Лекциялар жинағы кредит саны 3 Шымкент-2021 мазмұНЫ


Заттық облыстың концептуальды моделін құру



бет25/38
Дата29.03.2023
өлшемі1,55 Mb.
#77175
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38
Байланысты:
Лекциялар жинағы 2020-2021

1.3. Заттық облыстың концептуальды моделін құру
Класстар диаграммасы – бағдарламалық қамтаманы өңдеудің объектілік-бағдарлы әдісінің орталық буыны. UML оларды нақтылау деңгейіне байланысты класстар диаграммасының үш деңгейін қолдануды ұсынады:

  • концептуальды деңгейде класстар диаграммасы заттық облыстың негізгі түсініктері арасындағы байланысты көрсетеді;

  • ерекшелік деңгейінде класстар диаграммасы заттық облыстың класстар интерфейсін көрсетеді;

  • тарату деңгейінде класстар диаграммасы нақты класстардың өрісі мен операцияларын тікелей көрсетеді.

Көрсетілген модельдердің әрқайсысын бағдарламалық қамтаманы өңдеудің нақты кезеңінде қолданады:

  • концептуальды модель — талдау кезеңінде;

  • ерекшелік деңгейіндегі класстар диаграммасы – жобалау кезеңінде;

  • тарату деңгейіндегі класстар диаграммасы — тарату кезеңінде.

Концептуальды модельдер заттық облыстар, осы түсініктердің атрибуттары мен олардың арасындағы түсініктермен операция жасайды. Модельдердің негізгі түсініктеріне класстар сәйкестігі қойылады. Класс – заттық облыс объектілерінің берілген топтары белгілерінің жалпы жиынтығы. Осы анықтамаға сәйкес класстар диаграммасында әр классқа жалпы белгілері класстарды бекітетін объектілер тобына сәйкес келеді. Студент классы жоғары оқу орындарында білім алатын адамдар тобының жалпы белгісін біріктіреді. Класс данасы немесе объект (мысалы, И.И.Иванов) өз класының белгілерінің барлық жиынтығына міндетті түрде ие боады және класста бекітілмеген өз белгілеріне ие бола алады. Сонымен, мысалы, И.И.Ивановстудент бола тұрып, одан басқа спортшы, музыкант т.б. болуы мүмкін.
Диаграммаларда класс тік төрт бұрыш ретінде көрсетіліп, ішіне класс аты жазылады. (6.6, а сурет). Қажет болған жағдайда класстар сипаттамасын, мысалы, шартты белгілердің арнайы секцияларын қолданып атрибуттарды көрсетуге болады. (6.6, б сурет).

а – сипаттамасын анықтаусыз; б— атрибуттарын анықтаумен
6.6.сурет. Класстардың концептуальды диаграммасында класстарды белгілеу


Атрибуттар ретінде объектілердің кейбір маңызды сипаттары, мысалы, теңестіруші мағыналар (аты, нөмірі) ұсынылады.
Класстар қарым-қатынасы ретінде уақытқа байланысты емес статистикалық, яғни класстар арасындағы байланысты түсінеді. Қатынастың негізгі екі түрі бар: қауымдасу және жалпылау:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет