Байланысты: Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция
3.Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға сипаттама. Стандарт - үлгі, білім мазмұнының негізі. Білім мазмұны стандартта жазылған талаптарға сай жасалады. Стандартта оқушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік, дағдылардың көлемі, оқушының дайындығына қойылатын талаптар белгіленген.
Аталған құжат республикадағы білім саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды құжат. Стандарттың негізгі қызметі - басқару. Ол "Білім туралы" Заңға сәйкес жасалады.
Қазіргі уақытта елімізде білім берудің барлық деңгейлеріне арналған мемлекеттік стандарттары әзірленіп, тәжірибеге енгізілді. Оның көп себебі бар. Солардың бірі - кейбір мектептердің күмәнді мазмұны бар оқу курстарын ешқандай әдістемесіз енгізуі.Отандық стандарттардың өз ерекшеліктері бар. Республикадағы ерекше пәндер, атап айтсақ, қазақ тілі, орыс тілі, араб тілі, ұйғыр тілі және әдебиеті стандартталады.
Ақпараттандыруға қатысты білімді стандарттау барша мектептерге қойылатын жаңа нұсқалы ДЭЕМ-нің бағдарламалық-ақпараттық мүмкіндігіне сай жүреді. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер мазмұнын анықтағанда дүниежүзілік тәжірибе қолданылды. Білім мазмұнын анықтау кезінде ұлттық және аймақтық ерекшеліктер ескерілді. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім стандартын 1998/99 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне сатылап енгізу ұсынылған болатын. Әрине стандарт оқу бағдарламалары мен оқулық, оқу-әдістемелік жинақтар түрінде мектеп тәжірибесіне енді ғана еніп жатыр. Стандарттың бірінші бөлімінде бастауыш білім берудің мақсаты мен міндеттері, білім мазмұнының құрамы, екінші бөлімінде білім беру салалары, базалық білімнің мазмұны, бастауыш сыныпты бітіретін оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар жазылған. Мемлекеттік базистік оқу жоспарында міндетті оқылатын қазақ тілі, оқу және тіл дамыту, екінші тіл - орыс тілі, математика, дүниетану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шынықтыру, музыка пәндері бар. Оқу жоспары - тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбегі мен көлемін, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын реттейтін негізгі құжат.