14-лекция Педагогикалық теория туралы түсінік. Жоспар: 1.Педагогикалық теорияның мәні. 2.«Педагогикалық теория» түсінігінің анықтамасы. 3.Педагогикалық теорияның пәнаралық сипаты. 4.Педагогикалық фактілер мен практикалық тәжірибе Қазақстан Республикасы болашақта өсіп-өркендеп, алдыңғы қатарлы өрке -ниетгі елдердің бірі болуы бүгінгі жастарды жоғары дәрежелі білімді, мәдениетті маман етіп тәрбиелеуге тікелей байланысты. Демек, жоғары оқу орындарына койылатын негізгі талап — жан-жақты білімді, кәсіби мамандығын жете игерген. кдбілетті, іскер маман дайындау. Бұндай маман дайындау қазіргі оқу жүйесіне көптеген өзгерістер енгізуді талап етеді. Соның бірі ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде болашақ ұстаздар тәрбиелеу болып табылады.
"Технологиялық білім" термині XX ғасырдың 40-50 жылдары пайда болады. Бұл термин тұрмыстық құрал-жабдықтарға (үнтаспа, телевизор т.б.) сол сияқты оқу үрдісінде техникалық құрал-жабдықтарға байланысты қолданы-льпі келген болатын.
50-60 жылдары "технологиялық білім" термині бағдарламалы оқыту идеясын тарату мақсатында педагогикалық үрдісте әдіс-тәсіл жиынтығы ретінде қолданылган.
Қазіргі уақытта "педагогикалық технология" түсінігінің жаңа даму кезеңі жүріп жатыр, бұл түсінік 1980 жылдары арнайы компьютерлер арқылы жан-жақты ақпаратты - бағдарлама жүйесінде оқыту пайда болған кезден дамыган, Оның жан-жақтылығы сандық жүйені әр түрлі шолып байқау арқылы анықталған оқудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды.
Педагогикалық технология" түсінігі осы уақытқа дейін мазмұны жағынан жеткілікті тұрақты болмай келеді. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл терминге білім, мәдениет, қоршаған орта және мамандандырылған материалды-техникалық аспаптарды қолдану саласындағы әр түрлі іс-әрекеттерді жүйелі ұйымдастыру жатады. Осыған байланысты "білім берутехнологиясы", "педогогакалық технология", "оқыту технологиясы" деген әртүрлі түсініктер пайда болады.
"Педагогикалық технология" анықтамасы келесі негізгі белгілерді қамтып көрсетеді: оқытушы мен студенттің іс-әрекетінің ортақтығы, адам мек техниканың бірлігі. Біз осы белгілерді негізге ала отырып, мынадай анықтама береміз. "Педагогикалық технология" - бұл оқытушы мен студентгің іс-апекеттерінің біріккен жүйесі арқылы іске асатын, акдаратты білім беру нәтижесі жәнс рефлскция негізінде білім алуға бағытталған, бір үлгідегі педагогикалық жүйе.
Педагогикалық жүйе құрылымы:
1) оқу және тәрбиелеу мақсатында нақты жүйелі дидактикалық, педагогикалық зерттеу жүргізу;
2) студент меңгеругс тиісті ақпарат мазмұнын толықтыра отырып, жүйелеу;
3) қажетті дидактикалық, техникалық оқу құралдарын кешенді қолдану және оны дұрыс қолдануын қадағалап отыру;
4) тәрбиелеу және диагностикалык, оқыту жүйссін дамыту;
5) студентке жоғары деңгейде сапалы білім беруге кепілдеме беру.
Біздің зерттеуіміз бойынша, "педагогикалық технология" біздің оқу үрдісімізде қолданылып жүрген қалыпты "оқыту әдістемесімен" салыстьдпя қарағанда студентке жүйелі және сапалы білім беруге мүмкіндіқ туғызады. Ал, егер "педагогикалық технология" бойынша басты ерекшеліктерді атап көрсетер болсақ бірінші ерекшелік — оқытушының сана сезімінің жоғары деңгейде болуында және оқу жүйесіндегі өз рөлін жете түсіне отырып, жаңаша козқараспен қарауында. "Әдістемелік оқыту" терминінде оқытушының іс-әрскеті қалыпты бір технология негізінде құрылып, оқытушы "хабарды таратушы" немесе ортақ әдістеменің "жөн сілтеушісі" болып есептеледі. "Педагогикалық технология" қазіргі жағдайда оқытушының рөлін оқу жүйесінде өзгертуге және сана-сезімін көтеруге, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға жүктейді. Бұл жагдайда оқытушының кәсіптік бағытын жоғарылатуға және білім беру жүйесіне өзгеріс енгізе отырып жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Екіншіден, технологияның әдістен ерекшелігі — оқу жүйесінде соңғы нәтижеге жетуге күш-жігерін жұмсай отырып жұмыс жүргізуінде. Егер іс-әрекетті жобалау әдістеме негізінде шешілсе, онда білім беру сыныптағы нақты бөлінген топтарга сүйене отырып жұмыс жүргізіледі (жоғары, орташа және төменгі топтар). Топқа бөліп оқыту әдістемесі негізінде барлық категориядағы оқушылар оқу жүйесінде білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып үйрету мүмкін емес. Технология бойынша оқушы қай категорияға жатса да, ортақ талап қойылады. Бұл арнайы ұйымдастыру жүйесі және өздік жұмыстарды ұйымдастыру, әр түрлі жаттығлар, топқа бөлу, арнайы әдістерді қолдану болуы мүмкін. Бұл міндетті түрде алдын ала жоспарланған іс-шара болуы керек.
Үшінші ерекшелік — жеке әдістемелік жүйенің болуы. Жалпы алар болсақ, оқу жүйесінде оқытушының жеке мүмкіндіктерін, кәсіптік бағдарын көрсетеді, Болашақ мұғалімді дайындауда технологияның механизмі студентгің рухани әлемін байытуға, жаңа экономикалық және қоғамдық-саяси деңгейін көтеру, ғылыми - техникалық ақпараттарды қабылдау, зерделік және мәдени дәрежесін мейлінше арттыруға келіп салды.
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру –бұл ынтымақтастық педагогикасы негізінде мұғалім мен оқушылардың бірлесіп істейтін жұмыстары нәтижелі болу үшін жағдай жасау. Ал еңбек бұл нақты мақсатқа сәйкесті адамның іс-әрекеті. Іс әрекетінің бастысы дене, ақыл-ой еңбегі, материалдық және рухани еңбек, ойын, оқу т.б.
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру бұл қазіргі ғылым мен озат практика жетістіктерінің нәтижесінде негізделген еңбекті ұймдастырудың жетілдіру процесі.
Оқыту мен тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру және жетілдіру, еңбек іс-әрекетінде уақытты, күштерді, әдістер мен құралдарды барлық қатысушылардың толық және тиімді пайдалануы –педагогикалық ұжымның тікелей міндеті. Бұл мәселелерді еңбек процесінде іске асыру интенсификациялау, ізгілендіру мен гуманитарландырудың диалектикалық ұштасуы жағдайында ғана мүмкіншілік алады. Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру бұл интенсифициялау, ізгілендіру мен гуманитарландыру бірлігі.
Қазіргі кезеңде қоғам өмірінің бүкіл саласы қайта құру жағдайында педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру мәселесіне ерекше назар аударылуда. Солардың ішінде басты мәселелердің бірі мұғалім шығармашылығын дамыту дәрежесі.
Педагогикалық шығармашылық -бұл ғылыми ізденудің нәтижесінде озат тәрбиені жасау, тұтас педагогикалық процесс проблемаларын шеберлікпен шешу, оларды педагогикалық шеберлік дегеніміз оқыту мен тәрбие процесін шығармашылықпен іске асыру.
Мектептерде педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің біріне жатады. Педагогикалық тәжірбие оқыту мен тәрбиенің практикасын жан-жақты зерттеу обьектісі, фактілермен ғылыми мәнді жинақтардың негізгі көздерінің бірі сондықтан педагогика озат тәжірбие оқу тәрбие жұмысын дамыту мен жетілдіруде үлкен орын алады. Осыған орай әр бір мұғалім еліміздегі жаншыл ұстаздардың бай тәжірбиесін белгілі педагоктар мен психолоктардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп өз ісінде шеберлікпен пайдаланудың жолдарын қарастырады. Оқу мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін зерттеуде мұғалімнің өз тәжірбиелерден өзі зерттеп жинақтау ісі әрі қиын әрі мәселелердің бірі. Бұл мәселені ойлайтындай зерттеп практикада дәлелдеу өзіне байланысты мұғалім оқыту мен тәрбие әдістеріне байланысты мәселелерді таңдап алады да олардың тиімділігін сабақтардың немесе тәрбие жұмысының барысында бақылап терең зерттейді. Зерттеу жұмыстарын материалдарға талдау жасап қорытындылап үнемі дәптеріне жазып отырады. Мұғалім әр сабақтың немесе тәрбие жұмысының өзіне тән ерекшелігін әр түрлі әдістердің қолданудың тиімді жолдарын оқыту мен тәрбие процесінде оқушының ынтасы мен таным қабілетін дамытуды шығармашылықпен іздестіреді. Осының нәтижесінде мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен елеулі кемшіліктерді көре басатайды. Сөйтіп оларды жоюдың тиімді жолдарын қарастырады. Ол үшін мұғалім педагогикалық әдебиеттермен танысады. Қажетті әдебиеттерге аннотатция және белгілеу графия жасайды. Аннотатция- мұғалім өз мекендігі немесе көршілес мектептердегі тәжірбиені мұғалімнің тәрбие жұмысын танысады. Сабаққа қатысады. Олардың оқытумен тәрбие әдістері өзінің қамтып жүрген әдістерімен салыстырады, тиімді қортынды жасайды.
Зерттеу жұмыстарына байланысты құжаттарын мұғалімдер бірте –бірте жинастыратын болады. Мұғалімнің өз тәжірбиесін өзі зерттеп жинақтау. Жалпы педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімнің іс тәжірбиесін тарату және жинақтау. Жанашыл мұғалімнің озат тәжірбиесін тарату және оны оқу процесіне енгізу.
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері әрбір ғалым өзінің дербес әдіснамасын зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми-зерттеу әдістері бар. Бұл әдістері зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданады. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері тек қана ғалымдардың төл ісі болмай, барлық мұғалімдерінің игілігіне айналуы қажет. Мұғалім өз жұмысында зерттеу әдістерін ғылыми негізінде меңгеріп, социялогия және психология ғалымдардың әдістерімен ұштастырып жүргізе білгенде ғана өзінің және басқа мұғалімдердің тәжірбиелерін жан-жақты зерттей алатын болады.
Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы, оның зерттеу әдістерінің көбеюі мен ұдайы жетіліп отыруы. Айта кетерліктей бұл бағытта педагогика үлкен прогресске ие. Бір кезеңдерде үстірт философиялық-әлуметтік бақылау, пайымдаулар бойынша ғана зерттеліп, ал педагогикалық идеялар ұлы ойшылдардың тек шығармашылық қызметінің нәтижесінде ғана туындап келеді.
Қазіргі кезеңде педагогикалық зерттеулер әртүрлі әдістердің бүгін бір жүйесін жәрдемімен алға басуда. Бұларға: педагогикалық бақылау, әңгімелесу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу, озат педагогикалық тәжірбиені үйрету және қорытындылау, әлеуметтік талдау, педагогикалық идеяларды теориялық талдаудан өткізу және тағы басқа әдістерде жатады.
Педагогикалық тақырыптарға жазылған бірсыпыра құнды еңбектер педагогика ғылымның дамуына игі әсерін тигізді. Озат педагогикалық тәжірбиені үйрену және жинақтау. Бұл әдіс оқытумен тәрбие жұмыстарын табысты өткізіп жатқан озат мектептермен мұғалімдердің тәжірбиесін үйрету және оны теориялық пайымдауға негізделген. Көп жағдайларда мұғалімдер күнделікті сабақ тәжірбиесімен эмпирикалық түрде маңызды педагогикалық жаңалықтарға жетіп отырады, бірақ олардың бұл пайдалы істерін педагогикада танылмай, тиісті зерттеуден тыс, жеке ынталы ұстаздың пайымы ғана болып, көпшіліккке жетпей, қалып кете береді.
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру
Ақырын жүріп, анық бас
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық қылған жалықбас
Үйретуден балаға - дей отырып. «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, ақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан боладың.
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру жалпы педагогикалық еңбектің ерекшелігіне сәйкес өзгереді және жаңартылады. Педагогикалық еңбект бұл еңбек түрлерінің бірі, мұндай еңбекте мұғалім мен оқушылар бірлесіп әрекет жасайды. Сондықтан материалдық өндіріс орындарында қолданылатын еңбекті ғылыми ұйымдастырудың педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың айырмашылығы бұл бірлесіп істейтін жұмыстары нәтижелі болу үшін жағдай жасау, екіншісі оқушы.
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру – бұл ынтымақтастық педагогикасы негізінде мұғалым мен оқушылардың бірлесіп істейтін жұмыстары нәтижелі болу үшін жағдай жасау. Ал еңбек бұл нақты мақсатқа сәйкес адамның іс-әрекеті.
Іс-әрекеттің бастысы дене, ақыл-ой, еңбегі, материалдық және рухани еңбек, ойын, оқу т.б.
Еңбек өндірілетін материалдық және рухани құндылықтармен байланысты.
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру бұл қазіргі ғылым мен озат практика жетістіктерінің нәтижесіне негізделген еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру процесі.
Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты. Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау мұғалім көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып белгілі жүйелікпен жүзеге асырылатыны айқын.
Мысалы: оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы түсініктен бейтараптылы ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін және оқушылардың жасы мен дербес ерекшеліктерін есіне алмайынша оқу және тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету қиын.
Сондықтан мұғалімнің алдындағы басты міндет – оқушыларды біліммен қаруландыра оытырып , ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете және білуге үйрету және тәрбиелеу.
Ұстаздық еңбек негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық танымы.
Ұстаздық шеберлік еңбегі, екіншіден, пәнді жетік білуді, ойды оқушыларға жеткізу үшін негізгі материалды терең түсініп, олардың алдына жан-жақты дайындықпен баруды, сонымен қатар, оқушылардың басына әдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіре білуі тиіс.
Үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеру керек. Педагог көп біліп қана қоймау сол білгендерін оқушыларға бере білуі, яғни белгілі бір сынып оқушыларының жас мөлшері мен шама-шарықтарын ескеріп, сабақтың қызық та түсінікті әрі жеңіл өту жағын ойластыруы қажет. Педагогикалық әдеп ауадай қажет. Оған қоса, педагогикалық істің шебері оқушылардың түсінігін, тәжірибесін біліммен байтып, моральдық сапасын қарастыруға, программалық материалдың жақсы мұғалімі болып қана қоймай, оқушылардың тәрбиешісі де болуы керек.
Алайда, зер салып байқасақ, жалпы әдеп бар да, педагогикалық әдеп бар ғой. Кеқ келген тәрбиелі де мәдениетті адамның бойынан педагогтық әдеп табыла бермейді. Педагогтық әдеп – медицина қызметкерлерінің дәрігерлік этикасы сияқты мұғалімнің кәсіптік сапасы. Ол педагогтық білім мен педагогтық тәжірибені қоса алғанда пайда болатын педагогтық шеберлігі еңбектің құрамдас бөлігі болып табылады.
Педагогтық ғылыми ұйымдастыру еңбегі, кең мағынасында ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы. Оқушыларға біздің тарапымыздан болатын әр бір педагогтық әдіс-тәсіл, әр бір ескерту мұғалімнің беделін жоғары көтеретіндей, не болмаса оған нұқсан келтірмейтіндей болуы керек. Мұғалімдер өз талаптарын оқушылардың қалай орындайтынына маңыз беріп қана қоймай, сонымен қатар, реніш тумау жағын да ойластырғаны жөн.
Педагогтық әдептен хабары мол оқытушы, меніңше, ұстамды, бірақ талап қойғыш мұғалім, қайсар және өз дегенінен қайтпайтын адам. Әр нәрседен хабары мол әдепті мұғалім оқушылардың жүрегіне жол таба біледі. Жол таба білудің нәзік жолдары: ерлік-жігер, ұстамдылық, дәйектілік, талап қоя білушілік, зейінділік, қалжыңдай білушілік, орынды мысқыл, ептілік, әзіл оспаққ ырғағының мол болуы.
Оқушылармен жұмыс барысында ешқендай ымыраны мойындамайтын мұғалімдер де бар. Ондайлардың көбісі көтеріңкі дауыспен сөйлейді. Сабағы түсінбегенде, күлкі буғанда, класта тақта сүртілмегенде ұрсып сөйлейді.
Сонда қалай мұндай жәйттерге мән бермеу керек пе?
Мән беру керек, бірақ түрліше мән беру керек.
Одан да олардың белсенділігін көтерген жөн. Оқушылар айтқанды ұғып алмаса, айқайдан пайда жоқ. Сол материалды қайтадан түсіндіру керек. Оқушыларды күлді екен деп мен өзім, мысалы, оқушыларға айқаламаған болар едім.
Күлетіндей жағдай болса, олар күлкілерін бәрібір жасыра алмайды. Одан да оқушылардың күлуіне мүмкіндік беріп, өзің де қосылып күліп, содан кейін құлаққа жағымды үнмен бір қызық әңгіме бастап, сөйтіп барып жоспарланған материалдың мазмұнына көшу керек. Мысалы: тақта кір болса, оқушыларға реніш білдіруге де болады немесе тақтаны үн-түнсіз сүрте бастап, сәлден соң оларға естірте: «Егер сіздерге тақта сүрту қиын болса, мен-ақ сүртейінң - деп айтсақ жеткілікті. Келесі жолы тақта айнадай жалтырап тұрады.
Әрбір әдіс-тәсілдің орынды қолданғаны жақсы. Орынымен айтылса, әзіл-қалжың ашу-ызаның бетін қайтарады.
Педагог әрқашан оқушылардың жүректеріне жол таба білу қажет.
Оқушыларды дұрыс тәрбиелеу үшін оларды жақсы білу керек. К.Д. Ушинский «Адам – тәрбие нысанасың деген өзінің күрделі еңбегінің кіріспесінде: «Егер педагогика ең алдымен сол адамды барлық жағынан білу керек,ң - деп жазды.
Оқушыларды зерттеу - әр мұғалмнің және әсіресе класс жетекшінің міндеті. Ол мектеп оқушыларын сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта, оқушы семьясына барғанда зерттейді.
Оқушыларды зерттеу – оларды жекелеп тәрбиелеуді қажетті шарты. Мектеп оқушыларын зерттеу – тәрбиелеу мен оқыту процесінде жекелеп тәрбиелеу әдісін қамтамассыз ету үшін керек. Зертеуге кірісе отырып, нені зерттеу, неге болса назар аудару керегін анық көз алдыңа келтіре білген жөн. Зерттеу процесінде, әдетте, оқушының жалпы және саяси дамуы, оның моральдық бейнесі, мінез ерекшеліктері, үлгерімі мен тәртіптілігі, еңбек сүйгіштігі, мінез-құлық мәдениеті, жеке өзінің қасиеттері айқындалады.
Мектеп оқушыларын жан-жақты зерттеу ең алдымен қарым-қатынас процесінде және нақты іске оның басқа адамдармен байланысын зерттеу.
Зерттеу мақсаты болу және нақты сипат алу үшін, оқушылардың педагогикалық зерттеудің үлгі программасына ия болу қажет. зертеу процесінде оқушының жеке басының негізгі белгілерін айқындауға ерекше назар аударылады: оның идеялары мен талпыныстарының негізгі бағыттары, бұл идеяларды нақты істерде – оқуда, еңбекте, қоғамдық жұмыста көрсете білу, отанды сүю, шыншылдық және адалдық, принціптілікқарапайымдылық сияқты моральдық қасиеттерінің болуы, мінезінде жігерлік сезімдері сияқты моральдық қасиеттерінің болуы.
Оқушыларды педагогикалық бақылау. Бұл мектеп оқушыларының зертеудің негізгі және неғұрлым кең тараған әдісі. Бақылау оларды әдеттегі өмір мен іс-әрекет жағдайында жүйелі зерттеуге бағытталған. Ол сабақта, сабақтан тыс уақытта, қоғамға пайдалы еңбек және қызыметтің басқа басқа түрлері процесінде жүзеге асырылады.
Бақылау неғұрлым жақсы әрі мақсатты ұйымдастырылса, мектеп оқушыларын соғұрлым терең әрі жан-жақты зертеуге болады.
Бақылау – бұл еңбекті көп керек ететін әдіс. Обьектив дерек алу
үшін әртүрлі жағдайда мінез-құлықты сипаттайтын сан алуан фактілерді жинау керек. Жеке, кейде кездейсоқ фактілердің негізінде ғана мінез-құлықты сипаттауға және бағалауға болмайды. Жеке адам үшін неғұрлым типті болып табылатндары айқындау қажет.
Зертеу процесінде мектеп оқушыларымен әңгімелер елулі орын алады. Олар менез-құлық сыңайын, мүдделер мен бейімділікьі білуге көмек теседі. Жақсы өткізілген әңгімелер бақылау кезінде байқалмайтын психиканың құпия сырларына үңілуге мүмкіндің береді. Егер оқушыға ілтипатпен көңіл бөліп қараса ол өзінің асыл армандары сен тілектері туралы өз бақалаулары жайында, мұғамімдерге, ата-аналарына, жолдастарына деген ынтасы туралы қуана әңгімелеп береді.
Әдепті, жылы немесе сырластық әңгіме – бұл тек қана зертеудң ғана емес, оқушыларды тәрбиелеудің де әдісі. Әңгімелер, әдетте, жеке көзбе - көз өткізіледі. Бірақ кейде әңгімені бүкіл класпен өткізуге болады. Мәселен оқушылардың оқырман ретіндегі ынтасын зертеу үшін, олармнен оқылған кітаптар туралы, кітаптардағы сүйікті кейіпкерлер жаймы әңгімелесуге болады.
Оқушылардың ынталары мен білімділігін зертеу және олардың талаптары мен идеялдарын анықтау мақсаттарында кейде үй шығарнмалары жазылады. Күні бұрын шығарма тақырабы хабарлап, оны орындау тәртібі турала кеңістер беріледі. шығарманы жазғанда дербестің, адалдылақ және шыншымдықтың мол көтінуіне қол жеткізген ерекше маңызды. Шығармаларда дамудың жалпы дәнежесі, көп оқығандағы болып жатқан оқйғаларды өз бетімен ажырата білетіндігі бейнеленеді.
Оқушылар туралы, олардың даму дәрежесі туралы анкеталардың көмегімен қысқа уақыт ішінде мол материал жинап алуға болады. Олар ең алдымен оқушылардың адамгершілік түсініктері мен елестерін, төңірегіндегі адамдарға қатынасын айқандауға, мүдделерін, бейімділігін зертеуге мүмкіндік береді.
Анкеталардың көмегімен тек қана кейбір моральдық қасиеттерді түсінуге ғана емес, сонымен бірге кластағы колективтік қатынастардың, достық пен жолдастық өзара қарым-қатынастардың жай күйін айқындауға болады. Кейде жеке оқушылардың өмірі мен тәрбие жағдайын неғұрлым терең және жан-жақты зертеу қажеттілігі туады. Мәселен, оқуша нашар оқып, тәртіп бұзып, сабақтарды жібере бастады. Оның себептерін анықтау керек. Олар семьядағы қолайсыз жағдайларға жиі байланыста болады. Сондықтан өмір жағдайымен байланысты болады. сондықтан өмір жағдайымен жете танысқан және ата-аналармен бірлесе отырып тәрбиелеу мен оқыту үшін қалыпты жағдай жасау қамқорлық көрсеткен жөн.
Класс колективі ойдағыдай қалыптастыру мен тәрбиелеу көбіне оқушыларды бір-бірімен жеке қарым-қатынастарын зертеуге байланысты. Бұл қатынастарды білмен колективті топтастыру және класта колективтік қатынастарды қалыптастыру қиын. Жеке қарым-қатынастарды зертеу мақсатында әлуметтік-метриканың әдістер қолданады. Олар жаныма сұрақтар қою жолымен өзара сүйінішті, жиренішті, немесе бір-біріне дегн немқұрайлықты айқындауға, класта кімнің зор беделге ие, кімнің ие емес екенін анықтауға мүмкіндік береді. Мұны класс жетекшінің білуі өте маңызды. Бақылаулар, әңгімелер, анкеталар және шығармалар көмегімен әрдайым мұны айқындайу мүмкін бола бермейді. Оқушылар арасындағы шын қарым-қатынастарды айқындау үшін оларға бірқатар жанама сұрақтар беруге болады. ол бір партаға кіммен отыргғысы келеді: учаскеде немесе колхоз даласында кіммен жұмыс істегісі келеді т.б.
Сонымен әр оқушымен тұтас оқушылар коллективін жан-жақты әбден зерттеу үшін әр түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану қажет. Әрине бүкіл саналуан әдістерді қолдану көп күш пен уақытты талап етеді. Бірақ, оқушыларды зерттей келе кластағы тәрбие ұмысын жоғарғы тиімділікпен ұйымдастыра алады. Оқушылардың ерекшеліктерін біле тұра, оларға ықпал етудің әдістерін табыстырақ қолдана алады. Педагогикалық ережені есте ұстау қажетті: оқушыларды жете зерттеу тәрбие жұмысын әдәуір жеңілдету деген сөз.
Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:
- педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бәрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама-қарсылықтары жєне себепті салдарлы байланыстарына орай жасайды әрі дамиды;
құбылыстарды даму барысында зерттеу;
бір құбылысты екіншілерімен өзара өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
зерттеу процесінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі толықтырып отырушы көптеген әдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;
зерттеу әдістері зерттелетін құбылыстыњ мән-мағынасына сай келуі;
даму процесін сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс жєне өзіндік даму ретінде қарастыру;
сынақталушыға, білім-тєрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік-инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.