Толық энергияның сақталу заңы
Энергия – материяның барлық түрлерінің әсерлесуінің және қозғалыстың жалпы (әмбебап) сандық өлшеуіші. Материя қозғалысының әр- түрлі формалары энергияның әр-түрлі формаларымен байланысқан: механикалық, жылулық, электромагниттік, ядролық және т.б.
Қандайда бір құбылыстарда материяның қозғалыс формасы өзгермейді (мысалы, ыстық дене суық денені қыздырғанда), басқа бір құбылыстарда басқа формаға түрленеді (мысалы, үйкеліс кезінде механикалық қозғалыс жылулық қозғалысқа айналады). Бірақ, барлық жағдайларда да басқа денеге берілген энергия екінші дене алған энергияға тең болады.
Энергия ешқайда жоғалмайды да пайда болмайды да, ол бір түрден екінші түрге өзгеріп отырады. Бұл заңдылық толық энергияның сақталу немесе түрлену заңы деп аталады.
Энергияның түрленуі. Механикалық энергияның сақталу заңы Механизмдердің ПӘК-і
Егер күш жұмысы тұйық контурда нөлге тең болса, онда мұндай күштерді консервативті деп, ал керсінше болса, диссипативті дейді. Консервативті күштерге: ауырлық күші, серпімді-деформациялану күші Кулон күші және т.б. мысал бола алады. Диссипативті күштерге үйкеліс күші мысал бола алады.
Егер тұйық жүйеде тек консервативті күштер ғана әсер етсе, онда жүйенің толық механикалық энергиясы тұрақты болып қалады.
Егер тұйық жүйеде үйкеліс күші әсер етпесе, онда толық механикалық энергия тұрақты болып қалады.
Жай механизмдерге әр-түрлі рычагтар, блоктар, көлбеу жазықтықтар жатады. Жай механизмдерді қолдану мақсаты: күшті үнемдеу немесе жолды үнемдеу
Жай механизмдерді қолданғанда біз ұтпаймыз да және жұмыстан да ұтылмаймыз.
h биіктіктегі массасы m болатын дөңгелек (шар) қажет. Бірінші рет горизонталь жазықтық, екінші рет көлбеулік бұрышы =30 тең көлбеу жазықтық арқылы домалатамыз. Екі жағдайдағы жұмысты анықтау керек.
Бірінші жағдайда күш жұмысы потенциалдық энергияның өзгерісіне тең
A mgh2 mgh1 mgh mg 0 mgh
немесе жұмыстың анықтамасы бойынша.
A F s cos mg h (1) mgh , мұндағы F=–mg; h=s; cos180=–1.
Екінші жағдайда жұмыс тең әсерлі күшке қарама-қарыс орындалады
F mg N .
Суреттен
F mg sin
екенін көруге болады.
Оның жұмысы
A Fl cos
mg sin
h
sin
Нәтиже екеуінде де бірдей, себебі жол
l h
sin
тең, мұндағы l –
гипотенуза, h – тікбұрышты үшбұрыштың қарама-қарсы жатқан катеті.
Достарыңызбен бөлісу: |