Лекциялар жинағы кредит саны 3 Шымкент-2021 мазмұНЫ



бет22/38
Дата29.03.2023
өлшемі1,55 Mb.
#77175
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
Байланысты:
Лекциялар жинағы 2020-2021

Варнье-Оррдың әдістемесі. Варнье-Орр әдістемесінде бағдарлама құрудың негізгісі болып шығыс мәліметтердің құрылымы болып табылады, ал егер кіріс мәліметтердің құрылымы шығыс құрылымына сәйкес келмесе оларды ауыстыруға болады. Осылайша соқтығысудың негізгі себебі жойылады.
Дегенмен тәжірибеде кіріс мәліметтердің құрылымын қайта қарауға мүмкіндік бола бермейді: бұл құрылымдар қатаң түрде беріліп қоюы мүмкін, мысалы, егер басқа бағдарламаларды орындау кезінде алынған мәліметтер қолданыста болса бұл әдістемені сирек қолданады.
Жоғарыда айтылған Джексон мен Варнье-Оррдың әдістемелері егер өңделетін бағдарлама мәліметтері иерархия түрінде немесе иерархиялар жиынтығы ретінде ұсынылса ғана қолдануға болады


1.6. Талдау мен жоспарлаудың әдістемелік құрылымына
негізделген Case-технологиялары
Осы кезеңге дейін талдау мен жоспарлаудың құрылымдық талдауы белгілі әдістемелігінің көпшілігі CASE - құралдарына сәйкес қолдану тәжірибесі жинақталған. Мәліметтер ағыны диаграммасын қолданатын әдістемелік құрылымдар көп қолданысқа ие. Бұл екі себепке байланысты:

  • функциональдық диаграммаларға қарағанда ағындар диаграммасы нақтырақ, олар қазіргі уақытта көпетеген ақпараттық жүйелердің ерекшелігін көрсетеді: өңделетін ақпараттың түрлілігін талап етпейді, мәліметтерді сақтау мүмкіндігін қарастырады, сыртқа әлеммен өзара әрекеттесуді нақтылайды, бағдарламалық қамтаманың кешендік модельдерін алуды және т.б. қарастырады;

  • жобалық ерекшеліктер құру әдістемесі (Джексон немесе Константайн құрылымдық карталары) осындай ерекшеліктерді автоматты түрде құруға мүмкіндік беретін мәліметтер ағыны диаграммалары бойынша өңделгенү.

Соңғы уақытта бағдарламалық қамтаманы өңдеудің объектілік-бағдарлау құралдары үлкен таралымға ие болғанына қарамастан, құрылымдық әдістемелер іске асырылуда. Оларды көптеген бағдарламалық өнімдерді өңдеу кезінде қолдануда, мысалы, мәліметтер базасы негізгі бөлік болып табылатын жүйелерге талаптарды нақтылау үшін, мәліметтер ағыныа диаграмалары да өте жиі қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет