Жай механизмдердің ПӘК-і басқа машиналар немесе механизмдегілердей пайдалы жұмыстың толық жұмысқа қатынасымен есептеледі.
мұндағы AП=A+A, бұл жерде A – шығын, ол үйкеліс күшіне қарама- қарсы жұмыс бола алады. Кез-келген жүйеде үйкеліс күші болғандықтан жай механизмдердің ПӘК-і әрқашанда бірден кіші болады.
лекция
АРНАЙЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЕОРИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Бірінші болып Г. Галилей айтқан – барлық координаталардың инерциялық жүйелеріндегі механикалық құбылыстар біркелкі жүреді деген пайымдау – Галилейдің салыстырмалылық принципі деп аталады.
Әрбір санақ жүйесіне декарттық координаталар жүйесін енгіземіз. Қозғалмайтын санақ жүйесіндегі К координаталарды (x, y, z) арқылы, ал қозғалыстағыны K' – (x', y', z') арқылы белгілейік. Айтайық: " K' координаталар жүйесі К жүйесіне қарасты V жылдамдығымен қозғалуда".
Уақыттың әрбір мезетінде қозғалушы координаттар жүйесі қозғалмайтын жүйеге қарасты белгілі бір орында болады.
сурет
Егер, t=0 мезетінде екі координаталар жүйелерінің де басы сәйкес келген болса, ал t мезетінде қозғалушы координаталар жүйесінің басы қозғалмайтын жүйенің x=vt нүктесінде болады.
К жүйесінде қайсыбір Р нүктесінің x, y, z координаталары мен K' жүйесіндегі тура сол нүктенің x', y', z' координаталары арасындағы байланыс мынандай түрге беріледі:
x' = x – vt, y' = y, z' = z, t' = t.
Бұл формулалар Галилей түрлендірулері деп аталады.
Керісінше қозғалмайтын жүйе ретінде K' жүйесін алуға болады. Онда Галилей түрлендірулері мынадай болады:
x = x' + vt', y = y', z = z', t = t'.
Достарыңызбен бөлісу: |