Қарастырылатын сурақтар:
1. Мемлекеттік су кадастры (МСК)
2. Суларды мемлекеттік есепке алу (СМЕА)
3. Су объектілерінің мемлекеттік мониторингі (СОММ)
4. Су ресурстарының ластануы және оларды қорғау
1.Мемлекеттік су кадастры (МСК)
Мемлекеттік су кадастры деп су объектілері, олардың ресурстары, суды пайдалану және су пайдаланушылар туралы мәліметтердің жүйеленген жиынтығын айтады. Аталған МСК су объектілерін пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру кезінде шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады. МСК ҚР-да бірыңғай жүйе бойынша жүргізіледі және су пайдаланушылар ұсынатын жер үсті және жер асты суларын пайдалануды есепке алу және су объектілерінің мемлекеттік мониторингі деректеріне негізделеді.
ҚР-да МСК жүргізуді Қазақстанның Гидрометеорология және қоршаған орта мониторингі жөніндегі қызметтері жүзеге асырады.
МСК деректері ҚР ресми деректері болып табылады және мыналар үшін қызмет етеді:
гидрологиялық және гидрогеологиялық жағдайлардың, су объектілерінің ресурстары мен су сапасының өзгеруін бағалау және болжау;
су объектілерін кешенді пайдалану мен қорғаудың федералдық және бассейндік схемаларын әзірлеу;
су объектілерін пайдалануға лицензиялар дайындау және беру;
су объектілерін пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
су объектілерін пайдалануға байланысты төлемдерді белгілеу және су заңнамасын бұзғаны үшін талап қою;
су пайдаланушыларды су объектілері туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
су объектілерін пайдалануға байланысты туындайтын дауларды шешу.
МСК деректері енгізіледі, өңделеді және компьютерлік қағаз түрінде сақталады, бірыңғай автоматтандырылған деректер банкін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |