Лекция. Зерттеу үрдісінің құрылысы мен мазмұны Жоспар



бет24/30
Дата22.12.2022
өлшемі0,62 Mb.
#59022
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Компендиум- қандай да бір ғылымның, зерттеулердің және т.с.с. негізгі ойларын қысқаша, жинақтап беру;
Диссертация- ізденушінің ашық қорғайтын және ғылыми дәреже алу үшін ұсынатын зерттеуі, ғылыми жұмысының қолжазбасы, автордың ғылыми дәреже алу үшін ғылыми немесе ғылыми-білімдік мекемелерде дайындаған және ғалымдар кеңесінде қорғайтын ғылыми біліктілік жұмысы.
Симпозиум, конференция материалдары- ғылыми конференция қоры-тындылары кіретін мерзімді емес жинақ (бағдарлама, баяндамалар, ұсыныстар, шешімдер);
Журнал-әр түрлі қоғамдық саяси, ғылыми, өндіріс және басқа сұрақтар бойынша мақалалар және рефераттар, сонымен қатар әдеби туындылар, иллюстрациялары бар кітапша тәрізді түптелген мерзімді мәтіндік басылым, осы түрде ресми бекітілген басылымдар: республикалық «Білім-Образование», «Жоғары мектеп хабаршысы», «Вестник высшей школы Казахстана», «Ізденіс-Поиск», «Творческая педагогика», «Парасат», және т.б.; ресейлік-«Вестник высшей школы», «Высшее образование в России», «Педагогика», «Мир образования», «Вопросы психологии», және т.б.; халықаралық- «Перспективы: вопросы образования», «Курьер ЮНЕСКО»;
Энциклопедия, энциклопедиялық сөздік- оқу, өздігінен білім алу және тірбиелеуге арналған басылым түрі. Оқырмандарды қоршаған дүние, ғылым және техника негіздерімен, тарих және мәдениетпен таныстырады.
Негізгі талаптары: материалды түсініктілігі, баяндаудың қарапайым және анықтылығы, көрнектілігі, әдемі сыртқы безендірілуі.
Энциклопедиялар алфавитті, жүйелі, әмбебап, салалық және тақырыптық болып бөлінеді.
Оқулық- бағдарлама және дидактикалық ғылымның талаптарымен белгі-ленген оқыту мақсаттарына сәйкес, белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми білімнің негіздері баяндалатын, кітап түріндегі оқытудың негізгі құралы.
Есептер жинағы- мұғалімге, өздік және бақылау жұмыстарын сұрыптауда оқушылардың жеке дара мүмкіншіліктерін ескере отырып ретке келтірілген есептер жиынтығын қамтитын білім беру ақпараттық-анықтамалық түрі. Жүргізілген сұрыптаулар оқушыларға арналған тапсырмалар ретінде дәстүрлі «қағаз» және электронды түрде ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет