15-лекция Педагогикалық зерттеу нәтижелерін мектепке дейінгі ұйым тәжрибесіне ендіру жолдары. Жоспар: 1.Педагогикалық зерттеулер нәтижелерін оқыту мен тәрбие практикасына ендірудің мәні. 2.Зерттеу ұсыныстарын практикаға ендіру әдістері
Алдымен МБС белгілеген "технология және кәсіпкерлік" мамандығы және қосымша өткізілетін " технология" курсы бойынша пәндерді меңгеру.
МБС косіптік білім беру төрт пән бойынша жүргізіледі: жалпы гумманитарлық жоне әлеуметтік-экономикалық; жалпы математикалық және жаратылыс ғылымдары; жалпы кәсіптік пендер; пәндік дайындау.
Физика-техникалық пәндер бойынша, негізгі технологиялық білім үщ бағытта жүргізіледі.
Мұнда математика және жаратылыстану ғылымдар пәндері бойынша тек мұғалімдік мамандық алмайды, сол сияқты жалпы кәсіптік пәндерді қамтып оқыта отырып психолог және педагог, педагогикалық технология және технологиялық оқыту арқылы дайындайды.
Технология жүйесін ұйымдастыру білім беру технологиясына сүйене отырып жүргізіледі. Яғни, "материалдық орта — оқытушы — оқушы" бірлікте жұмыс жүргізе отырып, негізгі оқу формасына негізделеді (жеке, топтық, ұжымдық).
"Педагогикалық технология" түсінігін жүйе ретінде анықтап (көптеген элементтердің бір-бірімен байланыса отырып, бірлік құруында), педагогика-лық мақсатқа жету бағытында жұмыс жүргізеді. Бұл элементтер бойынша төмендегідей бөліктерге бөлінеді: оқытушы, ақпарат, оқушы, материалдық орта.
Соңғы технологиялық жүйе — бұл, шын мәнінде, оқыту әдісі. Біз педагогикалық жүйенің келесі бөлігіне ерекше көңіл бөлеміз; оқытудың мақсаты; оқу материалының мазмұны; оқу әдіс-тәсілдері; оқытушы мен оқушының жұмыс әдісі; оқу үрдісін ұйымдастыру формасы; оқытушы мен оқушының іс-әрекеті.
Педагогикалық жүйеде оқушыға білім дайын күйінде берілмейді, олар өздері жан-жақты іздену арқылы қабылдайды, яғни зерттеу жұмыстары, шығармашылык. жұмыстар жүргізе отырып қажетті білімді қабылдайды. Оқушының білім-білік дағдыларын қалыптастыру арқылы, оның өз бетімен жұмыс жүргізе білуіне және алдына мақсат қоя білуінде.
Оқу үрдісінде оқытушы және оқушы, оқушы және оқыту әдісі арасындағы байланыс басты рөл атқарады. Оқушы іс-әрекетінің мазмұны ақпаратты қабылдау, оны ұғыну, білік-білім дағдыларын жетілдіру болып табылады.
Оқытушы міндеті оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру, ақпаратты жүйелеу, оны қабылдауға жағдай жасай отырып, оқушыға бағыт, бағдар беру болып табылады.
Педагогикалық технологияның құрылымын екі нұсқаға бөліп қарасты-рамыз. Бірінші нұсқа мына төмендегідей элементтерден тұрады: ақпарат және оқу әдісі, ал, екіншісі - оқу әдісі, оқытушы және студент.
Берілген құрылым кез келген технологиялық жүйелермен ұқсас болып келеді. Бірақ бұл жүйенің ерекшелігі — соңғы нәтижеге жетуінде: табиғат және қоғам зандарын меңгеру, физика-биологиялық зерттеулер жүргізу, тех-никалық және әлеуметтік жүйе бойынша студенттердің білім алуы.
Ақпараттың негізгі элеметтерінің бірі бірінші нүсқада орналасқан, бұл жүйе ішкі ортамен байланысты, ол зерттеу едісімен біріктірілген. Оқу әдіс-тәсілі екі нұсқаны байланыстырады. Бұл элементке оқытушы мен студенттің оқу әдісіне кіру мүмкіндіктері бірдей. Алдына қойған мақсаты негізінде оқытушы компонент мазмүнын анықтап ОӘТ жүйесі арқылы қажетті ақпарат береді, яғни алғашқы нүсқада ақпарат мазмұнын меңгереді.
Оқудың әдіс және уйымдастыру тәсілі студенттің білім алу іс-әрекеті негізінде құралып, құрылымның екінші жүйесінде іске асады.
Арнайы компьютер пайда болғанға дейін білім оқытушылар мен кітап арқылы берілген, сондықтан да студенттер теориялық білімді оқытушы мен кітап арқылы алған. Осы уақытқа дейінгі білім беру тәжірибесіне көз жүгіртер болсақ, білімді багалау және шешім қабылдауды оқытушылар жүргізген, зертханалық тәжірибелерді оқытушының нұсқауымен жүргізе отырып, бағаланған. Арнайы компьютер қолдану арқылы оқу-әдістеме жүйесі пайда болды, ол оқытушының іс-әрекетін аткара алады, оқытушы бағыт беруші қызметін атқарады. Мысалы ақпаратты ұйымдастыратын, тексеретін арнайы компьютер оқу әдісіндегі жүйеде бірінші және екінші күрылымда жұмыс жүргізе алады.
Негізінде адам-машина бірлігінде жеке өз бетімен білім алуға мүмкіндік болады. Арнайы компьютер әр түрлі ақпарат бойынша жұмыс істеуге жол аша отыр. Оқытушы магниттік дискі, телекоммуникациялық сеттер арқылы компьютерде берілген ақпараттарға сүйене отырып дәріс оқи алады. Арнайы компьютердегі өлшеу, есептеу мүмкіндіктері оқытушының көрсету тәжірибесін сапалы түрде өткізуге тиімді. Қазіргі уақытта ақпаратты таратушы құрал-оқу материалдары. Студенттердің білімді кітапхана, архив, мектеп зертханасы арқылы ақпарат алу мүмкіндіктері аз болып тұр. Бұл мүмкіндіктерді іске асырар болсақ, студент бір жерде отырып компьютер арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, қажетті материалды компьютер арқылы алып, өздігінен пікір білдіруге үйренер еді.
Отандық және шетелдік оқытушылар оқушылардың ақпаратты қабылдау іс-әрекеті негізінде және ұйымдастыра білу үлгісінде топтастыра отырып педагогикалық технологияның келесі түрлерін атап керсетті;
- нақтылы дәріс беру;
- аудио, көзбен көру техникалық құралдар арқылы оқыту;
- оқу кітабы арқылы оқыту;
- аз топ жүйесі, топтық, дифференциялық жүйе арқылы білім беру;
- компьютерлік білім беру;
- репетитор- жеке білім беру жүйесі;
- бағдарламалы оқыту.
Оқу орындарында технологияны жобалау білімі студенттердің курстық жұмыстарында, мамандыққа баға беретін жұмыстарда көрінеді.
Педагогикалық университет түлегінің мамандык,к.а баға беретін жұмыс түрлерін мектептерде ететін негізгі пәндерге қосымша ретінде қолдануға бо-лады. Оқу үрдісінде қолданудың басты ерекшеліктерін атап көрсетсек;
- Оқытушы басты рөлде болмайды, оқушы білім жүйесінде басты тұлға бола отырып, өзіне қажетті ақпаратты ала отырып жұмыс жүргізеді, оқытушы тек көмек беріп отырады.
- Білімді жобалауда басты қалыптасқан жүйе дайын білімді қабылдау жүйесі өзгереді.
- Оқу үрдісінде нсгізгі элемент білім емес, ақпарат болып есептеледі,
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің біріне жатады. Педагогикалық тәжірибеде – оқыту мен тәрбиенің практикасын жан-жақты зерттеу объектісі, фактылар мен ғылыми мәліметтерді жинақтаудың негізгі көздерінің бірі. Сондықтан педагогикалық озат тәжірибе оқу тәрбие жұмысын үнемі дамыту мен жетілдіру де үлкен орын алады. Осыған орай, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, өз ісінде шеберлікпен пайдаланудың жолдарын қарастырады.
Осындай татымды табыстарды шығармашылықпен қолданудың нәтижесінде, мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір нақты жолдары іске асырыла бастады. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтау; жалпы педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны оқу-тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми – зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие саласындағы проблемалық мәселелерді зерттеу және жинақтау.
Оқу мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін іздестіруде мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі әрі қиын, әрі күрделі мәселелердің бірі. Бұл мәселені ойдағыдай зерттеп, практикада дәлелдеу тікелей мұғалімнің өзіне байланысты. Мұғалім оқыту мен тәрбие әдістеріне байланысты басты мәселелерді таңдап алады да, олардың тиімділігін сабақтың немесе тәрбие жұмысының барысында бақылайды, терең зерттейді. Зерттеу материалдарына талдау жасап, қорытындысын үнемі дәптеріне жазып отырады. Мұғалім әр сабақтың немесе тәрбие жұмысының өзіне тән ерекшелігін, әр түрлі әдістерді қолданудың тиімді жолдарын, оқыту мен тәрбие процесінде оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамытудың шығармашылықпен іздестіреді. Осының нәтижесінде мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен елеуді кемшіліктерді көре бастайды. Сөйтіп, оларды жоюдың тиімді жолдарын қарастырады. Ол үшін мұғалім педагогикалық әдебиеттермен танысады. Қажетті әдебиеттерге аннотация және библиография жасайды.
Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысады, сабақтарына қатысады. Олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің қолданып жүрген әдістерімен салыстырады, тиімді қорытынды жасайды.
Зерттеу жұмысына байланысты құжаттарды мұғалім бірте-бірте жинастыра береді. Оларға: сабақ жоспары, бағдарлама тақырыптары бойынша жасалатын тақырыптық перспективалық жоспар, оқушылардың жазба бақылау және кестелік жұмыстары, дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының жоспары, түрлі тақырыптарға жазылған оқушылардың баяндамалары жатады. Осы құжаттардың негізінде мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, жүйеге келтіріп жинақтайды. Әрине, мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтап жазып шығуы оп-оңай жұмыс емес. Оған ең кемінде бір немесе екі жылдай мерзім керек.
Зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейін оны мектеп мұғалімдерінің ғылыми – практикалық конференциясында талқылайды, құнды деп тапса, аудандық «Педагогикалық оқуларғаң ұсынады. Сөйтіп, мұғалімнің бұл шығармашылық еңбегі бірте-бірте облыстық, республикалық талқылардан өтіп, көпшіліктің игі ісіне айналады.
Педагогикалық жұмыста зор табыстарға жетіп, өзін-өзі іс жүзінде көрсете білген шебер мұғалімдердің жұмыс жүйесін зерттеп, жинақтау – озат тәжірибені кеңінен таратудың басты формасына жатады. Бұл жұмысты педагогикалық кеңестің шешімі бойынша әдістемелік пен бірлестігі басқарады. Жоспар бойынша зерттеу жұмысы ең алдымен танысу және бақылау этаптарынан өтеді:
1. Іс-тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің өзімен, сабақ беттерін сыныптардағы сынып жетекшілерімен оқушылардың үлгерімі және тәртібі, олардың қоғамдық жұмысы мен қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу және белсенділігі туралы әңгіме жасалады. Зерттеуші кейбір мәселелерді анықтайды.
2. Оқу тәрбие жұмыстарына байланысты соңғы 2-3 жылдың ішіндегі құжаттар зерттеледі. Олар: сабақ жоспары, тақырыптық, күнтізбелік жоспар, сынып жетекшілерінің тәрбие және үйірме жұмыстарының жоспары, сынып журналы, оқушылардың дәптері, рефераттары, техника және көркем шығармашылық жұмыстары, мұғалімнің әдістемелік және педагогикалық тақырыптарға жасаған баяндамалары, журнал беттерінде жарияланған мақалалары және басқа еңбектері.
3.Алдын-ала тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің сабақтарына кіріп, тәрбие жұмыстарына қатысып бақылау жүргізіледі.
4. Зерттеу жүргізілетін сыныптардағы басқа мұғалімдердің сабақтарына немесе тәрбие жұмысына қатысып, олардың іс нәтижелері тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің жұмысымен салыстырылады.
5. Басқа сыныптарда немесе басқа мектептерде осы пән бойынша ұқсас тақырыптарға өткізілетін тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына кіріп, олардың жұмыс нәтижесі, тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің ісімен салыстырылады.
Соңғы кездерде көптеген педагогикалық ұжымдардың аса көңіл аударып жүрген мәселелерінің бірі – оқу мен тәрбиенің бірлігі, пән аралық байланыс, сабақта оқушылардың таным іс-әрекетін белсендіру тәсілдері, сабақтың тиімділігін арттыру т.б. Осы сықылды жалпы педагогикалық тақырыптар бойынша бір-бірімен тектес пән мұғалімдерінің іс-тәжәірибелерін жинақтауға болады.
Озат тәжірибені зерттеу және оны тұтас педагогикалық процеске енгізу қажырлы еңбекті, терең сауаттылықты, өз пәніне еркін иелік етуді, теория мен практиканың дамуында үнемі жаңалықты біліп отыруды талап етеді.
Мұғалім озат педагогикалық идеяларды және жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін игеру үшін олардың өзінің педагогикалық жүйесінің құрамдас бөлігі етеді, жетілдіріп дамытады. Оларға өзінің шығармашылық ойының элементін енгізеді. Озат идеяларды және педагогикалық тәжірибені енгізу мен таратудың түсінікті формалары ауызша және баспасөз арқылы насихатталады.
Ауызша насихат – бұл мектептердің педагогикалық кеңестерінде, аудандық әлеуметтік кабинеттерінде, мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарында өткізілетін арнайы мәслихаттарды, семинарларда озат тәжірибе туралы лекциялар және баяндамалар жасалынып, олардың озат мұғалімдердің жұмыстарының мәні мен негізгі идеяларының мазмұны анықталады. Қатысушылар өзара пікір алмасып, оқу-тәрбие процесін жетілдірудің кейбір бағыттарын белгілейді.
Баспасөз насихаты – бұл педагогикалық теория мен практиканың саласында әр түрлі формаларда жүргізіледі. Оларға психологиялық педагогикалық еңбектер, ғылыми-әдістемелік ұсынбалар, жинақтар т.б. жатады. Педагогикалық озат тәжірибені таратуда, оны тұтас педагогикалық процеске енгізуде, әсіресе, «Педагогикалық оқулардыңң маңызы өте зор. «Педагогикалық оқулардың өткізу нәтижесінде ұжымдық түрде талқыланған және мақұлданған жақсы тәжірибе оқу мен тәрбие процесіне енгізу үшін жинақталады дәне тартылады.
Педагогикалық озат тәжірибені практикаға енгізудің кейбір жолдары.
1. Оқыту және тәрбие саласындағы жаңа педагогикалық әдістер, жақсы тәжірибелер жетістіктерін насихаттаудан бастау. Оларды мұғалімдердің кең талқысына салып, ғылыми - әдістемелік ұсыныстар түрінде нақты шешім қабылдау.
2. Педагогикалық озат тәжірибені терең зерттеу және оқу-тәрбие процесін енгізу үшін, оны педагогикалық еңбектің шеберлеріне (бір-екі бастауыш сынып мұғалімдеріне, бір-екі жоғары сынып пән мұғалімдеріне) таныстыру керек. Олар әдістемелік пән бірлестігі жетекшілерімен бірігіп зерттеу жоспарын жасайды, ол педагогикалық кеңесте бекітіледі.
3. Мектеп дирекциясы әдістемелік кеңесінен бірлесіп зерттеу жұмысына басшылық етеді, талдау жасайды. Әдістемелік ұсынбаларды жинақтайды, оны педагогикалық кеңесте мұғалімдерге хабарлап отырады.
4. Әрбір мұғалімнің зерттеу жұмысы жүргізіліп жатқан сыныптардың оқу-тәрбие жұмысына белсенділікпен қатысуына болады.
5. Озат тәжірибе педагогикалық практикада өз орнын берік алғаннан кейін, оқу-тәрбие процесіне жаңа тәсілдер мен әдістерді енгізу қорытындысын жасау, оны мектеп мұғалімдерінің, сонан соң кең түрде педагогикалық жұртшылықтың талқылауынан өткізу қажет.
Сонымен, іздену арқылы басты мәселелерді жете біліп, зерттеу, жинақтау, оны насихаттау, ісе асыру оқу және тәрбие жұмысын онан әрі жақсарта берудің сарқылмас көзі. Бұл жұмысқа мұғалім жұртшылығы белсенділікпен қатысып, зор үлес қосуға тиіс.
жалпы білім беретін мектептерге ендірілді.
Мектептерде педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің біріне жатады. Педагогикалық тәжірбие оқыту мен тәрбиенің практикасын жан-жақты зерттеу обьектісі, фактілермен ғылыми мәнді жинақтардың негізгі көздерінің бірі сондықтан педагогика озат тәжірбие оқу тәрбие жұмысын дамыту мен жетілдіруде үлкен орын алады. Осыған орай әр бір мұғалім еліміздегі жаншыл ұстаздардың бай тәжірбиесін белгілі педагоктар мен психолоктардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп өз ісінде шеберлікпен пайдаланудың жолдарын қарастырады. Оқу мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін зерттеуде мұғалімнің өз тәжірбиелерден өзі зерттеп жинақтау ісі әрі қиын әрі мәселелердің бірі. Бұл мәселені ойлайтындай зерттеп практикада дәлелдеу өзіне байланысты мұғалім оқыту мен тәрбие әдістеріне байланысты мәселелерді таңдап алады да олардың тиімділігін сабақтардың немесе тәрбие жұмысының барысында бақылап терең зерттейді. Зерттеу жұмыстарын материалдарға талдау жасап қорытындылап үнемі дәптеріне жазып отырады. Мұғалім әр сабақтың немесе тәрбие жұмысының өзіне тән ерекшелігін әр түрлі әдістердің қолданудың тиімді жолдарын оқыту мен тәрбие процесінде оқушының ынтасы мен таным қабілетін дамытуды шығармашылықпен іздестіреді. Осының нәтижесінде мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен елеулі кемшіліктерді көре басатайды. Сөйтіп оларды жоюдың тиімді жолдарын қарастырады. Ол үшін мұғалім педагогикалық әдебиеттермен танысады. Қажетті әдебиеттерге аннотатция және белгілеу графия жасайды. Аннотатция- мұғалім өз мекендігі немесе көршілес мектептердегі тәжірбиені мұғалімнің тәрбие жұмысын танысады. Сабаққа қатысады. Олардың оқытумен тәрбие әдістері өзінің қамтып жүрген әдістерімен салыстырады, тиімді қортынды жасайды.
Зерттеу жұмыстарына байланысты құжаттарын мұғалімдер бірте –бірте жинастыратын болады. Мұғалімнің өз тәжірбиесін өзі зерттеп жинақтау. Жалпы педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімнің іс тәжірбиесін тарату және жинақтау. Жанашыл мұғалімнің озат тәжірбиесін тарату және оны оқу процесіне енгізу.