Лекциялар жинағы кредит саны 3 Шымкент-2021 мазмұНЫ


ОБЪЕКТІЛІК ТӘСІЛ БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАНЫ ЖОБАЛАУ



бет28/38
Дата29.03.2023
өлшемі1,55 Mb.
#77175
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38
Байланысты:
Лекциялар жинағы 2020-2021

ОБЪЕКТІЛІК ТӘСІЛ БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАНЫ ЖОБАЛАУ
Дәріс 11 (2 сағат)
1.1 Объектілік тәсіл бойынша БҚ-ның құрылымын құрастыру
1.2 Объектілер арасындағы байланысты анықтау
1.3 Класстар қатынасын анықтау
1.4 Класстарды жобалау

Объективті көзғарас кезіндегі логикалық жобалаудың негізгі міндеті объектілік декомпозициялау кезінде алынған объектілерді тарату үшін кластарды өңдеу болып табылады, бұл әр кластың өрісі мен әдістерін толық суреттеуді болжайды.


Объективті көзғарас кезінде физикалық жобалауға класстар мен басқа да бағдарламалық ресурстарды бағдарламалық компоненттерге біріктіру, сонымен бірге осы компоненттерді нақты есептеуіш қондырғыларға орналастыру жатады.


1.1. Объектілік тәсілде бағдарлама қамтамасы құрылымын өңдеу
Класстардың көпшілігін осы көзғараста қолдануға болатын белгілі бір үлгіге жатқызуға болады. Оларды стереотип деп атайды, мысалы:

  • маңыздылық класстары (заттық облыс класстары);

  • Шектестік (интерфейстік) класстар;

  • басқарушы класстар;

  • шығару және т.б. (7.1 сурет).


а – маңыздылық-класс; б - шектік класс, в – басқарушы класс;
г - стереотиптің анық нұсқауы
7.1 сурет. Класстар стереотиптерінің шартты белгілері:


Маңыздылық - класстарын шынайы әлем немесе жүйенің ішкі элементтері маңыздылығын, мысалы мәліметтер құрылымы ұсыну үшін қолданады. Маңыздылық класстарын анықтау үшін қолдану нұсқаларын суреттеуді, концептуальды модельді және қызмет диаграммасын суреттеуді зетррейді. Осындай жолмен алынған үміткер-класстар тізіміндегі заттық облысқа енбейтін сөздерді, тілдік сөздерді өшіре отырып іріктейді. Қалғандар арасынан жай-күй мен мінез-құлыққа ие объектілерден үміткер-класстарды теріп алады.
Шектік класстар әрекеттегі тұлғалар мен ішкі жүйе элементтерінің арасындағы іс-әрекетті қамтамасыз етеді. Бұндай түрге пайдаланушы интерфейстерді таратушы класстармен қатар интерфейсті аппараттық құралдар немесе бағдарламалық жүйелермен қамтамасыз ететін класстар да жатқызады. Шектік класстарды табу үшін екі жұп – «әрекет етуші тұлға – қолдану нұсқасын» тексереді.
Басқарушы класстар бір немесе бірнеше қолдану нұсқаларына салынған мінез-құлық бірізділігін модельдеуге қолданады.
Үміткер-класстар мен басқа да ресурстардың саны көп болса, онда оларды топ-пакеттерге біріктіру мақсатқа лайық болып табылады. Объектілік көзғарас кезіндегі пакет деп класстар мен басқа да бағдарламалық ресурстардың, және пакеттердің өзінің жиынтығын айтады. Пакеттерге біріктіруді тек үлкен жобаларды құру, класстар саны ыңғайлылығы үшін ғана қолданады.
Пакеттер диаграммасы жобаланатын бағдарламалық жүйелер қандай бөліктерден тұрады, және олар бір-бірімен қалай байланысқанын көрсетеді.
Пакеттер арасындағы байланыс бір пакеттегі өзгеріс басқа пакетке өзгеріс әкелетін болса оларды бекітеді. Олар пакеттерге біріктірілген класстардың сыртқа байланысы мен басқа да ресурттармен анықталады.
Ең жақсы технологиялық сипаттамаға әр пакетке осы пакеттердің барлық ресурстарының сипаттамасы бар интерфейске ие нұсқалар жатады және пакеттердің өзара әрекеттесуі осы интерфейс арқылы жүзеге асады. Пакет ресурстарын тарату барысында өзгеріс болса ол басқа пакеттерге тимейді.
Бадарламалық жүйенің барлық пакеттері байланысты болып келетін пакеттерді ғаламдық деп атайды. Мұндай пакеттердің интерфейстерін ерекше мұқият жобалау керек, себебі олардағы өзгеріс өңделетін жүйенің барлық пакеттерін тексеруді талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет