Лекция. Зерттеу үрдісінің құрылысы мен мазмұны Жоспар



бет1/30
Дата22.12.2022
өлшемі0,62 Mb.
#59022
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
stud.kz-57475


1-лекция. Зерттеу үрдісінің құрылысы мен мазмұны
Жоспар:
1.Пәннің мақсат және міндеттері 2.Ғылым туралы жалпы түсінік. 3.Ғылым және зерттеуші-ғылым. 4.Педагогтың зерттеушілік қызметі. 5.Педагогикалық зерттеу туралы түсінік.
Ғылыми- педагогикалық зерттеу мазмұны мен әдістерін меңгеру үшін арнайы көмекші құрал қажет етеді. Ұсынылып отырған курста педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздерін, ғылыми аппараты мен логикалық құрылымын, зерттеу нәтижелерін өңдеу және ғылыми жұмыстарды безендіру, озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және пайдалану, оны оқу – тәрбие процесіне ендіруге, оқытудың тиімділігін арттыруға себебін тигізеріне назар аударылады. Сондықтан, педагог тарапынан ғылыми зерттеу принциптері мен зерттеу әдістерін меңгеру, пайдалану оның практикалық іс-әрекетін ғылыми практикалық іс-әрекетке айналдырады, ғылым мен практиканың нақтылы жағдайына талдау жасауға мүмкіндік береді. Ғылым — адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымының ең жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты — ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру. Ғылым дамуының негізгі бағыттары. Ғылым адамзат қоғамының ерте дәуірінен, адам баласының танымдық және өндірістік қажеттілігінің арасы ажырамай тұрған кезеңнен бастау алады. Ежелгі Шығыста (Бабыл. Мысыр, Үндістан. Қытай) болашақ ғылымға негіз болған білімнің алғашқы нышандары калыптасты. Ғылымның алғышарты ретінде мифологияны атауға болады. Онда алғаш қоршаған орта туралы бүтіндей тұтас жан-жақты танымдық жүйе қалыптастыруға ұмтылыс болды. Бірақ, бұл нақты теориялық білім болды, оның объективтілігі, логикалық көңілге қонымдылығы бірінші орынға шықты. Ежелгі Грекияда дамыған ғылым (Аристотелъ және т.б.) қоғам мен табиғат заңдылықтарын ашып, мәдениет тарихында ұлы рөл атқарды; олар тұтастай алғанда дүниетанымды білдіретін бұрынғы абстрактілік ұғымдар жүйесіне танымдық кызмет тәжірибесін енгізді, дүниетанымның объективті, табиғи заңдылыктарын тұрақты іздестіруді дәстүрге айналдырды, ғылымның ерекше тәсілі дәлелдеу негізін қалыптастырды. Осы дәуірде натурфилософиядан білімнің кейбір салалары даралана бастады. Ежелгі грек ғылымның эллинистік кезеңінде геометрия (Евклид), механика (Архимед), астрономия (Птолемей) жеке ғылым салалары түріне бөлініп шықты. Орта ғасырларда ғылымның дамуына Шығыс, араб елдері Орта Азия ғалымдары елеулі үлес қосты. Олар Ежелгі Грекияда калыптасқан ғылыми таным жетістіктерін сақтап қана қойған жоқ, оны көптеген салаларда толықтырып, дамытты. Шығыста әл-Фарабиді Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" деп таныды. Орта ғасырларда араб елдері мен ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, эстетика, математика, астрономия, т.б. Ғылым салалары қауырт дамып, бұл қүбылыс кейін Ислам Ренессансы деп аталды. Ғылымның қалыптасуына негіз болған тағы бір тірек алхимия мен астрология дамуы болды. Алхимия табиғи заттар мен қоспаларды тәжірибе жасау арқылы зерттеп, химияның қалыптасуының алғышартын жасады. Астрология аспан денелерін зерттеу арқылы астрономияның дамуына ықпал етті. Қайта өрлеу дәуірінде діннің басымдылығы әлсіреді, ғылым рухани өмірдің дербес факторы болып, дүниетанымның негізгі тірегіне айналды. Сондай-ақ, ғылым табиғат құбылыстарын жан-жақты зерттеп, адамзат танымының көкжиегін кеңейте түсті. 16 — 17 ғ-ларда ғылымда болған терең өзгерістер алғашқы ғылым революцияға алып келді.
Ғылымның қарқынды дамуы, дүниенің жаңа бейнесін қалыптастырудағы рөлінің артуы, жаңа дәуірде ғылымды жоғары мәдени құндылық ретінде тануға көптеген философиялық мектептер мен бағыттардың ғылымға қарап бой түзуіне ықпал етті. Қоғамдық өмір құбылыстарын тану саласындағы өзгерістер діннің "табиғи бастауын" іздеу, құқық, мораль, т.б. "адам табиғаты" туралы түсініктер бағытындағы ізденістерден көрініс тапты. Механикадағы жетістіктер ғылымның аяғында жүйеленіп, толығып, әлемнің механикалы бейнесі туралы түсінік калыптастыруда шешуші рөл атқарып, кейін әмбебап дүниетанымдық маңызға ие болды Ғылымның дамуына қазіргі кезеңдегі философиялық дүниетанымдық базасы диалекті-логикалық тұжырымдама болып табылады. Ғылымның "өсу нүктесі" оның ішкі даму логикасы мен қазіргі заманғы адамзат коғамының көпқырлы әлеуметтік қажеттілігінің ұштасуына байланысты. 20 ғ-дың басында жаратылыстану ғылымында алдыңғы қатарға биология шықты, онда ДНК-ның молекулалық кұрылымы белгіленіп, генетикалық кодтары айқындалды. 20 ғ-да ғылымның даму қарқыны оның түрлі салаларының ұштасып, қазіргі кезеңнің кешенді, ірі мәселелерін жаңа бағдарда шешуге бағытталған мәселелерде (материалдар мен энергияның жаңа көздерін қалыптастыру, адам мен табиғат қатынастарын тиімділендірудің үлкен жүйелерді басқару, ғарыштық зерттеулер. т.б.) ерекше байқалады. Ғылымның өз заңдарын ашуға бағытталған қызметі — түсін-діру мен болжау болып табылады. Заңды ашу жолындагы ізденіс зерттелу үстіндсгі нысанның маңызды емес, екінші қатардағы қасиеті мен байланысынан алшақтауды, оған назар аудармаудан талап етеді, басқаша айтқанда оны "таза" күйінде қарастыру қажет. Ғылымдағы абстрактілеуді субъективті тәсіл деп ұғуға болмайды. Оның ғылымдағы рөлі зерттелудегі ақиқатқа кол жеткізуге жәрдемдесуімен анықталады. Ғылымды ұйымдастыру мен басқару. Ғылымды әлеуметтік институт ретінде танып, ұйымдастыру ісі 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында Еуропада алғашқы ғылыми қоғамдар мен академиялар пайда болып, ғылыми журналдар жарық көре бастауымен тікелей байланысты қолға алынды. Бұған дейін ғылымды дербес әлеуметтік құрылым ретінде сақтау және дамыту ісі, кітаптардың көмегімен, дәріс беру арқылы, ғалымдардың қарым-қатынасы, өзара сұхбаты, хат алысуы арқылы жүрді. 19-20 ғасырларда ғылымды ұйымдастырудың жаңа тәсілдері қалыптасты. Қуатты техникалық базасы бар, ірі ғылыми институттар мен лабораториялар пайда болды. Олар ғылыми қызметті қазіргі өнеркәсіптік еңбекке жақындатты. Қазіргі заманғы ғылым қоғамдағы барлық әлеуметтік қатынастармен жан-жақты байланысып жатыр, бұл байланыс тек өнеркәсіп арқылы ғана емес. Саясат, әкімшілік және әскери салаларда да көрініс тапты. Жаратылыстану және техника ғылымдармен қатар, қазіргі қоғамда гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың да маңызы күннен-күнге артып келеді. Осының негізінде жаратылыстану техникалық және әлеуметтік ғылымдардың жақындасуы арта түсуде. Қазақстанда ғылымдарды ұйымдастыру алғашқыда әр түрлі ғылыми-зерттеу мекемелерінде шашыраңқы күйде жүргізілді. 1945 ж. Қазақстан ҒА құрылғаннан кейін, ғылыми-зерттеу институттарының бірыңғай тұтас жүйесі қалыптасты. ҒА құрылғаннан бергі жарты ғасырдан астам уақытта онда үлкен зерттеу жұмыстары жүргізілді; өндіріске құнды жаңалықтар енгізілді; ұйымдастыру құрылымы қалыптасты. Қазақстан Республи-касы Президенті Н.Назарбаевтың 1993 ж. 21 қаңтардағы Жарлығымен республика ғылым академиясы Қазақстан Ұлттық ҒА болып кайта құрылды. Ұлттық ҒА-ның аймақтық төрт бөлімшесі құрылған: оңт. бөлімше — Шымкентте, шығыс бөлімше — Өскеменде, батыс бөлімше — Атырауда және орталық бөлімше — Қарағандыда. Қазақстанда ғылымның соңғы он жылда даму ерекшелігі қалыптасқан экономикалық құрылыммен байланысты болды. Ғ-ды мемлекет тарапынан басқару жүйесін жетілдіру, еліміздің әлеум.-экон. өзгерістері тұсында оның рөлін арттыру, ғалымдарға мемл. қолдау көрсету шаралары жүзеге асырылды. Тәуелсіз мемлекетте сараптаудан конкурстық негізде өткен қолданбалы және іргелі зерттеулер бағдарламалары мақсатты түрде қаржыландырылып келеді. Қазакстан Республикасындағы ғылымды басқару мен ұйымдастырудағы бұл жаңа бастамалар ғылымды басқару мен ұйымдастыруға қойылатын халықаралық стандарт талаптарына үндеседі. Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:
- педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттасқандығын
ескеру, себебі дүниедегінің бәрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама-қарсылықтары жєне себепті салдарлы байланыстарына орай жасайды әрі дамиды;

  • құбылыстарды даму барысында зерттеу;

  • бір құбылысты екіншілерімен өзара өзара қатынаста байланыстыра

зерттеу;

  • зерттеу процесінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі

толықтырып отырушы көптеген әдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;

  • зерттеу әдістері зерттелетін құбылыстыњ мән-мағынасына сай келуі;

  • даму процесін сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын

оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс жєне өзіндік даму ретінде қарастыру;

  • сынақталушыға, білім-тєрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік

инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет