Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары


Педагогиканың объектісі, пәні және қызметтері



бет8/109
Дата16.10.2022
өлшемі344,98 Kb.
#43446
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   109
3.Педагогиканың объектісі, пәні және қызметтері.
Педагогика тәрбие туралы ғылым. Педагогика өзінің атауын гректің "paidagogas"-баланы жетектеуші сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбие - қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін - делдал - ұстаз, мұғалім керек.
Педагогика нысаны - қозғалыстың мақсатты бағдарланған іс-әрекеттері үрдісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылысын айтамыз.
Педагогика пәні. Білім білімдену процесі тек педагогиканың ғана меншікті зерттеу аймағы емес, оның зерттеуімен философия, әлеуметтану, жантану, экономика және де басқа ғылымдар шұғылданады.
Педагогика ғылымының қызметтері. Дербес ғылым реттінде танылған педагогиканың қызметтері оның жоғырыда аталған пәндік сипатымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық және технологиялық міндеттер.


4.Педагогиканың негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысы.
Педагогика гректің «пайс» - балалар, «эгейн» - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу ұғымдарынан шыққан. Ертедегі Грекияда өзінің қожайынының баласының қолынан ұстап, жетектеп, мектепке ертіп апаратын құлдарды педагогтар деп атаған.
Қоғамның даму формацияларының әр кезеңінде «педагогика» сөзі (ұғымы) кең, жалпы мағынада қолданыла бастады. Білімнің жетілуіне байланысты балалардың тәрбиесі туралы ғылым пайда болды.
Негізгі педагогикалық ұғымдар - тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі тәуелді табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты құралы.

  • Тәрбие - адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық әлеуметтік тәжірибесін жас ұрпақтың бойына сіңіру, аға ұрпақ пен жас ұрпақтың өзара бір-бірімен әрекеттесу процесі.

  • Оқыту - оқушы мен мұғалімнің белгілі бір дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі.

  • Білім беру - ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, соның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік және т.б. жағымды қасиеттерді қалыптастырып, жеке адамның шығармашылық қабілетін дамыту.

  • Даму - адамның физикалық және рухани күш жігерінің сандық және сапалық жағынан тізбектеле, яғни бірізді өзгеруінің объективті процесі.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет