теориялық және эмпирикалық.
Теориялық сатысында әдебиеттердегі мәліметтерге талдау жасалып, жүйелендіріледі, ұғым аппаратын өңдеу, зерттеудің теориялық бөлімінің логикалық құрылымын құрастыру жұмыстары жасалады.
Зерттеудің эмпирикалық сатысында – тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізіледі.
Эксперимент жүргізу негізінен 3 кезеңнен тұрады:

  • анықтауыш экспериментте педагогикалық құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік береді, болжам тексеріледі. Анықтауыш эксперимент жүргізу үшін кем дегенде екі топ зерттелуші, диссертация үшін 200 адам қатысуы керек;

  • қалыптастырушы эксперимент фактілерді анықтау және ұғыну негізінде педагогикалық құбылыстармен олардың шынайылығы тексеріледі;

  • бақылау экспериментті болжамды растауға мүмкіндік береді.

Эксперименттік жұмысты жүргізу үшін зерттеуші әдістеме жасақтайды. әдістемелердің түрлеріне қарай:

  • ғылымда дәлелденген дайын әдістемелер;

  • бар әдістемені өңдеп жасақталған әдістеме;

  • зерттеушінің өзі ұсынған жаңа әдістеме.

Зерттеудің қорытынды сатысы болып оның нәтижелерін апробациялау, әдебиеттік жасақталуы және басылып шығарылуы болып табылады. Апробация – латын сөзі бекіту, мақұлдау дегенді білдіреді. Апробация баяндамалар, пікірталастар, жазбаша және аузша рецензиялау формасында бола алады.
Егер эксперимент педагогикалық үдерістің нақты жағдайымен танысуға бағытталған болса, деректеуші аталып, ал оқушы не сынып ұжымының дамуына қажет жағдайларды анықтауға арналған күнде мұндай эксперимент – қайта жасаушы деп аталады. Қайта жасау экспериментінде салыстырып баруға керек бақылау топтары түзіледі.
Эксперименттік әдістің қиындығы: оны жүргізу техникасын жете білу қажет, бұл зерттеу барысында ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен әдептілігі, көрегендігі мен егжей-тегжейлі, басқаларымен қатынас түзу қабілеттіліг де маңызды рөл атқарады.
Аталған эксперимент осы күнгі пеагогикалық құбылыстарды зерделеуге мүмкіндік береді, нақтылаушы эксперимент кезінде болжам тексеріледі; қалыптастырушы эксперимент кезінде фактілерді констатициялау және қайта електен өткізу негізінде жаңа педагогикалық құбылыстар анықталады және олардың ақиқаттылығы тексеріледі. Бақылау эксперименті өткізілген қалыптастырушы экспериментті оң бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ететіндіктен, болжамды растауға мүмкіндік береді.
Осы мәселенің жалпы ғылым жүйесіндегі оқыту теориясындағы, тәжірибесіндегі орны қандай?
Осы құбылыстың басқа да төркіндес құбылыстармен байланысы қандай?
Ғалымдардың пікірінше, осы немесе басқа үдеріс, болмаса басқа құбылыс қандай жағдайларда қалайша өтеді; зерттеліп отырған үдерістің немесе құбылыстың ішкі қозғаушы күштері, тетіктері, динамикасы қандай анықтау.
Талдау ғалымдардың жалпы тұжырымдарымен аяқталады. Бұл тұжырымдар зерттеу жұмысында арқа сүйейтін тіректер болуға тиісті. Осыған дейін істелген істің барлығына сыни тұрғыдан баға беру, оған өзінің субъективтік көзқарасыңды білдіру қажет. Қолдағы әдебиетке сыни тұрғыдан талдау жасау өзіңнің жеке көзқарасына емес, логикалық, құрылымдық, фактологиялық талдауларға сүйенуге тиісті. Сынау, пікір, таластыру, айтысу үшін проблема бойынша жақсы базалық білім болуға тиісті.
Проблема бойынша әдебиетке сыни талдау жасаудың маңызы: ақиқатты табу, адасушылықты, жетіспеушілікті айқындау, зерттеу нәтижелерін дәлелдеу, зерттеу міндеттерін белгілеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет