Лекциялар жинағы алматы ерте және орта ғасырлардағЫ Қазақстан


Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан (1946-1953 жж.)



бет9/40
Дата08.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#135208
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан (1946-1953 жж.). Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы. КСРО экономикасын қалпына келтіру. Карточкалық жүйенің жойылуы. 1947 жылғы ақша реформасы. Мәдениет, ғылым мен білім. Қазақ КСР Ғылым Академиясының құрылуы. Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай. Жаңа идеологиялық науқандар. Өзгеше ойлайтындармен күрес. Гуманитарлық ғылымдар саласына бақылаудың күшеюі. Ғалымдарды қуғындау: «ар-ождан соты». «Бекмаханов ісі».
КОКП-ның ХІХ сьезі. И.В. Сталиннің өлімі. Л.Берияның тұтқындалуы және ату жазасына кесілуі. Н.С. Хрущевтің билікке келуі. Республикадағы қоғамдық-саяси жағдай. Ж.Шаяхметовтің қызметі. Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық өзгерістер.
Хрущевтік «жылымық» жылдарындағы Қазақстан (1953-1964 жж.). Хрущевтік «жылымық» кезеңі, әлеуметтік-экономикалық сипаты. Индустриалды даму. Әскери-өнеркәсіптік кешен. Тың және тыңайған жерлерді игеру: жетістіктері мен тәжірибесі. Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Республиканың қоғамдық-саяси өмірі. Кеңестер, КОКП, комсомол, қоғамдық ұйымдар. Н.С. Хрущев билігі тұсындағы волюнтаризм және субьективизм. 1950-1970 жылдардағы әлеуметтік шиеленістер. Республика қорларынан жерлерді тартып алуы. Республика халқының күнделікті өмірі.
«Тоқырау» жылдарындағы Қазақстан (1964-1985 жж.). Қазақстандағы биліктің ауысуы. Д.А.Қонаев – Қазақстан Компартиясы ОК-ның Бірінші хатшысы. Мемлекеттік-партиялық жүйе және партиялық номенклатураның шексіз билігі. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар. Орыстандыру саясаты және КСРО халықтарының ассимиляциялануы. КСРО Конституциясы (1977 ж.). Қазақ КСР-і Конституциясының (1978 ж.) қабылдануы. Целиноград оқиғалары (1979 ж.). Экономиканың «тоқырауы». Экономиканы реформалаудың кезекті қадамдары. Қазақстанның өнеркәсіп және аграрлық секторы. Халықтың тұрмыс деңгейі: жалақыдан жалақыға дейін. Қоғамдық – саяси өмір және оның ерекшеліктері. Экологиялық проблемалар: Семей ядролық сынақ айлағы, Арал теңізі, өнеркәсіптік қалалар. «Кемелденген социализм» дағдарысы жылдарындағы Қазақстан. Қоғамның рухани-мәдени өмірі, қоғамдық қозғалыстар. Ауғанстан жеріне кеңестік әскердің енгізілуі. Елдегі наразылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет