1 2 Edx dx d , 0 0 0 0 мұндағы d - жазықтықтардың ара қашықтығы. Екі зарядталған коаксиалды цилиндрдің (цилиндрлік конденсатор) арасындағы потенциалдар айырмасы:
r2 r2 r
1 2
Edr
dr
ln 2,
r1 r1
2 0 r
2 0 0 r1
мұндағы
r1 және r2
цилиндлердің радиустары.
Екі зарядталған концентрлі сфераның арасындағы (сфералық конденсатор) потенциалдар айырмасы:
r2 r2 q
q 1 1
1 2 Edr 4
dr
r 2 4
r r .
r1 r1 0 0 1 2
Диэлектрлік ортадағы электростатикалық өріс.
Диэлектрик, құрамына зарядталған бөлшектер – теріс электрондар және оң ядро енетін молекулалардан тұрады. Жалпы алғанда молекулалар бейтарап болғанымен, молекуладағы оң және теріс зарядтардың «ауырлық» центрлері бір-біріне қатысты ығысуының нәтижесінде молекулада p дипольдік момент пайда болуы мүмкін. Полярлы емес диэлектриктер– сыртқы электр өрісінің жоқ кезінде құрылымы симметриялы болып келетін және p дипольдік моментке ие емес молекулалардан тұратын заттар. Молекулалар дипольдік моментті сыртқы электр өрісінде иеленеді (серпімді диполь). Полярлы емес диэлектриктерге Н2, О2, N2 және басқалар жатады.
Полярлы диэлектриктер– сыртқы электр өрісінсіз ақ дипольдік моментке ие молекулалардан тұратын заттар. Молекуланың оң және теріс зарядтарының «ауырлық» центрлері бір- біріне дәл келмейді, демек молекула сыртқы өрістің жоқтығына қарамастан диполь болып табылады (қатаң диполь). Сыртқы электр өрісінің бар кезінде дипольдер өріс бойымен бұрылады да, диэлектрик нөлден өзгеше қорытқы моментті иеленеді. Полярлы диэлектриктерге H2O, NH3, CO және т.б. жатады.
Иондық торлары бар кристалдық диэлектриктер– ішкі құрылымы әртүрлі таңбалы иондардың дұрыс кезектесе отырып түзейтін кеңістік торы
болып келетін заттар. Мұндай кристалдардың молекулаларын біріне-бірі енген екі иондық торламшалар жүйесі деп қарастыруға болады. Сыртқы электр өрісінің әсерінен дипольдік моменттердің пайда болуына әкелетін торламшалардың бір- біріне қатысты ығысуы байқалады. Диэлектриктер поляризациясы деп сыртқы электр өрісінің әсерінен жүретін дипольдердің бағдарлану процесін немесе өріс бойымен бағдарланған дипольдердің пайда болуын атайды. Диэлектриктердің үш тобына сәйкес поляризацияның үш түрі болады: