Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары


Оқыту формалары мен әдістері, құралдары туралы түсінік,олардың өзара байланысы



бет59/109
Дата19.05.2023
өлшемі252,53 Kb.
#94850
түріЛекция
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   109
Байланысты:
Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция

2.Оқыту формалары мен әдістері, құралдары туралы түсінік,олардың өзара байланысы.
Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген.
И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді.
Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық белсенділігі әр түрлі.
Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен болады.
Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін бола бермейді.
Ю.К.Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.


3.Қазіргі заманғы мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың формалары.
Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана, практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б. Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да - сабақ өз маңызын жойған емес. 
Сабақ - оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі. 
Сабақ құрылымы - бұл белгілі бірізділікті жəне өзара қарым-қатынасқа келген дəріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым əрқашан дидактикалық мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас айырмашылықтары мен ұжым сипатындағы сынып ерекшеліктеріне тəуелді. Сабақ құрылымының көптүрлілігі сабақ типтерінің де сан алуандығына жол ашады.
Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай төмендегіше топтастырады: дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері: 
- жаңа білім материалын хабарлау; 
- білімді бекіту; 
- ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, бекіту; 
- қорытындылау; 
- білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы. 
Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері: 
- оқу саяхаттары; 
- кино-теле-сабақтар; 
- өзіндік жұмыс сабақтары жəне т.б. 
Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері: 
- жаңа материалды игеру; 
- бекіту; 
- қайталау; 
- білімді бақылау, тексеру. 

Егер арнайы сабақ типтерінің мақсаттары мен жұмыс түрлері не олардың элементтері бір дəрісте тоғысатын болса, ондай сабақты аралас сабақ деп атау қабылданған. Сабақтан басқа да, жоғарыда айтылғандай, оқуды ұйымдастырудың əртүрлі формасы баршылық. Олардың арасында аса ерекше көзге түсетіні - дəрісбаян (лекция). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет