Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары


ғылымдарды жіктеу және олардың гуманитарлық білімдегі орнын анықтау тұжырымдамаларын



бет11/109
Дата16.10.2022
өлшемі344,98 Kb.
#43446
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   109
Байланысты:
Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция (1)

ғылымдарды жіктеу және олардың гуманитарлық білімдегі орнын анықтау тұжырымдамаларын (Б.М. Кедров, В.С. Леднев және т.б.);

  • ғылымның жалпыпәндік құрылымының тұжырымдамаларын (А.П. Огурцов, В.С. Степин және т.б.);

  • ғылым философиясындағы ғылыми білімнің даму тұжырымдамаларын (Г.М. Добров, В.В. Ильин, И. Лакатос, Т. Кун, М. Полани, К. Поппер, Ст. Тулмин, П. Фейерабенд және т.б.);

  • ғылым парадигмасын (Т. Кун және т.б.);

  • гуманитарлық әдіснаманы( В.Г. Бермус және т.б.);

  • ғылыми танымның, педагогикалық зерттеулердегі әдіснамалық тұғырларының және құралдарының (жүйелілік, инновациялық, синергетикалық) құрылымы мен мазмұнының әдіснамасы (И.В. Блауберг, Н.В. Бордовская, В.И. Загвязинский, В.В. Краевский, В.М. Розин, В.С. Шубинский және т.б.);

  • инновациялық үдеріс әдіснамасын (Н.Р. Юсуфбекова,В.А. Сластенин және т.б.);

  • педагогика ғылымының жалпы әдіснамасы және педагогикалық зерттеулер әдіснамасын (М.А. Данилов, Ф.Ф. Королев, Б.Т Лихачев, А.М. Новиков, В.М. Полонский, М.Н. Скаткин, Г.П. Щедровицкий және т.б.) басшылыққа алып, педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістерін жүйелеуге болады.

    Бұл жүйеде педагогиканың әдіснамасы ғылымның әдіснамасының тікелей көшірмесі емес, педагогиканың әдіснамасы жеке дербес ғылыми білім саласы ретінде берілді. Педагогиканың әдіснамалық негіздерінің құрамына жалпығылымилық, философиялық, дидактикалық және психологиялық бағдарлар енеді. Ал ғылымның әдіснамасының теориялық қағидалары педагогика әдіснамасының ұғымдық аппаратын құруға, әдіснамалық тұғырлардың әлеуетін кеңейтуге, парадигманы ойластыруға, гуманитарлық әдіснаманы түсінуге, сараптама (экспертиза) әдіснамасын, инновациялық үдеріс әдіснамасын тікелей білім беру үдерісін жаңартуға пайдалануға негіз бола алады.


    3.Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны.
    Педагогика - үнемі дамып отыратын ғылым Тәрбие мен білім берудің барлық салаларына ғылыми болжам жасау мақсатында және негізгі мәселелерді ғылыми-теориялық, тәжірибелік жағынан терең талдау үшін педагогика ғылымында мынадай зерттеу әдістерінің жүйесі қолданылады. Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми-зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданады. Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістерді қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан-жақты дамуына және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Жаратылыстану, басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, эксперименттің нәтижесі өзгермейді. Ал педагогика ғылымында экспериментті қайталап жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, педагогикалық зерттеудің объектісі - баланы тәрбиелеу. Сондықтан педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т.б.) әсер етеді. Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей және оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет.
    Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері - табиғат, қоғам, ой дамуының жалпы заңдылықтары; теория мен практиканың диалектикалық бірлігі туралы; жүйелі-құрылымдық қатынас туралы; философиялық және психологиялық-педагогикалық тұжырымдамалар; жеке тұлғаның іс-әрекет арқылы теориясы; дамыта оқыту теориясы. Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б. жатады. Бақылау әдісі: бұл педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды тануды айтады. Мектеп құжаттарын зерттеу: оқу және тәрбие жұмысында кейбір күдікті мәселелерді құжаттарға сүйеніп зерттеуге болады. Бұл мектеп және мектептен тыс тәрбие мекемелерінде құжаттар мен архив мәліметтері. Мектеп құжаттарына сынып журналдары, оқушылардың күнделіктері, сыныптың оқу тәрбие жұмысының жоспары, үйірме жұмыстарының жоспары мен есебі, үйірме мүшелерінің баяндамалары, педагогикалық тақырыптарға жазылған мұғалімдердің баяндамалары мен ғылыми мақалалар жатады.
    Оқушылардың жұмысын зерттеу: оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарда жазылған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасалған заттар зерттеушіні кейбір
    қажетті мәліметтермен қаруландырады. Осы жұмыстар оқушылардың дербес қабілетін оқуға және еңбекке көзқарасымен қатынасын, олардың теориялық және практикалық дайындықтарын, осыған орай мұғалімдердің де іс-әрекеттерін зерттеп анықтауға болады. Эксперимент: эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық процесті зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады.
    Зерттеудің жұмысшы болжамы (гипотеза): егер жалпы білім беретін мектепте

    • әртүрлі кәсіпке дайындау мазмұнында ғылымның, жаңа технологияның талаптары, аймақтық мәселелері ескерілсе;

    • оқыту процесінде, оқытудың дидактикалық құралдары ретінде өндірістік негізде құрылған техника-технологиялық есептер мен тапсырмалар; жинақтау процесін ескеретін жинақтаудың технологиялық схемаларын түсіндіретін графикалық тәсілдер қолданылса;

    • оқушылар еңбегін ұйымдастырудың жетік формалары қарастырылған болса;

    • оқу бағдарламаларын кәсіпке оқытудың бірыңғай мазмұны түзілетін болса;

    • оқу-тәрбие жұмыстары барысында оқушыларды кәсіби маңызды сапаларды қалыптастыруда 5-7, 7-9, 10-12 сыныптарда сабақтастық сақталатын болса, онда кәсіби оқытудың тиімділігі артады.

    Педагогика - үнемі дамып отыратын ғылым. Тәрбие мен білім берудің барлық салаларына ғылыми болжам жасау мақсатында және негізгі мәселелерді ғылыми-теориялық, тәжірибелік жағынан терең талдау үшін педагогика ғылымында мынадай зерттеу әдістерінің жүйесі қолданылады:




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   109




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет