лекция
МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА НЕГІЗДЕРІ
Молекулалық физика және термодинамика макроскопиялық денелердің, былайша айтқанда, өте көп микробөлшектерден ( молекулалар, атомдар, иондар, электрондар т.с.с.) тұратын денелердің физикалық қасиеттерін зерттейтін физиканың бөлімдері. Осы қасиеттерді зерттеу үшін сапалы түрде алшақ және бірін-бірі толықтыратын екі әдіс қолданылады: молекулалы- кинетикалық (статистикалық) және термодинамикалық.
Жүйелерді құрайтын микробөлшектердің қозғалысы сипаттамаларының орташаланған мәндері негізінде макроскопиялық жүйелердің қасиеттерін зерттеу әдісі, молекулалы – кинетикалық (статистикалық) әдіс деп аталады.
Жүйелерде жүретін энергияның алмасу заңдарына сүйене отырып макроскопиялық жүйелердің қасиеттерін зерттеу әдісі термодинамикалық деп аталады.
Молекулалық физика - заттардың құрылымы мен қасиеттерін, барлық денелер молекулалардан тұрады деген молекула-кинетикалық көзқарас тұрғысынан зерттейтін физиканың бір бөлімі.
Молекула-кинетикалық теориясының негізгі қағидалары:
барлық заттар бөлшектерден тұрады (молекулалар, атомдар);
бұл бөлшектер бейберекет қозғалыста болады;
бұл бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі.
Осы қағидалардың әрқайсысын практика жүзінде қатаң дәлелдейтін кейбір құбылыстар бар. Барлық заттардың қасиеттері, осы заттарды құрап тұрған элементар бөлшектердің қасиеттеріне және осы бөлшектердің бір-бірімен өзара әсерлесу сипатына тәуелді.
Бөлшектердің (молекулалар, атомдар) өлшемі мен массасы өте аз екенін атап өту керек.
Молекуланың өлшемі (диаметрі) 10–10м тең, сондықтан да тіпті кішкене зат мөлшерінде де олардың саны орасан көп. Мысалы, 18 грамм суда
61023 молекула бар.
Газдың күйі үш
p,V ,T
макроскопиялық параметрлермен сипатталады. T
температура – макроскопиялық жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама.
Достарыңызбен бөлісу: |