Лекциялар жинағы кредит саны 3 Шымкент-2021 мазмұНЫ



бет27/38
Дата29.03.2023
өлшемі1,55 Mb.
#77175
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38
Байланысты:
Лекциялар жинағы 2020-2021

Қызмет диаграммасы. Қызмет диаграммасының нақтылау дәрежесіне байланысты класс диаграммалары сияқты өңдеудің әр түрлі кезеңдерінде қолданады. Талаптарды талдау және қызмет диаграммасының ерекшелігін анықтау кезеңі өңделетін бағдарламалық қамтаманың негізгі функцияларын нақтылауға мүмкіндік береді.
Бұл жағдайда қызметті қолмен немесе автоматтау құралдарының көмегімен орындалу керек тапсырма (операция) деп түсінеді. Қолданудың барлық нұсқаларына өз тапсырмаларының бірізділігі сәйкес келеді. Теориялық тұрғыда қызмет диаграммалары қолданудың талданатын нұсқасын таратушы алгоритмнің жалпылама көрінісі болып табылады. Диаграммада қызмет дөңгеленген бұрышты тік төрт бұрышпен белгіленеді. (6.12, а сурет).
Қызмет диаграмалары балама және параллель процесстерді бейнелеуге мүмкіндік береді. Балама процестерді белгілеу үшін ромб (6.12, б сурет) қолданады. Осы блоктың көмегімен кезеңдік процесс құруға болады.



а - қызмет; б - таңдау; в синхронизация сызғыштары, г - басы; д – соңы
6.12. сурет. Қызмет диаграммасының шартты белгілері:

Параллель процестерді белгілеу үшін синхронизация сызғыштарын қолданады. (6.12, в сурет), синхронизация шартын оны диаграммада көрсетіп анықтауға болады. 6.13 суретте «1 Қызмет» және «2 Қызмет» параллель орындалуы мүмкін екендігі көрсетілген.



6.13 сурет. Процесстердің параллельділігі көрсетілген қызмет диаграммасының мысалы

Ерекшелігін анықтау кезеңінде шешілетін мәселелердің маңыздылығын түсінуге аздық ететін қысқаша суреттеу тек қолдану нұсқаларын анықтауда ғана белгілі бір мәнге ие болады. Осылайша қызмет диаграммасы қолдану нұсқаларын суреттеу орнына немесе оған қосымша ретінде қолдануға болады.




Бақылау сұрақтар мен тапсырмалары

  1. Объектілік декомпозиция маңыздылығы неде?

  2. UML тілін не үшін қолданады? Неге оны моделдеу тілі деп атайды? Объектілік өңдеуді суреттеу стандарты ретінде дәл осы тілді таңдау немен ескертілген?

  3. Объектілік көзғарас кезінде бағдарламалық қамтама ерекшелігі ретінде қандай диаграммаларды қолданады?

  4. «Қолдану нұсқасы» дегеніміз не? Қолдану нұсқасы диаграммасы қалай құрылады, және ол қандай ақпараттарға ие?

  5. Заттық облыстық концептуальды модельдері не үшін керек? Оларды құру әдістемесін түсіндіріңіз.

  6. Заттық облыстың негізгі түсініктері арсындағы қандай қатынастар концептуальды модельді көрсетеді?

  7. UML – дің қандай диаграммалары өңделетін бағдарламалық қамтаманың мінез-құлқын суреттеуде пайдаланады?

  8. Жүйелік оқиғалар мен операциялар дегеніміз не?

  9. Векторлық графиканы суреттейтін қарапайым графикалық редактор ерекшелігін көрсетіңіз. Осы жағдайда қандай диаграммаларды құру мақсатқа лайық?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет