Лекциялар жинағы алматы ерте және орта ғасырлардағЫ Қазақстан


ХҮІІІ-ХІХ ҒҒ. ҚАЗАҚСТАНДА БОЛҒАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР



бет29/40
Дата08.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#135208
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40
Байланысты:
Kazahstan taryihy -2022-2023

ХҮІІІ-ХІХ ҒҒ. ҚАЗАҚСТАНДА БОЛҒАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР

1. ХVІІІ ғасырдың соңы - ХІХ ғасырдың басындағы Қазақ хандығы.


2. Сы­рым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақта­рының көтерілісі (1783–1797 жж.)
3. Иса­тай Тай­манұлы мен Ма­хам­бет Өтемісұлы бас­таған ша­ру­алар көтерілісі (1836–1838 жж.)
4. Ке­неса­ры Қасымұлы басқарған ұлт-азат­тық қозғалыс (1837–1847 жж.)
5. Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуы

Кіші жəне Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығы бытырап, əр жүзде жеке хандар сайланып, бұл хандар Абылай хан ұрпағы Уəли ханға бағынуға ниет білдірмеді. Əр жүздің өзіне тəн тарихи-географиялық аймағы болды. ХІХ ғасырдың басында Кіші жүз Батыс Қазақстанның Сырдариядан батысқа Жайық пен Тобыл өзеніне дейінгі жерді алып жатты. Орта жүзге тəн аумақ шығыста Қытай шекарасынан батыстағы Торғайға дейін, Ташкенттен оңтүстік Сібір жеріне дейін қамтыды. Ұлы жүз Жетісу, оңтүстік-шығыс жəне оңтүстік Қазақстан аумағын мекендеді. Табиғи - климаттық жағдай шаруашылық өмірдің барлық қырынан байқалды. Ш.Уəлихановтың айтуы бойынша, «ертеден қазақтардың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болған. Біз өмірімізді мал шаруашылығының ыңғайына қарай бейімдеп отырдық». Көшпелі мал шаруашылығының негізгі өзіне тəн айырмашылығы бір жерден екінші жерге көшіп-қонып отыруы болды (жайлау, күздеу, қыстау, көктеу). ХІХ ғасырдың басына қарай жеке рулар арасында жайлау мен қыстау жерлеріне бөлініс басталды. Қазақтардың көшпелі-жайылымдық шаруашылығының негізгі жүйесі экстенсивті сипатта болды. ХІХ


ғасырдың басында қазақтардың шөп шабумен айналыса бастауы мал шаруашылығының тұрақтанып, оның табиғаттың қолайсыз жағдайына қарсыласуына мүмкіндік əперді. Қазақтардың шекара өңіріндегі орыс елімен сауда байланысының дамуында малдың жекеленген түрлері ерекше мəнге ие болды. Қой саудасы орыс жəне Орталық Азия көпестері тарапынан жоғары бағаланды. Ірі қара малдан ет, сүт, май өндіріп базарларға шығарып сата бастады. Түйенің көлік ретінде маңызы арта түсті. Бұхарадан Хиуаға бір жолғы жүк тасымалдау жағдайға қарай бір түйеге 35-50 сомнан 100 сомға дейін жетті.
ХІХ ғасырда қазақтардың жер шаруашылығымен айналысуы да кең дами бастады. Ұлы жүз ежелден жер шаруашылығымен айналысатын. ХІХ ғасырдың 30-жылдарында жер шаруашылығымен кедейлерден басқа ауқатты қазақтардың да бір бөлігі айналыса бастады. Жетісуды, Балқаш көлінің жəне Ертіс өзендерінің жағасын мекендеген қазақтар - бидай, сұлы, арпа егіп, суармалы жүйе арқылы жақсы өнім алатын болған. ХІХ ғасырдың 40 жылдары шекара бойында тұратын Орта жүз қазақтарының бір бөлігі - жатақтар жер шаруашылығымен айналыса бастады. Əсіресе, олар Көкшетау, Ақмола, Баянауыл округі жəне Сырдария аудандарында байқалды. Жер өңдеу құрал-жабдықтары дөрекі темір кетпен, ағаш, жер тырма жəне сирек кездесетін темір соқалар болды. Сырдария, Торғай жəне Ырғыз өзендері жағалауында тұратын қазақтар бау-бақша егумен айналысты. Онда қарбыз, қауын, пияз, сəбіз, асқабақ, жүгері жəне т.б. көкөніс түрлерін екті.Қазақтар ертеден балық кəсіпшілігімен, сонымен қатар аң аулаумен де (қасқыр, түлкі, қарсақ т.б) айналысты. Аң терілерін өз қажеттеріне жұмсап жəне орыс саудагерлеріне сатып отырды. Қазақтардың негізінен кедей бөлігі - жатақтар мен егіншілер балық шаруашылығымен айналысатын, олар балықты ау немесе сүзгіш арқылы ұстады. Қазақтардың шаруашылығында түрлі қолөнер де ерекше орын алды. Тері өңдеу, оқ-дəрі жасау, ағаш немесе сүйектен, темірден түрлі заттар жасау дами түсті. Əсіресе, киіз үйдің кереге, уық, шаңырағын жасайтын шеберлер ерекше бағаланды. Қазақтар үй шаруашылығына керекті шалғы, соқа, орақ сияқты кейбір заттарды темірден жасаған. Зергерлер күмістен түрлі əшекей бұйымдар жасап отырған. Суық қарудың барлық түрлерін, мылтықты да жасай
білген. Қазақ əйелдері текемет, киіз, сырмақ, тұмақтар, тондар, аяқ киім т.б. заттарды керемет жасаған. Ұсталардың күмістен жəне теріден жасалған заттары ішкі базарларда сатылып немесе өздерінің шаруашылығына қажетті заттарды көрші елдермен айырбас жасады. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресеймен айырбас сауда қатынасы дамыды. Сауданың негізгі тіректері Орынбор, Троицк, Петропавловск бекінісі, Пресногорьковск, Омбы, Семей жəне Орал болды. Ресейдің қазақтармен сауда қатынасы орыс тілін білетін саудагерлер немесе татар көпестерінің көмегі арқылы жүрді. Ішке тауар əкелу сыртқа тауар шығарудан басым болды. Сыртқа: мал жəне сүт өнімдері шығарылса, өздеріне қант, темекі, ыдыс-аяқ, шай, дəрі-дəрмек жəне т.б. заттар алып отырды. Біртіндеп ішкі сауда дами бастады, бірақ ол негізінен айырбас түрінде болды. Айырбас саудасы тек қана рулар арасында ғана емес, қазақ жүздерінің арасында да жүрді, ал кей жерлерде ақшаға да сауда жасалды. Айырбас сауданың дамуы барысында Қазақстанда несие сауда қатынасы кең қанат алды. Көпестер мен Сібір казактары заттарды қазақтарға несиеге əкеліп беріп, көп жағдайда оларды алдап кетіп отырды. Қазақтар арасында арнайы сауда серіктестіктерін құрып, жоғары өсіммен несиеге ақша беріп отырған арнайы саудагерлер де пайда болды. Ақша-тауар қатынасының дамуы кедейбатрақтардың пайда болуына əкелді. Ақша табуға жұмысқа кеткен көптеген қазақтар балық аулаумен айналысты, шеп бойындағы бай тұрғындарға жалданып түрлі жұмыстар істеді. Қазақтардың тек аз бөлігі ғана тау-кен өндірістерінде (Баянауыл таскөмір өндіру, Қарқаралы қорғасын, т.б.) жұмыс істеді. Шеп бойындағы орыс шаруашылығына жалданған қазақтардың жағдайы өте нашар болды, олар көп жағдайда еңбек ақыларын да дұрыс ала алмай, өз қожайындарының қанауына түсті. Елдің шаруашылық жағдайының өзгеруі қазақтардың əлеуметтік қарым-қатынасына əсер етпей қоймады. ХVІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басында қазақ қоғамында үстемдік құрушы ру старшындары мен би
лер болды. Олар елге əдет-ғұрып заңдарын сақтаушы əрі түсіндіруші болып саналды. Билер хандар жəне сұлтандармен қатар сот істеріне араласып, түскен пайданы бөлісуге, қоғамдық жерлерді біріктіру үрдісіне қатысып отырды.ХІХ ғасырдың басында ру басшылары мен сұлтандар рудың жақсы қыстауымен жəне шабындық жерлерін пайдалану құқықтарымен ғана шектелмей жеке иеліктерді де басып алуға кірісті. Жақсы қауымдық жерлерді тартып алумен патша өкіметі де айналысты. Мұның бəрі қазақ руларының дəстүрлі қалыптасқан көшіп-қону жолдарының бұзылуына əкелді, бұл дəстүрлі мал шаруашылығының дағдарысқа ұшырап, жайылымдық жерлердің құлдырап, шаруашылық құрылымының өзгеруіне себеп болды. Қарапайым қазақтар салық төлеуге міндеттелді. Егінді жерлерден «үшір» (жиналған өнімнің 10-нан бір бөлігі) салығын, «зекет» (жиналған малдың 40- бөлігі) ханға берілетін болған. ХІХ ғасырға дейін зекет жинау құқығы тек ханда ғана болса, ХІХ ғасырдың 20-жылдарында хандық билік жойылған соң сұлтандар мен билер жинайтын бол
ды. ХІХ ғасырдың І жартысында осы екі салық түрі жиі жиналып тұруы жəне олар міндетті болды. Оған кейін мал шаруашылығына міндеткерліктер «соғым» жəне «сыбаға» т.б. сипаттағы салықтар қосылды. ХІХ ғасырдың І жартысында бай туыстары мен казак-орыстардан, орыс шаруаларынан жұмыс іздеуге мəжбүр болған кедейленген қазақтар саны өсті. И.Завалишин: “жатақтар байларға малшы болып жалданды, батрақтар шеп бойындағы казак-орыстарға, шеп бойындағы қалаларда олар тіптен топтарымен бір жапырақ нан үшін жалданып жұмыс істеді”,- деп көрсетеді. Кедей қазақтар атқарған істеріне қарай егіншілер, жатақтар жəне бақташыларға бөлінді. Үстемдік етуші топқа мұсылмандықтың өкілдері қожалар мен молдалар да кірді, қожалар өздерін Мұхаммедтен тараған бірінші ұрпақтың тұқымдарымыз деп есептеді. Олар рухани лауазымның өкілдері ретінде салықтан босатылды жəне тек сұлтандар сотына тартылатын болды. Мұндай артықшылықтарды тархандар да иеленді. Бұл атақты ХІХ ғасырда олардың мемлекет алдындағы ерекше қызметі үшін Ресей өкіметі мен Ішкі Ордада - хан беретін болды. Алғашқы «тархан» атағын билер Ж.Сегирбаев жəне Ж.Саламысовқа «Хиуаға жасаған жорықтарда көрсеткен ерекше миссиясы үшін» 1821 əскери губернатор граф Эссен берді. 1743 ж. императрица Елизаветаның жарлығымен «тархан» атағы Жəнібек батырға берілген болатын. «Тархан» атағы жеке жəне мұрагерлікке берілу мүмкіндігі болды. ХІХ ғасырда «тархандардың» ерекше артықшылықтары болмады, олар тек салықтан босатылды. ХІХ ғасырдың 60-жылдарында тархандар саны 20-дан аспады, тархандар институты жойылу шегінде тұрды.
Қазақ қоғамдық-саяси өмірінде ерекше орынға ие болған топтың бірі батырлар болды. Алғашқыда батырлар тайпалар мен рулардың əскер басшылары болса, кейін жоңғарлармен жəне Орта Азиялық жаулаушылармен болған күресте батырлардың əлеуметтік рөлі ерекше жоғарылап ру ақсақалдары деңгейіне көтерілді. Ш.Уəлиханов: “Батырлар - қазақтарда рубасы сұлтандардан кейін атақты əрі маңызды адам ... Ол ел арасында ықпалды, берген кеңесі елде əрқашанда салмақты болды”,- деп көрсетеді. ХІХ ғасырдың ортасында қазақ қоғамында тауар-ақша қатынасына байланысты жаңа əлеуметтік топ - байлар пайда болды. Қазақтардың арасында ірі сауда қатынастарын жүргізетін бірқатар байлар болды. Олар заттарды сатып қана қоймай, басқа адамдарға несиеге өсіммен ақша берді. Мысалға, Ахмет Жантөрин сауда жасап қана қоймай, белгілі бір табыс үшін қандай да бір шаруамен айналысамын деген қазақтарға несиеге ақша беріп отырған. Байлар сұлтандар мен рубасылар арасынан да, «қара сүйектер» ортасынан да шықты. Байлар белгілі келісім бойынша жұмысшыларды жалдап отырды. Байлар керуендік саудамен де айналысқан. Кейде байлардың өзі керуенбасы болып қызмет етіп, қазақ даласында сауда жасаған, бірақ көбінесе түйелерін қарапайым қазақтарға белгілі бір ақыға беріп, олардан ақыны ақшалай, кейде заттай алып отырған.
ХІХ ғасырдың басында байлардың шығуы қазақ қоғамында жаңа экономикалық құбылыс болды. Егіншілер, жатақтар мен бақташылардың болуы ішкі қазақ қоғамында əлеуметтік теңсіздік патшалық Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатының белсенділігімен де күшейе түскен еді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ қоғамында құл ретіндегі адамдар санаты да болды, бірақ олар маңызды рөл атқармады да, жойылып кету шағында тұрды. Құлдар негізінен соғыста қолға түскен жəне базарлардан сатып алынып отырған. Олар көбінесе үй шаруашылығына пайдаланылды. Кейіннен олар қоғамның толық мүшесі болды немесе төлеңгіттерге айналып отырды.ХVІІІ ғасырда төлеңгіттер хандар немесе сұлтандардың əскери қызметшісі болды. Олар кейде жауапты дипломатиялық жұмыстарды да орындады. Төлеңгіттердің əлеуметтік жағдайының өзгеруі ХІХ ғасырда қазақ мемлекеттігінің жойылуымен байланы
сты болды. Төлеңгіттер енді өз қожайындарының оққағары немесе жасақтары етінде қызмет етті. Төлеңгіттер сұлтандарды жəне олардың мүлкін қорғауға, жол сапарда бірге жүруге, шабармандық сияқты т.б. қызметтерді де атқарды.ХVІІІ ғасырда төлеңгіттерді тек қана «ақ сүйектердің» тұқымдары сұлтандар ғана иелене алса, ХІХ ғасырдың І жартысында сұлтандар бұл құқықтарынан айырылып, енді төлеңгіттерді билер мен старшындар да иелене алды.Осылайша, ХVІІІ ғ. соңы мен ХІХ ғ. басында қазақ қоғамы екі қарама-қарсы топ - сұлтан, би, бай, батыр бір жағында болса, екіншісі - қарапайым шаруа, оның ішінде кедейленген егіншілер, жатақтар мен бақташылар болды. Егер бұрын жасы келген, алдына барып ақыл сұрайтын адам - ақсақал атанса, енді ХІХ ғ. І жартысында билікке ие болған басшы-сұлтандар мен аға сұлтандар да ақсақал атанды. Əйелдердің ер адамдармен қатар тең құқылары болмады.
ХVІІІ ғ. соңы мен ХІХ ғ. басында мемлекеттік маңызы мəселелерді шешуде қазақ қоғамында рулық-патриархалдық қатынастардың сақталып қалуы қоғамның одан əрі дамуына, бірігуіне, орталықтандырылған мемлекет құруына тежеу жасады. Қазақ хандығының ішкі жəне сыртқы саяси жағдайын жете білуге тырысқан патша өкіметі хандық билікті сақтай отырып, қазақтардың ішкі істеріне араласа бастайды. 1781 ж. Орта жүзге Уəли хан (1781-1819 жж.) болып бекітілді. Ресей əкімшілігі сұлтандар мен ру басшыларының өздерінің хандарына, оның ішінде Уəли ханға қатысты да өтініштері мен арыз-шағымдарын қарастыруға тырысты. Сондай-ақ қазақтардың саяси, сот жəне рухани өміріне байланысты шараларды даярлаумен де айналысты.
Мысалы: ханның жанынан ақсақалдар Кеңесін құру; билер соты; қазақ балалары үшін мектеп ашу; шекара жанындағы қазақтарды тікелей басқаруды ұйымдастыру; қазақ жерлеріне əскери-ғылыми-барлау экспедицияларын жіберу т.б. Ал, 1819 ж. Уəли хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүзде жаңадан хан сайланбады. Ресей қазақ даласын отарлауды табанды түрде жүргізе отырып, саяси сахнадан Əбілқайыр ханның ұрпақтарын ығыстырып, Кіші жүздегі хандық билікті жоюға əрекет жасады. 1797 жылы Ресей үкіметінің қолдауымен хан сайланған Айшуақтың халық арасында беделі төмен болатын. Оның тұсында ел ішіндегі қарым-қатынас шиеленісіп, саяси билік қатты дағдарысқа ұшырайды. Ресей үкіметінің сенімін ақтамаған Айшуақтың орнына оның баласы Жантөре хан (1805-1809 жж.) сайланады. Осы кезде Орынбор губернаторы Жантөреге қатысты екіұшты саясат ұстанады. Ол бір жағынан халық өкілдері сайлаған ханмен санасуына тура келсе, екінші жағынан оның ел арасындағы беделінен сескеніп, оған қарсы кейбір сұлтандарды жасырын айдап салып отырды. 1808 жылдың соңына қарай Жантөре ханның жағдайы қиындай түсті. Кіші жүздің хандығы бұрынғы біртұтастығынан айрыла бастады. Біртіндеп билігі əлсірей бастаған Жантөре хан Ресей үкіметінен қолдау табу мақсатында Жайық шебіне жақындап барып қоныстанады. 1809 жылдың күзінде қарсыластарының бірі Қаратай сұлтан 200 жігітпен оның ауылына шабуыл жасап, ханның өзін өлтіріп кетеді. Жантөре өлген соң Ресей үкіметі оның орнына Əбілқайырдың тұқымы дарынсыз Шерғазыны хан тағайындайды. Бірақ, оны халық жиналысы мойындамайды да, орнына ел арасында ықпалы күшті Арынғазы сұлтанды хан сайлайды. Арынғазы тез арада Кіші жүздегі билікті бір орталыққа бағындырады. Хандық билікті жоюға мүдделі патша үкіметі Арынғазының хандық билікті күшейту əрекетіне мүмкіндігінше кедергі жасауға тырысты.
1821 жылы Санк-Петербургке келген Арынғазы ханды патша үкіметі қамауға алады да, Сібірге жер аударып жібереді. Бұдан кейін Кіші жүзде хан тағайындау ісі жүзеге асырылмады. «Игельстром реформасы» жүргізілуі барысында қазақтар Еділ мен Жайық өзендерінің арасындағы жерлерге көшіп-қонуға рұқсат алған соң, кейінірек, 1801 жылы қосөзен аралығында екінші хандық - Бөкей Ордасы (Ішкі Орда) құрылған еді. Бұл жағдайдың барлығы Кіші жүздегі түрлі əлеуметтік топтардың арасындағы қатынастардың шиеленісуіне əкелді.Осылайша, ХVІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басында Орта жəне Кіші жүздің аумағы Ресей империясының ықпалында, Ұлы жүздің аумағы Қоқан хандығының қол астында болды. ХІХ ғ. 20-30 жылдары орыс-ағылшын бақталастығының шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан əрі нығайту басты міндеті деп санады. Қазақстанның Ресей мен Орта Азия хандықтарының жəне Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғыны қабылдады. Ресейдің хандық билікті жоюға асығуы соншалықты, олар əрбір мүмкіндікті пайдаланып, ел ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды, билер мен батырларды бір-біріне айдап сала отырып, алдау, күш көрсету сияқты шараларды қолданды. 1822-1824 жылдардағы Жарғының қабылдануымен Орта жəне Кіші жүзде хандық билік жойылды. Авторы Сібір əскери губернаторы М.Сперанский болған «Сібір қырғыздары туралы» (1822 ж.) Жарғы бүкіл Орта жүздің жерін қамтыса, авторы Орынбор əскери губернаторы П.Эссен болған «Орынбор қырғыздары туралы» (1824 ж.) Жарғы Кіші жүз аумағына таралды. «Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша Орта жүз аумағы «Сібір қырғыздарының облысы» аталып Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын болды да орталығы алғаш Тобыл, 1839 ж. бастап Омбы болды. Хандық билік жойылғаннан кейін Оңтүстік-батыс Сібірде тұратын қазақтар ішкі округтерге біріктірілді, ал Орта жүздің қалған қазақтары сыртқы округтерді құрады. 1838 жылға қарай 7 сыртқы округ құрылды: Қарқаралы (1824 ж.), Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Баянауыл (1833 ж.), Құсмұрын (1834 ж.), Көкпекті (1838 ж.).Əр округ болыстар мен ауылдарға бөлінді. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығын генерал-губернатор басқарды, оған сібір қырғыздарының облысы бағынды. Округтердің басшылығында округтік приказдар тұрды жəне оларды сұлтандар жиналысында 3 жылға сайланатын аға сұлтандар басқарды. Округке 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір болыстың құрамында 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды ауыл старшындары басқарды, əр ауылда 50-ден 70-ке дейін үй болды. Қазақтарға тек қана өз округында ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді, ал бір округтен екінші округке өту үшін жергілікті басшылардан рұқсат алуы керек болды. Жаңа əкімшілік бөлініс қазақтардың дəстүрлі жер қатынасын күйретті де рулық қауым құлдырады. Сонымен қатар, оған аға сұлтандарға, болыс сұлтандарына, тілмаштарға, казактарға түрлі көлемде жер бөліп беру де əсер етті. Оларға өңдеуге, мал шаруашылығына, омартаға т.б. ыңғайлы жерлер бөлінді жəне егерде ол жерлер қойылатын талаптар бойынша дұрыс пайдаланылатын болса, онда оның иесі жерге меншік құқығын иеленуге де мүмкіндігі болды. Патша өкіметінің қарауы бойынша Орта жүз жері бөлініске түсіп, бір əкімшілік басқарудан екіншісіне өтіп жатты. Осылайша, Омбы облысы Тобыл губерниясына кірді, Семей жəне Өскемен уездері Том губерниясына берілді. 1822 ж. Жарғы бойынша сот істеріне де өзгерістер енгізілді, ол өзгерістер бойынша сот үш санатқа бөлінді:- қылмыстық істер (мемлекеттік сатқындық, ұрлық, барымта, билікке бағынбау);- арыз-шағымдар («қазақтардың əдет-ғұрып заңдары» бойынша билер шешетін екінші кезектегі істер); - облыстық басшыға берілетін арыздар бойынша (қазақтардың сұлтандар мен билерге, болыстарға т.б.). Сонымен қатар Жарғы салық жүйесін енгізді, ол бойынша əр қожалық өкіметке 100 бас малдан 1 бас мал салық төлеуге тиіс болды. Жарғыны қабылдаған қазақтар бірінші бес жылда салықтан босатылды. Қазақтарға керуендерді, пошта жолдарын күзету, байланыс жолдарын қадағалау сияқты жəне т.б. міндеткерліктер жүктелді. Жарғының арнайы бір параграфы аға сұлтандардың, болыс-басқарушы сұлтандардың жəне округтік приказ шенеуніктерінің мəртебесін жəне жылдық жалақысын белгіледі: аға сұлтандарға жылына 1200 сом, тілмаштарға - 800 сом, болыс сұлтандарына - 150 сом. Жарғы бойынша қазақтарға өз округтерінің ішінде жəне оның сыртында да тауарларын шығарып сатуға рұқсат етілді. Жарғының
жеке баптары сауат ашу мəселесін қарастырды. 1838-1856 жылдары сібір қазақтарының облысын басқаруды реттеу үшін бірнеше «Ереже…» қабылданды жəне отаршыл əкімшіліктің қазақ даласына тереңдеп жылжи түсуіне мүмкіндік берді. Патша əкімшілігі шенеуніктерінің жергілікті жағдайды дұрыс білмеуі, əкімшіліктің Орта жүздегі хандық билікті жою үрдісін тездетуге
ұмтылуы, басқарудың жаңа құрылымын енгізуі қазақ қоғамының жікшілдікке ұшырауына жəне үкіметке қарсы көңіл-күйдің пайда болуына əкеліп соқты. Ол қазақ халқын өз мүддесін қорғауға шығарып, Қазақстанның барлық аймақтарында ұлт-азаттық көтерілістер орын алды. 1824 ж. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен даярлаған «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғы кіші жүзде жүзеге асырылды. Бұл реформа барысында Кіші жүздегі хандық билік жойылып, оның аумағы: Батыс, Орта жəне Шығыс болып үшке бөлініп, Орын-
бор генерал-губернаторлығына бағынды. Бұл бөліктердің басында аға сұлтандар тұрды. Бірінші аға сұлтандар: Қаратай Нұралыұлы, Темір Ералыұлы, Жұма Құдаймендеұлы болды. Аға сұлтандардың жанына Ресейдің «көзі мен құлағы» саналған 200 адамнан тұратын казак-орыс отрядтары берілді. Сұлтандарға жылына 1200 сом жалақы төленді. 1824 ж. Жарғы бойынша құрамында төраға, төрт кеңесші жəне төрт ауқатты қазақтан тұратын шекаралық комиссия құрылды. 1822 ж. Жарғыдан айырмашылығы Кіші жүздегі ауыл старшындарынан бастап аға сұлтандарға дейін сайланбайтын болды, оларды шекаралық комиссияның ұсынысымен Орынбор генерал-губернаторы тағайындады. 1831 ж. дистанциялар мен старшындықтар ұйымдастырыла бастады. Батыс бөлікте - 8, Ортада - 20, Шығыста - 28 дистанция құрылды. 1837 ж. 1 сом 50 тиын күміс ақшамен түтін салығы енгізілді. Сұлтандар, старшындар жəне молдалар салықтан босатылды. 1844 ж. «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже» қабылдан-ды да, ол бойынша орыс шенеуніктерінен жергілікті əкімшілікті қадағалайтын «қамқоршылар» қызметі енгізілді. Қазақтардың ру-тайпалық бөлінісі ескерілмеді, ауылдардың өз бетінше қарекет етуі мүмкін болмай қалды. Осылайша, Ресей империясы Қазақстанды өз отарына айналдыру үшін хандық билікті, яғни, қазақ мемлекеттілігін жойып, орнына орыстың əкімшілік-территориялық басқару жүйесін енгізді. Алғаш Кіші жүз қазақтары шекаралық комиссия арқылы басқарылды, ал Орта жүз қазақтары шекаралық басқармаға бағынды. Кейін 1822-1824 жж. Ресей империясы Орынбор жəне Сібір ведомстваларының территориясында тұратын Кіші жəне Орта жүз қазақтарын басқару туралы Жарғыларды қабылдады. Осы жəне одан кейін жалғасқан ХІХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы реформалар патшалық Ресейдің қазақ жерлерін одан əрі отарлау үшін жағдай жасады. ХІХ ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай қазақ даласы тұтастай Ресей империясына бағынышты болды жəне жаңа заңдар қабылданып, Ресейлік басқару жүйесіне қарай жақындатылды.
ХVІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басында Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси жағдай күрделі болды. Мұнда Орта Азиялық үш мемлекет - Хиуа, Бұхара жəне Қоқанның мүдделері қақтығысқа түсті. ХІХ ғ. басына қарай күшейген Қоқан хандығы, енді Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуды көздейді. Оның негізгі себебі: өзінің қазынасын толықтыру, мал шаруашылығын дамыту, сонымен қатар, Ресей мен Қытайды байланыстыратын Орта Азиядағы керуен жолдарына бақылау орнату жəне мұсылман халықтары тұратын аумақты иелену еді.1810 жылы Оңтүстік Қазақстанды жаулап алған уақыттан бастап 1865 жылы Ресей империясының қол астына өткенге дейін қоқандықтар Ұлы жүз аумағында əкімшілік қадағалау жүргізіп Ақмешіт, Жаңа-Қорған, Күміс-Қорған, Шым-Қорған, Шолақ, Созақ жəне т.б. бекіністерді салды. Бұл кезеңде Хиуа мен Бұхара Қоқанға қарағанда əлсіздеу болды да онымен тайталасқа түсе алмады. Қоқан хандығының қол астына Ұлы жүздің көп рулары: Бестамғалы (35 мың үй), Сыйқым (5 мың үй), Шымыр (9 мың үй), Жаныс (7 мың үй) қарады. Жоғарғы əкімшілік билік Ташкент əкімінде (наместник) болды. Оның екі көмекшісі: 1) Саркар (мырзабасшы) салық жинаумен жəне азаматтық істермен; 2) батыр басшы (əскери басшы) əскери іс жəне көшпенділер мəселесімен айналысты. Билерге артықшылықтар беріліп салықтан босатылды, олардың кейбіреулері “датқа” лауазымын алды. Бұқара халықтың негізгі бөлігі “зекет” салығын (шариғат бойынша мүліктің 1/4 бөлігі) төлеп тұрды. Қоқан бекіністерінің төңірегінде тұратын қазақтар бекіністердің жөндеу жəне кеңейту жұмыстарына тартылып, əскерді азық-түлікпен қамтамасыз етуге тиіс болды. Сонымен қатар, қазақтар əскери міндеткерліктер атқарып, олар қарсылық көрсеткендерді тыныштандыру жорықтарына да қатыстырылып отырды. Қоқандықтардың қазақтарға түрлі салықтар салуы қарапайым адамдарға үлкен ауыртпалық түсіріп, ішкі əлеуметтік қайшылық-тарды тереңдетіп, халық ішінде кедейлердің көбеюіне əкеліп соқты. Қоқандықтар билік жүргізген тұстағы ауыр жағдайлар елдің есінде қатты сақталып қалды. Ол туралы Ш.Уəлиханов: “Қазақтардың арасында «əзірейіл барда жаным бар деме, қоқандықтар барда малым бар деме» - деген мəтел пайда болды”,- деп көрсетеді. Қазақ халқы қоқан билігіне қарсы наразылықтар көрсетіп отырды. 1810 ж. Ташкент өңірінде тұратын қазақтар салық төлеуден бас тартты. Қоқан ханы Əлім бек қарсылық көрсеткендерді тыныштандыруға жəне Сайрам, Ташкент, Түркістанды бағындыру үшін 12 мың əскер жіберді. Қоқандықтардың қолына түскен төңіректегі қазақтар тонаушылыққа ұшырады. Қоқандықтар Түркістанды басып алуы кезінде оның билеушісі Тоқай Төре Бұхараға қашуға мəжбүр болды. Бұхараның əмірі Тоқай Төреге Бұхарадағы соғысқа жарайтын қазақтардан жасақ жинап алуға рұқсат берді. Жасақ жинап жарақтанған Тоқай Төре алдымен Созаққа бекініп, одан кейін Түркістанды қоршауға алды. Оған қарсы қоқандықтар Ташкенттен 300 жауынгермен Базар бахадүрді аттандырды. Олар жолда Тоқай Төреге көмек көрсеткен 1000 отбасынан тұратын қазақ ауылына шабуыл жасап, ауылды тонап, көп пайда түсіріп, адамдарын тұтқындап алып кетті. Түнде Тоқай Төре Созақты тастап қашуға мəжбүр болды. Одан кейін қазақтардың қарсылығы біраз уақыт басылды. Тоқай Төре уақытша Бұхараны паналады, ал кейін ол Бұхара əмірінің балалары билікке таласқан тұста өлтірілді.1821 ж. Тентек төренің бастауымен қазақтардың Қоқан үстемдігіне қарсы көтеріліс болды. Көтерілісшілердің саны 12 000-ға дейін жетті. Олар Сайрам, Шымкент, Əулие-Ата қалаларын алып, бірнеше бекіністі қоршады. Көтеріліске Түркістан, Шымкент, Сайрам, Əулие-Ата төңірегін мекендеген қазақтар қатысты. Көтерілісшілерге қарсы Абул-Қалым-Аталық басқарған əскер жіберілді. Тентек төре əскерін екіге бөлді. Бір бөлігі Тентек төренің басшылығымен Сайрамда, ал екіншісі Шымкентте бекінді. Ұзаққа созылған қоршаудан кейін көтерілісшілер қаруын тастауға мəжбүр болды. Тентек төре жеңілісті мойындап, қоқандықтарға “баж” немесе “жол” салығын, “зекет” төлеуге жəне Қоқанға баласын сыйлықтармен жіберуге келісім берді. Ұлы жүз қазақтарының 1810-1820 жылдардағы қоқандықтарға қарсы күресте жеңілуінің негізгі себептері: қоқандықтардың əскери басымдығы, көтерілісшілердің арасында ауызбірліктің болмауы, Бұхара əмірінің көмегіне арқа сүйеген көтеріліс жетекшілерінің беделінің төмен болуында еді. Дегенмен де, бұл Ұлы жүз қазақтарының өз еркіндігі мен тəуелсіздігі жолында қоқан үстемдігіне қарсы шыққан ұлт-азаттық күресі болатын. 1822-1842 жж. Қоқан хандығының тағына Омар ханның кіші баласы Мадалы хан (Мұхамед Əли) отырды, оның тұсында жекеленген облыстар мен Ташкентті өз алдына билеген Күшбегілердің рөлі күшейді. Ұлы жүздің басып алынған аумағының бір бөлігі жəне Сырдария бойындағы қазақтар Ташкент Күшбегіне жылына 20 мың алтын ақша төлеп тұруға міндетті болды. Салық төлеушілерді қанау бұрынғыдан да күшейе түсті. Одан кейінгі жылдары қоқан билеушілерінің өзара қырқыстары Ұлы жүз қазақтарының одан əрі зардап шегіп, кедейлене түсуіне əкеліп соқты. Құдияр хан (1845-1875 жж.) тұсында қазақтар ғана емес, Қоқан хандығының жергілікті диқандары да қанауға түсті.
1797 жылғы Есім ханның өлімінен кейін Кіші жүздің бір топ сұлтанының Қаратай сұлтанды хан сайлау жөніндегі ұсынысына қарамастан жəне оның ел арасындағы беделінен сескенген патша əкімшілігі Айшуақты хан тағына отырғызады. Бұл шешімге келіспеген Қаратай халық арасында ханды сайлау туралы үгіт жүргізе бастайды. 1805 жылы Жантөрені хан сайлағанға дейін пат-
ша əкімшілігімен бейбіт қатынас ұстады.1806 жылы Қобда өзенінің жағасында болған съезд Ресей əкімшілігінің шешіміне қарамастан Қаратай сұлтанды хан сайлайды. Осылайша Қаратайдың Жантөреге қарсы күресі біртіндеп Ресей үкіметіне қарай бағытталады. Күрес барысында Қаратай транзиттік сауда жолдарының бəрін өзіне қаратып Ресейдің Орта Азиямен саудасын шектейді. Герценберг пен Бородиннің жазалау экспедициясына қарамастан Қаратайдың жанына топтасқан Кіші жүз жасақтары төменгі Орал шептеріне жорықтар жасайды. Қаратай 1809 жылы Жантөре ханды өлтіргеннен кейін 1812 жылға дейін Хиуада жасырынуға мəжбүр болады. Жантөренің өлімінен кейін Ресей Айшуақтың ұлы Шерғазыны хандыққа бекітеді. Ресей əкімшілігінің ондай шешіміне риза болмаған Қаратай өзінің қарулы қарсылығын 1816 жылы Орданың Батыс бөлігіне басқарушы-сұлтан болып тағайындалғанға дейін жалғастырады. Транзиттік сауда мəселесі алаңдатқан Ресей Қаратаймен осындай келісімге барған еді. Сөйтіп, 1816-17 ж. келіссөздер нəтижесінде Қаратай сұлтан өзінің қарсылығын тоқтатты. 1816 жылдан 1821 жылға дейін Арынғазы Хиуаға қарсы азаттық күресін жүргізді. 1815 жылы Арынғазының əкесі Əбілғазы хан өлгенде ол 30 жасқа толады. Оған дейін Кіші жүздің иеліктерінде қайраткерлік танытқан Арынғазы ел арасында біршама бедел жинаған болатын. 1816 жылы ел ішінде тəртіп орнату мақсатында старшындардың билігін шектеп, сұлтандардың өз білгендіктерін істеуін тоқтатқан еді. Сондай-ақ, ол билер соты мен молдалардың да өкілеттілігін шектеді. Арынғазының ел арасында беделінің өсуіне байланысты старшындардың көпшілігі оны Кіші жүзге хандыққа бекітуді сұрап патша əкімшілігіне өтініш білдіреді. Арынғазы болса, хиуалықтардың үстемдігін біржола жойып, сонымен қатар бір хандық құруды жоспарлайды. Бір хандық қана құру Ресейдің келісімінсіз мүмкін емес-ті. Сондықтан, Ресеймен жақындасуды ойлаған Арынғазы Орынбор генерал-губернаторы Эссен мен Шекаралық комиссия төрағасы А.Веселицкийдің қолдауына сүйене отырып, патшадан қолдау көрсетуді сұрау үшін 1821 жылы Санкт-Петербургке аттанады. Бірақ, оның үміті ақталмайды. Бұхар мен Хиуа хандықтарының өкілдерімен кездесу ұйымдастырамыз деген желеумен патша əкімшілігі оны шақырып, тұтқындап, Калугаға жер аударады. Ол 1833 жылы сонда қайтыс болады. ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары патшалық Ресейге қарсы Саржан Қасымұлы мен Жоламан Тленшіұлы бастаған көтерілістер болды. ХІХ ғасырдың 20 жылдары патшалық Ресей жаңа бекіністер салу үшін қазақтарды тағы да өз жерлерінен ығыстыра бастады. Кіші жүздің табын руы мекендеген суы мол, жайылымдық жері кең Жаңа-Елек ауданын орыс шенеуніктері тартып алды. Оған қарсы Жоламан Тіленшіұлы Табын руын бастап көтеріліске шықты.
Жаңа-Елек шебі 29 бекіністен тұрды. Орал, Елек, Берденкі жəне Құрат өзенінің бойындағы аудандардың ең жақсы деген 7 мың десятина жеріне Ресей үкіметі Орынбор жəне Орал орыс-казактары мен шаруаларын орналастыра бастады. Жоламан батыр алғашында жер мəселесін бейбіт түрде шешуге тырысты. Ол Орынбордың əскери губернаторы Эссенге 1822 ж. 6 тамызда жəне 1823 ж. 3 қыркүйекте хат жазып, онда 1810 жылға дейін қазақтар бұл жерлерді ешқандай
кедергісіз еркін пайдаланғанын, Ресей Елек өзенінің бойын алғаннан кейін форпостар салып жəне Кіші жүз қазақтарына бұл жерлерді пайдалануға тыйым салғаннан соң жағдайдың қиындай түскендігін ескертеді. Сонымен қатар, губернатордан əскери бекіністерді алып тастауын, «Санк-Петербургтегі біздің елшілерді қайтарып», Сібірге жер аударылып Орынбор түрмесінде жатқан қазақ Түленбай Құндықовты өз тұтқынында жатқан есаул Падуровқа айырба-
стап, босатуды талап етеді. Бұл хаттар жауапсыз қалды, ал Орынбор Шекаралық комиссиясы Жоламанға келесі келісімдерді Шерғазы хан арқылы жүргізуі керектігін айтады. Бұл жағдай Жоламан Тіленшіұлын қанағаттандырмады, сондықтан ол қарулы көтеріліске шықты. Жоламанның отряды шекара заставаларына, аға сұлтандардың қыстаулары мен əскери бекіністерге шабуылдар жасады. Жазалаушы отрядтардың батыр мен оның жауынгерлерінің соңына түсуі сəтсіз болды. Жоламан батырға патша əкімшілігінің қолдауына сүйеніп жазалаушы отрядтың барлық операцияларына
бірге қатысып, белсенділік көрсеткен Шерғазы ханның жасағына да қарсы күрес жүргізуіне тура келді. 1835 ж. Жаңа-Елек шебінің Ор жəне Троицк аралығындағы барлық жерлерінен айрылған Жағалбайлы, Жаппас, Алшын, Арғын, Қыпшақ руларының қазақтары қатысқан тұста көтеріліс кең қанат жайды. Өз жерлерінен айырылған қазақтар шекаралық аймақтарда көшіп-қонуына тура келді жəне ол үшін салық төлеуге мəжбүр болды. Қазақтардың қарсылықтары аға сұлтандардың ауылдарына, керуен жолдарына, бекіністерге жиі шабуылдар түрінде көрініс тапты. 1838 ж. ортасында Елек қалашығынан Ор жəне Троицк бекінісіне дейінгі шекаралық шеп маңында көшіп-қонып жүрген қазақтар көтеріліске тартылып, көпшілігі Торғай мен Ырғыз өзендерінің
бойындағы аудандарға көше бастады. Көтерілісті басуға жəне көшіп кеткендерді қайтаруға патша үкіметі Ордан полковник Мансуровтың, Орынбордан полковник Падуров, Елек жақтан полковник Гекке басқарған үш отряд жіберді. Бірақ бұл үш отрядтың да əрекеті сəттіз аяқталды. Жоламан батыр Орал казак əскерінің генерал-майоры Бородинге: “Мен сұраған жерлерді қайтарып берсеңдер дос боламыз, егер берілмесе жау боламыз”,- деп хат жазды. Осылайша, Жоламан батыр ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары патша үкіметі тартып алған Кіші жүз қазақтарының жерлерін қайтаруға бағытталған көтеріліске жетекшілік жасады жəне Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс шыққан тұста Кіші жүз қазақтарын Кенесарыға қосылып өз тəуелсіздігі мен еркіндігі жолында күреске шығуға шақырды. 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы Жарғының» енуі, одан кейін ол заңды түсіндіру үшін жүргізілген үгіт, 1824 ж. Қарқаралы уезіне полковник Броневскийдің экспедициясының келуі - сұлтан Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістің шығуына түрткі болды. 1824
ж. 8 ақпанда сұлтандар мен билердің белсенді қатысуымен бірінші Қарқаралы приказы, одан соң Көкшетау приказы құрылды. 1824-1836 жылдары Қарқаралы жəне Көкшетау уездерінің көтеріліске шыққан елін Кенесары Қасымұлының ағасы Саржан сұлтан басқарды. Саржан Қасымұлы приказдарды жоюды, қазақ жерлерінен əскерді əкетуді, қазақтарға бұрынғы еркіндігін қайтаруды талап етті. Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістің негізгі мақсаты - патша үкіметі тартып алған жерлерді қайтару, Қазақ хандығын қайта жаңғыртуға ұмтылыс болды. 1825-1826 жылдары оған Қаракесек, Жағалбайлы, Шора болыстарының Қожан, Тал, Айдабол, Байдəулет руларының қазақтары қосылды.1826 ж. тамызда Саржан Қасымұлы өз отрядымен Қарқаралы приказына жорық жасады. Бірақ жүзбасы Карбышевтің басқаруымен дер кезінде келген отряд приказдың талқандалуына жол бермеді. Нашар қаруланған көтерілісшілердің шегінуіне тура келді. Саржан Қасымұлының біраз əріптестері қолға түсті. 1832 жылдың басында ол Ресейге сенімді қызмет етіп отырған Қарқаралы уезіндегі билердің ауылына бауырлары Есенгелді жəне Ержанмен бірге шабуыл жасады. Саржанды ұстауға жүзбасы Потаниннің отряды жіберілді. Сұлукөл сайының маңында шайқас болып, Потаниннің отрядының тегеурініне шыдамаған Саржанның отряды шегінді. Бұл сəтсіздік Саржанды осы 1832 ж. патша үкіметіне қарсы бірге күресу үшін Ташкент күшбегіне одақ құруға итермеледі. Батыс-Сібір генерал-губернаторы Вельяминов бірнеше отряд жіберіп, бұл қарсылықты басып тастады. Бірақ Саржан күресті тоқтатпады. 1833 ж. шағын отрядымен Ресей билігіне қарасты билер мен сұлтандардың ауылдарына, сауда керуендеріне, бекеттерге шабуыл жасап тұрды. Ұлы жүз қазақтарының бытыраған күштерін жəне Сырдария бойындағы Ташкент күшбегіне бағынышты қазақтарды өз жағына тартып Ресейге қарсы күреске біріктіруге тырысты. 1836 ж. Ташкент күшбегі бұл туралы біліп қойып өзімен келіссөз жүргізуге келген Саржан, Есенгелді, Ержан Қасымұлдарын жəне 20 сарбазымен қоса өлтірді. Ресей патшалығының Саржан Қасымұлының өлімінен кейін даладағы толқулар басылады деген үміті ақталмады. 3. И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған көтеріліс 1756 ж. патша жарлығы бойынша қазақтарға қысқы уақытта Жайықтың оң жағалауына мал жаюға тыйым салынған бола-тын. Патшаның бұл жарлығы Жайық орыс-казактарының мүддесі тұрғысынан қабылданғанды. “Игельстром реформасының” жүргізілуі барысында қазақтар Еділ мен Жайық арасындағы жерлерге көшіп-қонуға патша үкіметінен рұқсат алған соң, кейінірек, 1801 жылы ол қосөзен аралығында Нұралы ханның баласы Бөкей сұлтанның басқаруымен жеке иелік құрылды. Бөкей сұлтан тек 1812 ж. ғана патша үкіметінен “хан” атағын алып, ол басқарған иелік Бөкей ордасы немесе Ішкі Орда деп атала бастайды. Бөкей Ордасы Ресей империясының шекаралық өңірінің “Ішкі” жағында орналасқандықтан “қуыршақ мемлекет” рөлін атқарды. Бөкей хандығының құрылуы сол кездегі Кіші жүздегі саяси-экономикалық жағдайдың нəтижесі. Бөкей Ордасы құрылғаннан кейін Жайықтың оң жағалауына 5 мыңға жуық үй көшіп-қонса, кейін Орынбор шекаралық комиссиясының есебі бойынша Бөкей хандығының саны 10 235 үйге жеткен. Бөкей хандығының шекарасы бірте-бірте анықталған соң, оның көлемі шығыстан батысқа қарай 350 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерді алып жатты. Бірақ бұл жерге қоныстанған қазақтарға патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты өзіндік зиянын тигізді. Оларға Орал казак-орыс əскерлері жиі-жиі шапқыншылықтар жасап отырды, біртіндеп əскери бекіністер салына бастады. 1813-1815 жылдары Плинин, Фокеев, Сламихин бекіністері салынды. Қараөзен мен Сарыөзеннің бойы шекаралық аймаққа айналды. Жайық өзенінің бойы біртіндеп Орал казак-орыс əскерлерінің меншігіне қарады. Соның салдарынан қазақтардың жайылымдық жерлері тарылып, шаруашылықтары күйзеліске ұшырады. Сонымен қатар, Орал казак-орыстары қазақтардың ауылдарына шабуыл жасап, адамдарын өлтіріп, мал-мүліктерін тонап кетіп отырды. Патша өкіметінің жергілікті əкім-шілігі мұндай озбырлықтарға қарсы шара қолданбай, керісінше көп жағдайда мəселеден жалтарып кетіп отырды. 1815 ж. Бөкей қайтыс болған соң оның орнын басар Жəңгір, Əділгерей, Меңдігерей атты үш ұлы қалады. Хан тағының мұрагері Жəңгір оңсолын танып, ел басқаруға араласқанша Ішкі Орданы Бөкейдің інісі Шығай биледі. 1824 ж. Жəңгір арнайы жарлықпен хан тағына отырған соң Ішкі Ордадағы қоғамдық тұрмыс пен əлеуметтік-саяси құрылымдарға, жер қатынасына, салық саясатына өзіндік өзгерістер енгізбек болды. Бірақ көшпелі жəне жартылай көшпелі халық ханның бұл “жаңалықтарына” дайын болмады. Жер қатынасында əділетсіздіктер орын алды. Жəңгірдің ағасы Меңдігерей Бөкейханов ханның төңірегінде жүрген сұлтандар Мұсағали, Шыңғали Ормановтар, Балқы Құдайбергенов т.б. шұрайлы жерлерді иеленді. Сонымен қатар Ішкі орданың халқы Орал казак-орыстарынан да қатты қысым көрді. Жайық өзенінің жағалауына адам жолатпады. Қазақтарға Жайықтан балық аулау түгілі су ішуге, мал суғаруға рұқсат етпей, өзенге он шақырым жақындауға тыйым салынып, ол жаққа жайылып бара қалған малдады айдап алып, иеленіп кетіп отырды. Ішкі Орданың қазақтары 1846 жылға дейін патша үкіметінің алдында міндеткерліктер жүктеп, ешқандай салық төлемеді. Ордадағы салықтың түрлерін негізінен ханның өзі белгілеп отырды. Олардың ішінде ханның пайдасына алынатын “зекет”, “соғым” сияқты салықтар болды. 1825 ж. “зекет” салығынан 115 мың сом пайда түскен. “Соғым” салығынан жылына 6000 сом пайда тауып отырған, бұл салық кейде 800-1000 бас мал түрінде алынып тұрды.
1836 ж. Ішкі Орда халқы ханның “зекет” салығына 18000 қой, 800 өгіз, 1000 жылқы, 700 түйе, одан басқа да салықтар жинағанын айтып Орынбор комиссиясына шағымданады. Жəңгір хан 1833 ж. өзінің қайын атасы Қарауылқожа Бабажановты Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген рулардың басқарушысы етіп тағайындайды. Жаңа тағайындалған басқарушы
қарапайым халықты қатты қанауға ұшыратты. Ол қазақтарға жерді “жалға” беру дегенді шығарып, қазақ шаруалары жер үшін ауыр салық төлеуге мəжбүр болды. Оған қоса Қарауылқожаның отбасы үшін əр шаңырақ 2 сом, ал ауыл старшындары бір жылқыдан төлеуге міндеттелді. Одан басқа да қосымша міндеткерліктер халықты əбден күйзелтті. 1835 ж. Исатай ханға арызданбақ болғанда, сұлтан Шөке Нұралиев ханмен сөйлесемін деп Беріш руына қарасты елден 264 түйе, 127 жылқы, 19222 сом ақша жинап алып, халықтың шағымын
аяқсыз қалдырады. Қ.Бабажановты тағайындау қарсаңында жəне одан кейін де ханға айтылған арыз-шағымдар ескерусіз қалған еді. Мінеки, осындай жер қатынасындағы əділетсіздіктер, Орал казак-орыстарының көрсеткен озбырлығы, түрлі салықтардан түскен ауыртпалықтар Орда халқының наразылығын тудырды. Бұл жағдайлар 1836-38 жылдары халықтың көтеріліске шығуына əкеліп соқты. Көтеріліске Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы жетекшілік жасады. Көтеріліс алғаш əр жерде ұйымдаспаған наразылықтар түрінде байқалса, кейіннен біріккен күшке айналып, ашық қарсылыққа ұласты. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші бұқара халық болды. Бөкей хан 1812 жылы Жайық бөлімінің старшыны Жабал Бегалин қайтыс болған соң орнына Исатайдың жақын серігі М. Өтемісұлын тағайындайды. Махамбет жасынан ақын ретінде қалыптасып, əрі татар жəне орыс тілдерін үйренеді. Ол Жəңгір ханның баласы Зұлқарнаймен бірге Орынборда да тұрады. Жəңгір хан Махамбетті сарай ақыны жасауға тырысады, бірақ арадағы қарым-қатынас өзгеруіне байланысты Махамбет 1828-1829 жылдары өз ауылына кетіп қалады. Одан соң шекаралық үкімет тарапынан “Еділ арқылы құпия өткені үшін” деген айыппен қамауға алынып, екі жылдай қалмақ қамалында болады. 1831 ж. онда тырысқақ (холера) эпидемиясы басталғанда қашып кетеді. 1834 ж. Жəңгір хан Махамбетті старшындыққа тағайындайды, бірақ бұл тағайындауды Шекаралық комиссия бекітпейді.1835 ж. Исатай бастаған көтерілісшілер халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, орын алған əділетсіздікпен озбырлықты əшкерелеп, хан билігіне бағынбауға шақырады. Исатай мен Махамбеттің бұл əрекеттерін Қарауылқожа “елді бүлдіріп” жатыр деп Жəңгір ханға бірнеше рет хат жазады. 1836 жылдың ақпан айында көтерілісшілердің Жəңгір ханға қарсы белсенді күресі басталады. Жəңгір хан енді Исатайды алдап Жасқұстағы ордасына шақырады, бірақ Исатай бұл шақырудан бас тартып, ханның шақыруын алып келген шабармандарды соққыға жығып қайтарып жібереді. 1836 ж. наурызда хан Қарауылқожаға қол жинап Исатай мен Махамбетті жəне оларды қолдаған көтерілісшілердің белсенді мүшелерін тұтқындауға бұйрық береді. Қарауылқожа адай, беріш, табын т.б. рулардан 522 жігіт жинап, Исатайдың ауылына аттанады. Мұны естіген Исатай 200 жігітпен Қарауылқожамен соғысуға əзірленеді. 4-сəуір күні Қарауылқожа жасағымен Исатайдың ауылының маңындағы Қиялы моласының жанына келеді де, Исатайға Сағыр Баршығаев пен Қабық молданы елшілікке жіберіп, хан мен императорға бағынуды талап етеді. Осыдан соң Исатай 200 жігітімен қолдарына ту алып, Қарауылқожаның жасағымен кездесіп, Исатай Қарауылқожаны жекпе-жекке шақырады. Қарауылқожа Исатай батырдың айбынынан сескеніп, хан бұйрығын орындаудан бас тартып, жинаған жасағын ауылдарына қайтарады. Қарауылқожаның Исатайдан соғыссыз жеңілуі ел арасына тез тарап, Исатай батырдың беделі одан əрі өсе түседі. Осы жағдайдан соң Жəңгір хан ашуланып, қайткенде Исатайдан кек қайтару жағын ойластырып, Орынбор əкімшілігіне Исатай мен Махамбет Күшік Жапаров деген адамды өлтірді деп жала жауып, сотқа шақыртады. Бірақ сотта екеуі де өздерінің кінəсіз екенін дəлелдеп шығады. Халық толқуы шекаралық комиссия мен ханды қатты алаңдатқан болатын. Исатай батыр ел ішінде беделді бір топ адаммен Қарауылқожаның үстінен ханға шағымданып, жағдайды тексеруді сұрайды. Қарауылқожа да
көтерілісшілердің үстінен ханға арызданады.
1836-37 жж. көтерілісшілер ханға өздерінің талаптарын айтып, өкілдерін жіберумен болады. Сонымен қатар Исатай ел ішіндегі түрлі мəселелерді шешіп, халық казактар мен байлардың жерлерін бөліске салып, Жайықтың арғы бетіне өтуге шақырып отырады. 1837 ж. наурызында Шекаралық комиссия Исатай мен Махамбетті сотқа шақыртады, бірақ олар сотқа барудан бас тартады. Орынбор генерал-губернаторы Перовский жіберген атаман Покатилов бастаған Жайық казак əскерінің отряды да оларды тұтқындай алмайды. Бұл тұста көтерілісшілердің саны 3 мың адамға жеткен еді. 1837 ж. қыркүйегінде Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер Қарауылқожаның ауылы мен басқа да би-сұлтандардың ауылдарына шабуыл жасайды. Одан кейін хан ордасын шабуылдауды ойласты-
рып, қазан айының басында ордаға 12 шақырымдай жерге келіп ор-наласады. Исатай хан ордасына жақындаған тұста қол астында 2000 жігіт болады. Алдымен ханға өз талаптарын айтып хат жазып, оның орындалуын күтеді. Жəңгір хан болса Исатаймен келіссөз жүргізу арқылы уақыт ұтады да, Орынбор генерал-губернаторлығына жасырын хат жазып, көмек сұрайды. Бұл жағдайды білген Исатай да Орынборға хат жолдап, жауап күтеді. Орынбор генерал-губернаторы Перовский қазан айының 17-сінде подполковник Геккені Жəңгір ханға көмекке жіберіп, күшпен тəртіп орнатып, Исатай мен Махамбетті тұтқындауды тапсырады. Қазан айының 30-да Гекке хан ордасына жетеді. Оған жолда атаман Покатиловтың 400 казак отряды қосылады. Гекке хан ордасына
келген соң қосымша күш жинау үшін, уақыт ұту мақсатында Исатаймен келіссөздер жүргізеді, бірақ одан нəтиже шықпайды. Бұдан кейін Гекке губернаторға хат жазып, өздерінің көтерілісшілермен соғысуға даяр еместігін жəне полковник Меркульевтің отрядына Теректіқұмдағы Исатайдың ауылына шабуыл жасау керектігін айтады. Қараша айының 7-де Меркульевтің отряды Исатайдың ауылына шабуыл жасап, батырдың отбасын тұтқындайды. Бұл суыт хабарды естіген Исатай дереу ауылына көмекке аттанады. 8 қарашада Исатайдың жігіттері Меркульевтің отрядын қоршап алады да ауыл адамдарын босатуды талап етеді. Меркульев соғысуға күштің тең еместігін байқап, ауыл адамдарын босатуға мəжбүр болады. Осы жағдайдан кейін Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің мəні өзгеріп, ол тек ханға қарсылық емес, енді ханға қолдау көрсеткен Орынбор əкімшілігіне де қарсылық сипатына ие болды.Меркульевтің отряды Геккенің отрядымен Бекетай ауылының маңында қосылып, Тастөбеге қарай бағыт алады. Тастөбеге 4 шақырымдай қалғанда 500-ге жуық көтерілісшілер тобымен кездеседі. Исатай батыр Меркульевтің отрядынан құтқарып алған елді қорғау үшін жан-жақтан жігіттерін жинауға тырысады. Бірақ Гекке бастаған 2000 жазалаушы солдат көтерілісшілердің бір-біріне қосылмауына күш салады. Жазалаушы отряд саны жағынан басымдылық танытса да көтерілісшілер бірінші болып шабуыл бастайды. Алдымен мергендер тобы мылтық атады, Геккенің отряды оларды зеңбіректен атқылайды. Зеңбіректен дұрыс нəтиже болмаған соң Геккенің солдаттары шабуылға көшеді. Оларға көтерілісшілер қарсы шығып, солдаттардың арасын біршама сиретіп тастайды. Мұны байқаған Гекке көтерілісшілерге жақындап келіп зеңбіректен қайта оқ атуды бұйырады, онысы нысанаға дəл тиіп, көтерілісшілерден көп адам шығынға ұшырайды. Сол уақытта солдаттар тағы да шабуылға шығады. Осы шайқаста Исатай оң қолынан жараланады да, баласы Жақия 50-60 адаммен бірге қаза табады. Тастөбе маңындағы шайқаста көтерілісшілер Геккенің отрядынан жеңіледі. Жеңілістен кейін Исатайдың жігіттері Ішкі Ордаға шағын топтармен тарай бастады. Исатай қатары сиреген көтерілісшілерді қайта біріктіруге əрекеттенеді. Ал бұл уақытта подполковник Геккенің басшылығында 700-дей казак-орыс əскері, 2 зеңбірек жəне 400 адамнан тұратын хан жасағы болды. Жазалаушы отряд енді Исатай батырдың өзін ұстауға тырысады. Осы мақсатпен полковник Меркульев 300 казак отрядына ханның 600 жасағын қосып алып бірталай жерді шолып қайтады. Перовский Исатай батырды ұстаған адамға 500 сом күміс ақшамен сыйлық тағайындайды. Есаул Трафимовқа 75 казак отряды жəне ханның 100 жасағымен қоса Тастөбенің төңірегін аңду тапсырылады. 1837 жылы 15 қараша күні таңсəріде Тастөбенің жанында көтерісшілер мен жазалаушы отрядтың арасында кескілескен шайқас болады. Бірақ та жазалаушылар көтерісшілердің көп шоғырланған тұсына зеңбіректен оқ атып, көтерісшілерді шегінуге мəжбүрлеп біршама жерге дейін қуғындайды. Бірақ даланы қанша кезсе де Исатайды ұстай алмады. Исатайдың жанында сенімді серіктері Махамбет, Тінəлі, Иса, Сарт Қабыланбай, Төлеген, Есенгелді отбасыларымен, Тəни, Үбі, Мəстек Ахметұлы көтерісшілер қалып, олар басшыларын барынша қорғауға тырысады. Жазалаушы отряд желтоқсан айында Исатайды Самар даласынан іздейді, ал Исатай болса Жайықтың бойында отырып, қолайлы сəтті күтеді.Губернатор Перовский болса Жайықтың арғы бетіндегі кіші жүздің батыс бөлімін билеуші сұлтан Баймағамбет Айшуақовқа Исатайдың Жайықтан өтіп кетпеуін алдын-ала тапсырады. Губернатордың бұйрығымен Жайықтың бойын бақылау күшейтіледі. Баймағанбет сұлтан өз қарауындағы елдің билері мен сұлтандарына Исатай келсе тез арада ұстап беруді тапсырады. 1837 жылы 13 желтоқсан күні таңсəріде Құраң Маябасовтың бастауымен Исатайдың тобы Жайықтан жасырын өтпек болғанда, жағалауды бақылап жүрген Хорунжий Жигиннің отряды байқап қояды. Бұл кезде Исатайдың жігіттерінің көпілігі өткелден өтіп, тек бірнеше адам бері жақта қалады да, олар Жигиннің жендеттерімен қақтығысқа түседі. Казак-орыстар Сарайшықта жасақтарымен дайын тұрған Баймағамбет, Мұхамедқали Таукинге хабар береді. Бұл жасаққа жүзбасылар Попов пен Понамаревтің жазалаушы отряды қосылады. 14 желтоқсанда жазалаушылардың қолына Исатайдың əйелі Несібелі, балдызы Бағлан, Еділ Сартұлының балалары Ерше мен Нұрша түседі. Ал Исатай біраз сенімді жігіттерімен жазалаушыларды адастырып кетеді. Тастөбе маңындағы шайқастан кейін көтерілістің бірінші жəне екінші кезеңі жеңіліспен аяқталады. Исатай мен Махамбет Кіші жүзге өтіп, 2000 жігіт жинап, Хиуа ханының қолдауымен патша өкіметіне жəне оның қолшоқпары Баймағамбет Айшуақовқа қарсы күреседі. Кіші жүз даласындағы халық қозғалысы енді орта жүзден Торғай өңіріне келген Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалысымен жалғасады. Сондай-ақ, осы тұста Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс те өрши түсіп, ол Кенесарыға қосылуға бағыт алады. Бұл уақытта жазалаушы əскер мен Баймағамбеттің жасағы Исатайларды тынымсыз іздеуде болатын. Исатайдың қайда жүргеніне қатты мазасызданған Жəңгір хан Кіші жүздің ішіне өз тыңшыларын жіберіп, бақылауды күшейтеді. Ал Орынбор губернаторы Перовский болса Кіші жүздегі көтерілісті басуға қосымша əскер жібереді. Полковник Гекке мен Баймағамбеттің отрядтары Ақбұлақтың жағасына орналасады. Исатай 500-дей жігітімен Қиыл өзенінің қарсы жағалауындағы биік қырға келіп тоқтайды. Көп кешікпей екі арада шайқас басталады. Жазалаушы əскер көтерілісшілерді үш жақтан шабуылдап, зеңбіректен оқ атады. Шайқаста көтерілісшілердің 70-80 адамы қаза табады да, амалсыздан шегінеді. Жазалаушы əскер көтерілісшілердің соңына түседі, көтерілісшілер болса шегіне отырып, біршама шайқасады. Кезекті қақтығыста Исатайдың атына оқ тиеді де, оған көмекке Махамбет пен Үбі келіп, аттарын ұсынады, бірақ батыр атқа мінбей жаяу ұрыс салады. Осы шайқаста Исатай қолға түседі, Баймағамбеттің үш нөкері оның қолын артына қайыра байлайды да, біреуі батырдың кеудесіне мылтық тақап тұрып атады. Оған қоса Иван Богатырев деген урядник батырдың басын қылышымен шауып түсіреді. Осылайша елі үшін еңіреген есіл ер қанішерлердің қолынан қаза табады. Басшысы өлген көтерілісшілер Ойыл өзенінің жағасындағы қалған топқа қосылады. Кіші жүзді қаптаған патшаның жазалаушы əскерлері көтерілісшілердің бірігіп, ары қарай əрекет жасауына мүмкіндік бермеді. Осыдан кейін Исатайдың ұйымдастыруымен болған Кіші жүздегі көтеріліс жеңіледі. Исатай қаза тапқаннан кейін Махамбет Өтемісұлы біраз адамдармен Хиуа хандығына өтіп кетеді. Кейін Орынбор əкімшілігі оны қолға түсіріп, сотқа тартып, Атырау өңіріне жер аударып жібереді. Сот үкіміне риза болмаған Баймағамбет сұлтанның адамдары 1846 ж. қыркүйекте Махамбетті өз үйінде өлтіріп кетеді. И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілісті үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең - 1833-1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде сипатталса, екінші кезең - 1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларына жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық. Үшінші кезең - 1837 жылдың желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс - қоғамдағы əлеуметтік теңдік үшін болған, қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген көтеріліс. Сондықтан да, бұл көтеріліс халқымыздың тарихында өзіндік орны бар, маңызы зор көтерілістердің бірі.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыс. Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жоюы, шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан əрі жалғастыруы, қазақ қоғамында əлеуметтік қатынастардың шиеленісуі Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің шығуына себеп болды. Қазақтардың ХVІІІ-ХІХ ғасырларда болған басқа барлық көтерілістермен салыстырғанда Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгелге дерлік катысты. Бұл күрестің кең қанат жайып, бүкілхалықтық сипат алуы, Кенесары күресінің өзіне тəн саяси ерекшелігі деу керек. Азаттық күреске қатысушы рулардың саны күрестің алғашқы жылдарына қарағанда 1843-1845 жылдары көбейе түскені байқалады. Кенесарыны анағұрлым белсенді қолдаған рулар: Қыпшақ, Төртқара,Жағалбайлы, Табын, Тама, Бағаналы, ІІІекті, Алшын, Керей, Жап-
пас, Арғын, Үйсін, Дулат т.б. Кенесары жетекшілік жасаған азаттық күресіне ру басылары мен билер жəне басқа да ауқатты топ өкілдері қатысты. Олар, мысалы, Ш. Едігенов, Шорман Күшіков, Мұса Шорманов жəне т.б. Кенесарыға белсенді қолдау көрсеткендердің бірі оның əпкесі Бопай. Ол өзінің күйеуі Семеке мен оның туыстары сұлтан Сортек пен Досан Əбілқайыровтарды Кенесарыға қосылуға үгіттейді. Олар көнбеген соң күйеуін тастап, баласымен
көтерілісшілерге қосылып, Кенесарының бір отрядын басқарады. Кенесары бастаған азаттық күрестің мақсаты Абылай хан тұсындағы қазақ хандығының аумақтық тұтастығын қалпына келтіру, Ресейдің құрамына кірмеген қазақ жерлерінің тəуелсіздігін сақтап қалу болды. Кенесары Ресей отаршылдығына қарсы азаттық соғысты бастамас бұрын бірнеше дипломатиялық қадамдар жа-
сады. 1837 жылдың көктемінде патша үкіметіне жаңа бекіністер жүйесін салудан бас тартып, салынған бекіністерді бұзуды, орыс əскерлерінің қазақ даласына ішкерілей енуін тоқтатуды талап етіп бірнеше хат жолаған болатын. Сол хаттарының бірінде: «Ата-бабаларымыз мұра еткен Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Орал, Торғайға дейінгі жерлер қазіргі патша тұсында бізден тартып алынып, ол жерлерде бекіністер салынып, сонысымен тұрғындарды өте қиын жағдайға ұшыратуда. Бұл тек біздің болашағымыз үшін ғана емес, сонымен бірге бүгінгі өмір сүруімізге де қауіпті»,- деп көрсетеді. Бірақ, Кенесарының бұл хаттары патша əкімшілігі тарапынан жауапсыз қалдырылды. Одан кейін Кенесары 1837 жылдың күзіне қарай ашық күреске шығады. Қараша айында Петропавлдан оңтүстікке қарай бара жатқан керуенді қорғаушы Ақтау бекінісінің казак отрядына шабуыл жасайды.1838 жылы Кенесары əскері Ақтау мен Ақмола арасындағы шептерге шабуыл жасап, онда орналасқан Симоновтың отрядын талқандап, 10 пистолет, 9 мылтық, 13 қылыш, 7 найза, 495 мың оқ, т.б., қару-жарақ, оқ-дəріні қолға түсірді. 1838 жылдың күзінде Кенесары сарбаздары патша үкіметінің жазалаушы əскерлерімен бірнеше дүркін қарулы қақтығысқа түсті. Солардың ішінде айрықша кескілескен шайқас мықты бекіністердің бірі саналатын Ақмола бекінісі үшін болды. Оны аға сұлтан полковник Қоңырқұлжа Құдаймендиннің жасағы мен старшина Карбышев басқаратын жақсы қаруланған гарнизон қорғайтын. Кенесарының əскері бекіністі өртеп, жаудың біраз əскерлерін тұтқындап, қару-жарақтарын олжалады. 1838 жылдың аяғына қарай Кенесары Орынбор əскери губернаторлығына қарасты ЬІрғыз бен Торғай жаққа көшеді. Ол кездегі Орынбордың генерал-губернаторы граф В.А.Перовский алғашқы кезеңде көтерілісшілермен арақатынасты бейбіт жолмен шешуге тырысқан еді. Арадағы келіссөздер барысында В.А.Перовский
Кенесарыға көмектесетін болады. Жылдың аяғында Кенесары мен В.А.Перовский арасында уақытша бітім жасауға қол жетеді. Ол бітім бойынша Кенесары бастаған көтерілісшілер шекара шебіне шабуыл жасамауға уəде береді. Бұл тыныштық 1842 жылға дейін созылды. Бірақ, уақытша тыныштық орнаған тұста Батыс Сібір генерал-губернаторлығының əскери отрядтарымен қарулы қақтығыстар тоқталған жоқ болатын. 1841 жылдың қыркүйек айында қазақтың үш жүзінің атынан жиналған ықпалды билер мен сұлтандар Кенесары Қасымұлын ата салт бойынша ақ киізге салып көтеріп, бүкілқазақ халқына билігі жүретін хан етіп сайлады. Осылайша, Қазақ хандығы қайта құрылып, қазақ мемлекеттілігі қайтадан қалпына келтірілді. Ресей империясының билігі орныққан Ертіс, Есіл, Орал шептерінің бойындағы аудандардан басқа Қазақстанның барлық жерлеріне Кенесары ханның билігі жүрді. Мемлекеттік құрылыс қайта ұйымдастырылды. Хан Кеңесі құрылып, оған батырлар, билер,
сұлтандар, сондай-ақ, жеке ерлік көрсеткендер, дипломатиялық қабілеттері бар ақылды саясаткерлер мен сенімді жақтастары кірді. Дипломатиялық қызмет ұйымдастырылды. Хан жарлықтары мен Хан Кеңесінің шешімдерін таратып, түсіндіріп жəне орындалуын талап етіп отыратын арнайы басқарма құрылды. Салық жүйесіне өзгерістер енгізілді. Əскери мəселеде, Хан кеңесінің мүшелері мен атақты батырлар басқаратын қатаң əскери тəртіптегі мыңдықтар жəне жүздіктерге бөлінген, далалық соғыс жағдайына ыңғайлы жасақтар ұйымдастырылды. Кенесары Орынбор губернаторымен уақытша келісімге келгеннен кейін, 1841-1842 жылдары Қоқан хандығының қол астындағы қазақ жерлерін азат ету үшін күрес жүргізеді. Бұл күрестің нəтижесінде Созақ, Сауран, Ақмешіт, Жаңақорған қалалары қоқандықтардан азат етіліп, Түркістан қаласы қоршауға алынады. Осыдан кейін Қоқан хандығы Кенесарымен келіссөз жүргізуге мəжбүр болды. Қоқандықтарды талқандауда Сырдария бойындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған қазақтардың Кенесарыға қолдау көрсетіп, шайқастарға белсенді қатысуы үлкен рөл атқарды. 1842 жылы Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Петербургке қызметке шақырылып, оның орнына Орынборға генерал-губернатор болып Обручев тағайындалады. Обручевтің Перовский-ге қарағанда Кенесарымен арадағы мəселені шешуде көзқарасы басқаша болды. Ондай жағдайды пайдаланған Сібір губернаторы Горчаков осы жылы Кенесарының ауылын шабуға Сотниковтың басқаруымен отряд жібереді. Нəтижесінде, Орынбор əкімшілігімен жасалған бітім Горчаковтың тарапынан бұзылды. Ал, 1843 жылдың 27 маусымында патша Николай І Кенесары Қасымұлы бастаған күресті басу үшін қазақ даласына ірі көлемдегі əскери жорық ұйымдастыру туралы бұйрық шығарды. Сонымен қатар, Кенесары ханның басын кесіп əкелген адамға 3000 сом сыйлық тағайындады. 1843 жылдың көктемінде патша əкімшілігі қазақ даласына үш
отрядты бірдей жіберуді ұйғарды. Ол отрядтарға Ор бекінісінен, Ұлытаудан жəне Тобыл өзені бойынан бір уақытта аттанып, Кенесары ханның жасақтарын жан-жақтан қоршауға алып, шешуші соққы беру арқылы талқандау қатаң тапсырылды. Оған қоса, Батыс Сібір генерал-губернаторлығынан старшина Лебедевтің жəне қазақ сұлтандары А. Жантөрин мен Б. Айшуақовтың басшылығымен құрамында қазақтардан 2000-дай адамы бар қосымша отрядтар
жасақталды. Кенесары ханның əскеріне қарсы соғыс операциясын басқару генерал-майор Жемчужниковке жүктеледі. Ол кезде Кенесарының 20 мыңдай əскері бар еді. Кенесары хан патшаның жазалаушы отрядтарын бір-біріне қосылуына мүмкіндік бермей, жеке-жеке соққы беруді ойластырды. Ол өз жасақтарының бір бөлігін Батыс Сібірден шыққан отрядқа қарсы жіберді де, олар Ұлытауға қарай шегіне шайқас жүргізіп, жазалаушы отрядты басқа жаққа қарай бұрып əкетеді. Ал, кейіннен Кенесарыға қарсы шайқаста көрсеткен дəрменсіздігі үшін Лебедев Орынборға шақыртылып, қызметінен босатылып, сотқа тартылады. Кенесары болса, бұл кезде өзінің негізгі күшімен Константиновск бекінісіне шабуыл жасап, 1844 жылы шілденің 20-нан 21-не қараған түні Өлкеаяқ өзенінің бойында Ахмет Жантөриннің отрядын қоршауға алып талқандайды. Осы 1844 жылы Ыстықкөл төңірегіндегі қырғыздар атынан Бұғы руы манаптарының бірі Боранбай Бекмұратов Ресейдің билігін мойындауға дайын екендігін патша І Николайға хабарлайды. Бірақ манаптың бұл ұсынысын Ресеймен арадағы жердің қашықтығын сылтауратқан патша жауапсыз қалдырады. Кейбір қырғыз билеушілерінің Ресей билігін мойындауға ыңғай танытуы Кенесары ханды ызаландырған болатын. Ал, Кенесарының қырғыздармен қақтығысының қарсаңында қырғыз манаптары Орман, Жантай,
Жанғаралы Батыс-Сібір губернаторына хат жолдап Ресей өкіметінің құрамына қабылдауды сұрайды жəне қазақ ханы Кенесарыға қарсы күресте қолдау көрсетуді өтінеді. Бұл жағдай Кенесарыны одан əрі ерегістіре түседі. 1846 жылдың басында Кенесары хан əскерлерімен Балқаш көлінің маңына қоныс аударады. Патша үкіметі қазақ даласындағы Кенесары бастаған көтерілісті біржола жою үшін енді генерал-майор Вишневскийдің басқаруымен үлкен отряд аттандырады. 1846 жылы Кенесары хан қоқандықтардан Əулиеата (Тараз), Мерке қалаларын қайтарады. Осы жылы Кенесарыға қолдау көрсетуші Ұлы жүздің Саурық батыры қырғыздардың батыры Жаманқораны өлтіреді.
Оған жауап ретінде қырғыздар Саурық батырдың ауылын шауып, Саурық батырды жігіттерімен қоса өлтіріп, мал-мүлкін тонап кетеді. Бұдан кейін қазақ-қырғыз арақатынастары шиеленісе түсті. Патша үкіметі болса қазақ-қырғыз тартысына ашық кіріспей, Алатау өлкесін өз билігіне бағындыруды жеңілдету үшін туысқан екі халықты бір-біріне айдап салып, екі жақты да əлсіретіп барып, осы өңірге өз əскерін кіргізудің қолайлы жолдарын қарастырды. Осындай шиеленіскен жағдайлардың барысында 1847 жылы Кенесары хан 10 мың сарбазымен қырғыз жеріне басып кіріп, оларды Қоқан езгісіне қарсы қазақтармен бірігіп күресуге шақырады. Кенесары ханның соңғы шайқасы қырғыздардың Кекілік-Сеңгір деген жерінде болады. Қырғыз манаптары мен Вишневскийдің отряды жəне Қоқан хандығының əскерлері «Алмалы сай» шатқалында Кенесарының сарбаздарын үш жақтан қоршауға алады. Таулы аймақ хан Кененің сарбаздарына басымдық көрсетуге мүмкіндік бермеді. Сонымен қатар, Рүстем сұлтан мен Сыпатай батыр бастаған жасақтардың ұрыс алаңынан кенеттен шегініп, кетіп қалуы да жағдайды қиындатқан болатын. Өздерінен бірнеше есе күші көп жаумен болған қаһармандық шайқаста Кенесары хан 32 қазақ сұлтанымен бірге тұтқынға түседі. Наурызбай батыр қаза табады. Қырғыздардың қолына тұтқынға түсіп қалған Кенесары хан патша чиновниктерінің алдауына түсіп, сыйлықтар алған қырғыз манаптарының тарапынан өлтірілді. Кенесары ханның қасіретті өлімінен кейін оның жетекшілігімен болған қасиетті азаттық күресі де жеңіліске ұшырады. Кенесары бастаған азаттық күресті кейін оның баласы Сыздық сұлтан жалғастырды.Кене ханның отаршылдыққа қарсы күресінде Ағыбай, Ақғаш,
Басығара, Жанайдар, Жəуке, Иман, Байсейіт, Сұраншы, Жоламан жəне т.б. батырлар қолдау көрсетіп, аянбай шайқас жүргізді. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың жеңілуінің негізгі себептері мыналар: қазақ халқының бір тудың астына біріге алмауы, кейбір ру басыларының өз бетінше билік жүргізуге ұмтылуы жəне де патшалық Ресейді жақтауы, Кенесарының Ресей, Қоқан, Бұхар хандықтарымен күресте күштің тең болмауы. Сонымен
қатар, ол өзін жақтамаған кейбір қазақ жəне қырғыз ауылдарын шабуы кері əсерін тигізді, өйткені ол халықтың наразылығын тудырып, көтерілісті əлсірете түсті. Дегенмен де, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрес қазақ халқының тарихында мəңгілік өшпес із қалдырған, Қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғыртуға тырысқан, тарихи маңызы зор күрес болды.
Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуы. ХІХ ғасырдың 20-жылдары Ресей Орта жүз бен Кіші жүзде хандық билікті жойып, Ресейлік басқару жүйесін енгізгенімен, Ұлы жүз мəселесіне əлі де көңіл бөле алмаған болатын. Жалпы, ХІХ ғ. 30-жыл-дарына дейін Ресей империясының «үлкен саясатынан» Орта Азия мəселесі де тыс қалды. Ресей ол тұста негізінен Түркия мен оның иеліктеріне көп көңіл бөлді.Ағылшын-орыс бақталастығында бұл үрдістердің белсенділігі арта түсті. Ресейдің Таяу Шығыстағы жетістіктері Англия қарсылығының күшеюіне əкелді. 1841 жылы Лондон конвенциясы Ресейдің Таяу Шығыс мəселесіндегі ірі дипломатиялық жеңілісі болды. Орта Азия мен Қазақстан біртіндеп ағылшын-орыс бақталастығының негізгі аймақтарының біріне айналды. Қазақстанның стратегиялық аймақ ретінде Орта Азия хандықтары мен Ресей жəне Қытай аралығында орналасуын патша əкімшілігі жақсы түсінді. Қазақстандағы өз ұстанымын нығайту үшін түрлі ша-
ралар қарастыра бастады. Ресей Сыртқы Істер министрлігінің Азия департаментінің ұсынысымен ХІХ ғ. 30-жылдары Қоқан хандығына Н.Г.Потанин, Бұхар əмірлігіне П.И.Демезон мен И.В.Виткевич, Е.П.Ковалевский, Хиуаға Г.И.Данилевский бастаған дипломатиялық миссиялар жіберді. Бұл сапарлардың барысында Ресей Хиуа жəне Бұхарамен орыс-азия сауда мəселелері бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізіп, Орта Азия хандықтарының ішкі жағдайы мен Хиуа хандығының Сырдария бойындағы қазақтарға қатысты саясаты туралы бірқатар мəліметтер алып қайтты. 30-жылдардың аяғы мен 40-жылдардың басында патша үкіметі хиуалықтардың шекаралық аймақтардағы күш көрсету жəне тонаушылық əрекеттерін тоқтату, хиуалықтардың қолындағы орыс тұтқындарын босату, Хиуаның орыс-қазақ қатынастарына араласуын бейтараптандыру үшін Хиуаға əскери экспедиция ұйымдастыру туралы декларациясын жариялады. Ресейдің мұндай ресми мəлімдеме жасауына Англияның Орта Шығыстағы саяси ықпалын нығайту қаупінің күшеюі себеп болды. 1839 жылы қараша айының ортасында Орынбор губернаторы В.А.Перовский 12 зеңбірек, 4 мың жаяу əскер жəне 10 мың түйеге
артқан жүгімен Хиуаға қарсы жорығын бастады. Қатты суық пен боранның салдарынан Перовский 2 мың түйесінен айырылып, үлкен шығынмен Ембі бекінісіне дейін ғана жете алды. 1840 жылы 1 ақпанда тағы да 5 мың түйе азық-түлікпен басқа да құрал-жабдықтарын жоғалтып Ақбұлаққа жетті. Ақпан айының ортасында Орынборға кері қайтты. Бірақ, жағдайдың бұлай шиеленісуіне қарамастан Хиуа жорықтың қайталануынан қауіптеніп Ресейге 124 орыс тұтқынын қайтарды жəне Петербургке елшілік жіберді. Орыс билігін мойындамаған қазақтарды бағындыруға жəне Орта Азия хандықтарының шекарасына орыс əскерін жақындату мақсатында Ресей Сырдарияның төменгі ағысының бойына əскери бекіністер сала бастады. 1847 жылы Райым бекінісі,
1848 жылы Қазалы форты салынды. Жаңа бекіністердің салынуы орыс əскерлеріне біртіндеп Сырдарияны бойлап жоғары жылжуға жəне қоқандықтардың ірі бекіністерінің бірі Ақмешітке жақындауға мүмкіндік берді. 1848-1849 жылдары А.И.Бутаковтың басшылығымен келген экспедиция Арал теңізін зерттеп, теңіздің картасын жасады. Арал теңізінде кеме айлағы ашылды.
Оның болашақта Орталық Азия жəне Хорезммен сауда қарым-қатынасында, əскери мəселелерде маңызы зор болды. 12 күндік қоршаудан кейін 1853 жылы 28 маусымда орыс əскерлері Ақмешітті басып алды. Осыдан кейін Сырдарияның төменгі ағысында Сырдария шебі құрылды. Оған Райым бекінісінен Ақмешітке дейінгі аудандар кірді жəне 1864 жылы Түркістанды алғанға дейін сақталып тұрды. Ресей Қоқан жəне Хиуа хандықтарына саяси қысым көрсетуге мүмкіндік алды. ХІХ ғасырдың 50-жылдары Орталық Азия мен Оңтүстік Қазақстанның Ресейдің сыртқы саясатындағы маңызы арта түсті. 1854-1856 жж. Қырым соғысында Ресей жеңілуіне байланысты батыстағы рыногынан айырылып, енді оған шығыстан жаңа рынок іздестіру қажет болды. 1858 жылы Орталық Азия аймағындағы Хиуа мен Бұхараға Н.Игнатьев бастаған дипломатиялық елшілік, Шығыс Иранға көпес ретінде Ч.Ч.Ханыков бастаған экспедиция жіберді. Бұл аймақтан алынған материалдардың негізінде патша үкіметі Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азия хандықтарындағы əскери қимылдарын ұлғайтпаса, ол аймақта Англияның мүддесінің арта түсетіндігіне
толық көзі жетті. Өйткені, Англияның бұл аймаққа қатысты кең көлемде жаулап алу жоспары бар екені дəлелденген болатын. 1860 жылы Қоқанға хандықтың билеушісі Маллабектің сеніміне кіріп, Үндістандағы Англия басшыларымен байланыс орнатуға ағылшын барлаушысы Абзал-Мажит жіберіледі. Біраз уақыттан кейін Қоқан хандығының басты тірек пункттеріне қару-жарақтар жеткізіліп, əскери нұсқаушылар мен қару жасайтын мамандар жіберіле бастады. Қоқан өкіметі өздерінің əскери қамалдары мен форттарын,
əскери шептерін күшейтуге кіріседі. Англия мен Қоқанның бұл əрекеттері Ресей үкіметі жағынан қарсы шаралар қолдануды талап етті. Ресей бұл аймаққа Орынбор мен Сібір шебінен екі жақтап тереңдей ену үшін дайындала бастады.
ХІХ ғасырдың 60-жылдары Қазақстан аумағында Ресейдің əскери бекіністері мен қамалдары, форпостары мен шептерінің саны арта түсті. Ақтау, Ұлытау, Қапал, Сергиополь, Верный, Қастек жəне т.б. Ресейдің Қазақстандағы əскери тірек пункттері болды. 1856 жылы құрамына 213 мың адамнан тұратын Ұлы жүз қазақтары жəне 60 мың қырғыз кіретін Алатау округі құрылды. Ресей əскерлерінің оңтүстіктен де, солтүстіктен де сəтті жылжуына қоқандықтардың
саясатына риза болмаған Əулиеата мен Шымкент төңірегіндегі Ұлы жүз қазақтарының 1857-58 жылдарда көтерілістер жасап, Ресей жағына өтуі де қолғабысын тигізді. Патша үкіметінің ықпалды ру басыларына қатысты алдау-арбау, шен-шекпен беру, жоғары қызметтерге тағайындау сияқты жүргізген саясаты да біршама маңызды рөл атқарды. Мұндай саясат тек қазақтарға қатысты ғана емес, Орталық Азия аймағындағы басқа да халықтарға қатысты
жүргізілді. 1860 жылы орыс əскерлерінің қоқандықтарға қарсы белсенді əскери қимылдары басталды. 26 тамызда Тоқмақ, 4 қыркүйекте Пішпек бекіністері алынып, 24 қазанда Ұзынағаш төңірегінде болған шайқаста қоқандықтар жеңіліс тапты. Орыс пен қоқан əскерінің екіжақты қыспағы мен тəлкегіне түскен қазақтардың жағдайы өте ауыр болды. Жергілікті халыққа қатысты екі жақ та қатігездігімен ерекшеленді. Күш көрсету, тəлкек жасау мен қатыгездік туралы екі жақтың да əскери басшылары: “ауылдары өртеніп, малдары тартып
алынды, оларға берген сабақты ерекше сезілетіндей жасадық” деп жазды.
1861-63 жылдары Ресей үкіметінде Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия хандықтарын мақсатты түрде жəне тез арада иелену жөнінде пікір-таластар жүрді. Одан кейін Сырдария мен Сібір шебінің аралығына 4 экспедиция жіберілді. Олар бұл аудандарда қоқандықтардың күшті қарсылығын кездестірмеді. Жұмғол мен Құртқа бекіністері шайқассыз берілді, Созақ пен Шолаққорғанда қоқан билігіне қарсы көтерілістер бұрқ ете қалды. 1863 жылы Ресейдің Соғыс министрі Д.А.Милютин ерекше комитетке Орта Азия хандықтарына қатысты белгіленген іс-əрекеттері туралы баяндама жасап, оны мақұлдатып алды. 1864 жылдың басында бір-біріне қарсы тұрған екі жақ та əскери қимылдарға дайындала бастады. 1864 жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстандағы орыс əскерлерінің дайындығы негізінен аяқталды да полковник Н.А.Веревкин бастаған отряд Түркістанға қарай қозғалды. Веревкиннің отрядында 1593 солдат, 44 офицер, 18 зеңбірек жəне 150 ерікті қазақ болды. Верныйдан бір мезгілде құрамында 2571 солдат, 68 офицер, 22 зеңбірек, жəне құрамында сұлтан поручик Ш.Уəлиханов басқарған 1400 ерікті қазақтар бар полковник М.Г.Черняевтың отряды да қозғалды. 4 шілдеде Черняевтың отряды Меркі, 6 шілдеде Əулиеата бекінісін шайқассыз алды. Полковник Веревкиннің отряды Түркістан қаласына барар жолда қоқан əскерлерінің шабуылына ұшырады да бекіністі қоршауға мəжбүр болды. 9 маусымда Түркістан орыстардың қолына өтті. Əулиеата мен Түркістанды тез арада алуда əскери операцияларға басшылық жасағандары үшін Черняев пен Веревкиннің əскери шендері жоғарылатылып, генерал-майор атақтарын алды. Жорықтарға қатысқан солдаттар “жоғары құрмет” жəне түрлі ордендермен марапатталды. Жетістіктеріне көңілдері көтерілген орыс армиясы алдын ала дайындықсыз 1864 жылдың 22-23 шілдесінде Шымкентті алуға тырысты. Бірақ бұл уақытта қоқандықтар Шымкентке едəуір əскери күштерін тартып үлгеріп, орыс əскеріне қарсы соққы береді. Бекініс-қалаларға жақын орналасқан қазақ ауылдары екіге бөлініп, бірі орыстарға, екіншілері қоқандықтарға қолдау көрсетті. Қоқан хандығында саяси күштердің қарсылығы күшейіп, хан мен оның төңірегіндегілердің озбырлығына наразылықтар көбейе түсті. Қоқан мен Бұхара арасындағы қайшылықтар шиеленісті. Мұндай қолайлы жағдайды орыс əскерлері де өз мүдделеріне пайдалана білді. Черняевтің алты жарым рота жаяу əскер мен бір жарым жүздік казактардан тұратын отряды жəне Лерхенің төрт рота жаяу əскер, бір казак жүздігі мен мың жарым қазақтан тұратын отряды Шымкент түбінде бірігіп қалаға шабуыл жасап, 1864 жылдың күзінде оны басып алды. Түркістан мен Шымкентті жаулап алғаннан кейін Орынбор мен Сібір шептері жалғастырылды. 1865 жылы маусымда бір апта қарсылықтан кейін орыс əскерлері Ташкентті басып алды. 1866 жылдың жазында патша ІІ Александр Ташкентті Ресейдің құрамына қосу туралы жарлық шығарды. Бір жылдан кейін 1867 жылы құрамына қайта құрылған Жетісу жəне Сырдария облыстары кіретін, орталығы Ташкент қаласы болған Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғандығы туралы заң жарияланды.
Ресейдің жалпы Оңтүстік Қазақстанды əскери жаулауы Ақмешіт, Түркістан, Əулиеата, Шымкент, Ташкент т.б. бекіністердің қорғаушыларына деген ерекше қатыгездікпен жүзеге асырылды. Орыс əскерлері мұсылмандардың қасиетті жерлерін (Қожа Ахмет Яссауи, т.б.) қорлап, оларды қиратты. Ақмешітті 25 күн қатарынан атқылап талқандады, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне
зеңбіректің 12 снаряды атылып, оның 11-і кесененің қабырғаларын ойып кетті. Шымкент қаласын қорғап, қаза тапқандардың саны 3170-ке дейін жетті, Сайрам қаласы жермен-жексен етіліп талқандалды. Шоқан Уəлиханов өзінің діндестері мен руластарына орыс əскерлерінің көрсеткен тағылық əрекеттеріне байланысты одан əрі жорыққа қатысудан бас тартуға мəжбүр болды. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия тұрғындары қарсылық көрсеткендері үшін қатыгездікпен, аяусыз басып-жанышталды. Ресей болса, бұл əрекеттерін үкіметтің, “өзіне бағынышты территориядағы елдерді көшпенділер шапқыншылығынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған үкіметтің Орталық Азиядағы саясатының қорғаныстық сипаты” деп мəлімдеді.
Осылайша, ХІХ ғасырдың 60 жылдары Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін Қазақстанның бүкіл аумағы ұзақ уақытқа Ресейдің отарына айналды. 1867-68 жылдары Түркістан жəне Далалық өлкені басқару туралы “Уақытша Ереженің” қабылдануымен Орта Азия жəне Қазақстан - Ресей империясының отары ретінде заңдастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет